Ето'о Анжиде


Махачкаланың Анжиі Камерундің шабуылшы Самуэль Это'оны Интерден сатып алды. Бұл туралы Интердің сайтында жарияланыпты. Это'Оның құны 36 млн евроға бағаланса керек. Ол алдағы 3 жылда Анжиден 30 млн евро жалақы алады екен. Ол 99 нөмірмен өнер көрсетеді. Анджи бұл жылы трансфер маркетінде үлкен қадамдар жасады. Бұған дейін олар Роберто Карлосты, Юрий Жирковты сатып алған болатын.
Бөлісу:

8 пікір

patick
Махачкала Еуролигаға шыққысы келедімана.
Nurgisa
Керимов олигарх сатып алғасын тасы өрге домалап кетеді-ау дегенге сену шынымен қиын. Көп сыншылар бұл сатып алулардың тек даңғой іс екенін алға тартады. Карлостың, Самуельдің және Жирковтың командадағы ойын өрнегін жүзсексен градусқа ауыстырып, серпін береріне сене алмаймын. Бұлар екі сезоннан артыққа шыдамайды, айтпады демеңдер. Зейнеткерлікке шығар алдын күшті бонус тек қана олар үшін. Оны мәмілесуші қос тарап та жақсы ұғынатын сияқты, бір қызығы
asaubota
орыстарда мындай лозунг бар: «Российский футбол без А.Т.А.С (Анжи, Терек, Алания, Спартак Нальчик)

кавказдық командаларды әлейі шығарып отыр саясат үшін. орыстарға бұл ұнамайды. мәскеулік фанаттар тобы тіпті бұл командалардың ойындарына игнор қойды, бармайды.

Этооға да банан лақтырады әлі, көресіңдер.
saken
менің де таңым бар, экономикасы әлдеқайда жоғары Мәскеулік командалар таба алмай жатқан ақшаны Кавказдықтар қайдан тауып жатыр екен деп. Бұл арада «ақша тазалаудың» тағы бір жолдары жүріп жатырғандай.
Ottegin
Кавказдықтардың қайралып, қатая түсуіне себеп бар екен, әрбір бананға бір голмен жауап берілсе, кейін бомба да лақтыруы мүмкін
Zako
Еее, хайуанаттар бағында Саваннаның жирафтары бар. Бұл да сол сияқты жағдайдың дәл өзі.
Пікір түзетілген: 28 тамыз 2011, 02:05
meirzhan
Ето«о бір голды соғып үлгерді.