Screenr.com: Скринкаст жасайтын тегін онлайн бағдарлама

Интернет — дұрыс пайдалана білгенге өте-өте тиімді. Пайдаңызға жарайтын бір бағдарлама тауып алдым жақында: screenr.com Бұл — компьютердегі жұмыс үстелінде жасаған әр әрекетіңізді видео ретінде сақтайтын бағдарлама. Интернет қолданушыларының компьютерлік бағдарламалар жайлы бөліскісі келетіні болады. Шет елдерде бұл-видео арқылы тәжірибемен бөлісу әдісі-кең таралған. Біз де бұл әдісті үйреніп алып, өзіміздің білім беру контентін көрнекі, интерактивті түрде ұсынуды қолға алуымыз керек деп ойлаймын.
Әрі қарай

Қазақ қызы

Ана тiлi мен қазақ қызы. Маған осы екi сөз бiр-бiрiнен ажырағысыз табиғи тұтасып кеткен киелi ұғым тәрiздi көрiнедi. Аңғарғанға ананың ақ сүтi мен аялы алақанысыз ана тiлiнiң қанат жаюы мүмкiн бе, сiрә. Менiңше, мүмкiн емес.
Мен бұл тақырып бойынша сөз қозғау үшiн көп ойландым, көп толғандым. Қазақтың халық өлеңдерi мен мақал-мәтелдерiн, ертегi-аңыз әңгiмелерi мен эпостық жырларды, қазақ жазушылары мен жыраулар дүниелерiн, ғұламалар толғауларын шарлап шықтым. Өз аналарымыз бен әпке, қарындастарымыздың тағлымға толы табиғатын барлап, көз алдымызда, алақан аясында өскен және бiлiм, ғылым саласындағы қыздарымыз бен немерелердiң алып отырған тәрбиемен өнегесiн ой әлемiнен өткiзiп, саралап шыққандай болдым.
Рухани тарихымыздың тарғыл беттерiн парақтасақ, қазақ қыздары мен қазақ әйелдерi, жалпы аналар әлемi туралы толғанбаған тұлғалар сирек екен. Оның үстiне жүрек тербер, сезiм қоздырар қазақтың халық әндерiне, немесе мақал-мәтелдерiне бiр сәт көңiл аударып көрелiкшi.
Әрі қарай

Суыр сасық, су қайда???

Ежелгііі заманда сиыр малы ерекше сұлу әрі жүйрік болыпты. Сонысын бұлдап, өзі және тәкаппар екен. «Менен ешкім оза алмайды» деп астамсып кетіпті. Барлық жануарлар бірігіп бір күні жылқыға келіп айтыпты «Осы сиырмен жарысып көрші, бәлкім озып, тәубасына түсірерсің» деп. Жылқы ойланып, ойланып келісімін береді. Мұны естіп сиыр «Піштуу» деп миығынан күліпті.
Әрі қарай

Ұлы Плагиаторлар Орденінің мүшесі, оның мәртебелісі Гильермо Велверда

Эквадорлық «Masosh» былғары илеу компаниясы лого керек болып, жергілікті жынД дизайнер Гильермо Велверда келіпТ.
Келісілген күні алқаш амиго келесі жұмысты тапсырыпТ:
Әрі қарай