ipleer.kz -ән тыңдағың келсе...

Бұл жазбаны «Пайдалы сайттар» қауымдастығына салмақшы болып едім. Жаңа нұсқаның қауымдастыққа қосылу тетігін таба алмадым(((.
Сонымен, компыңыздағы әндерден жалыққан кезде онлайн музыка тыңдай салуға енді сіздегі интернет жылдамдығынан басқа(егер баяу болса) ештеңе кедергі емес. Себебі, бұл сайтта өлең тыңдау үшін тіркелудің еш қажеті жоқ. Тағы бір жақсы жері жүктеуге де шектеу жоқ. күніне қанша өлең жүктеймін десең де өзің білесің.
Сайтқа тіркелсеңіз, сіз өзіңізге "ән парақшаларын" құрастырып алып сүйікті әндеріңізді үздіксіз тыңдай аласыз. Бұл сайтта қазақша әндермен қоса шетелдік әндердің қоры да жеткілікті.
Сайтқа сілтеме
Әрі қарай

"ОккупайАбайлықтар" Қарағандыда

Бастауын Ресейдің Москва қаласынан алған «ОккупайАбай» қозғалысының көлемі осылайша үлкейіп кетерін басында ешкімде білмеген шығар?! Ресейдегі сайлаудың нәтижесіне көңілі толмаған қарағандылық орыс жастар наразылық шарасы ретінде 18-ші мамыр күні Абай ескерткішінің жанына жиналып, соткаларынан музыка тыңдады.

Жаңбыр,жаңбыр жау,жау, қара биені сау,сау....

«Сәуір жаумай тәуір болмайды» деуші еді үлкендер. Мамырдың бас жағында жауын жауды норма болатын шығар енді. Айтайын дегенім мынау еді.
Бала кезімізде жаңбыр жауса «Жаңбыр, жаңбыр жау, жау, қара биені сау, сау....» деп айқайлайтынбыз. Неге олай айқайлайтынымызды әлі түсінбеймін)))
Дауыл соғып, құйын болса «Таздың үйіне бар», «Пышақ әкел, балта әкел» деп айқайлайтынбыз. Бұның бәрі алдымыздағы үлкен балалардың айтқандарын қайталаудың әсері. Бірақ, бастауы қайдан шыққанын кім білсін.
«Самалет--ау, самалет, мені өзіңмен ала кет» деген тіркес түсініктілеу енді. Самалетке мініп ұшқысы келмейтін бала болушы ма еді?
Әрі қарай

Кәріс халқының хертегісі. "А Сан мен Ү Сен"

А Сан байдың баласы екен. Ү Сен болса, кірпіш «Samsung» алуға да жағдайы жоқ кедейдің баласы екен. Бір күні екеуі 1 мамырда класпен бірге пикникке барыпты. Қара басып ұйықтап қалып, автобустан қалып қойыпты. Жеті сағат, жеті минут, жеті секунд дегенде үйлеріне әрең жетіпті.
Әрі қарай

ЖАСТАР ПАРЛАМЕНТІ


Жастар қашанда елдің басты күші болып саналған. Олар ел саясатына белсенді араласуы керек, ел экономикасына қызығушылық танытуы тиіс. Осы мақсатта 2003 жылы құрылған Жастар Парламенті бүгінгі күнге дейін өз қызметін жүйелі түрде атқаруда. Аталмыш ұйым Қазақстан Республикасы Парламентінде практикадан өтетін жас студенттердің осы ісін ары қарай жалғастыру мақсатында құрылған. Яғни, Жастар Парламентінің мойнына артылған жүк, ҚР Парламентінікінен кем емес. Құрамы Төраға, Спикер, Аппарат жетекшісі, сонымен қатар олардың кеңесшілері мен орынбасарларынан құрылған топ, бірнеше шаралар мен айтулы істерді де атқарып үлгерді. Ең алғаш Жастар мәслихаттарына сайланғандардың 64 пайызы — ерлер, 8 пайызы -жұмысшы жастар, 14 пайызы-ауыл жастары, 41 пайызы-жастар ұйымдарының өкiлдерi болған.
Жалпы Жастар Парламенті немен айналысады? Жастар Парламенті елімізде қабылданып жатқан заңдарға араласуға, сол жайында өз пікірін білдіруге, оны талқылауға құқылы. Мәселен, ҚР Парламентінің талқылауға берген заңдарының арасында «Жастар саясаты туралы», «Тауар биржасы туралы» заң жобаларын және т.б. атап айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда, Жастар Парламенті –еліміздегі бүкіл жастардың ойын, көзқарасын, қалауын, ұсынысын билікке жеткізуші ұйым. Ол Қазақстан жастарының заң шығаруға араласуына тікелей жол ашады. Сондай-ақ, бұл ұйым қайырымдылықпен айналысады, жыл сайын еліміздегі өзгеде студенттік ұйымдармен дөңгелек үстел, конференциялар өткізіп тұрады.
Бұл ұйымға кез келген 18 жас пен 29 жас аралығындағы ҚР азаматы мүше (депутат) бола алады. Жастар Парламенті Депутатын сайлауда оның жеке сипаты, яғни жынысы, ұлты, діні т.б маңызды фактор болып табылмайды.
Әрі қарай

Сенің атың-Ерлік!

Ауруханада түрлі адамдар жатады. Сәйкесінше түрлі оқиғалардың басты кейіпкерлері сенің айналаңда деп біле беруіңе болады. Палатадағы Ерлік атты жігіттің оқиғасы тіпті күлкілі.
Үйінен келген азын аулақ ақшаның бір бөлігін қалтасына салып ап(5000 теңге) базардан анау мынауын алмақ болады. Шамамен мың теңгедейін ғана жұмсап үлгерген жігітті біреу иығынан тартып тоқтатыпты. артына қараса бір сыған қатын" Сенің атың Ерлік. Сен КарГудың 3-ші курсында оқисың" депті. «Сені не күтіп тұрғанын айтайын шамалы тиын бер»деген қатынға кейіпкеріміз мың теңгесін беріпті." Сен келесі жылы оқуды жасыға бітіресің, жақсы жұмысқа тұрасың үш жыл ішінде облыс деңгейіндегі басшылықтардың біріне барасың" деп зуылдатып бара жатыр дейді тағы мың теңгесін алып алған сыған қатын. Обшым, екі мың теңгеге өзінің жарқын болашағын біліп алған Ерлік екі езуі екі құлағында, базарға не үшін келгенін ұмытып, автобусқа отырып алып үйіне тартады. «Бұл қатын менің Ерлік екенімді, 3-ші курс студенті екенімді қайдан біліп қойды» деп ойланып келе жатқан Ерекеңнің көзі кеудесіндегі бейджигіне түсіп кетті…
Әрі қарай

Кезекті Мини Блог құрылтай



Кеше Керуендегі кезекті "кворумда" керектегі кейіпкерді көзімізбен көрдік.
Ол — Teriskey. Қош келдің Астанаға!

деп сіздермен жақсы жаңалықтармен бөлісейін:

— Алматыдағы белсеңді үйлестірушіміз — Айкона блокнот пен қаламдарға тапсырыс берді. Алла қаласа, сейсенбі күні дайын болады. (Блокноттар саны шектеулі, құрылтайға ертерек келіңіздер, жетпей қалса, ренжімессіздер)
Әрі қарай

Басталды

Бүгін жексенбі. Бірақ біз үшін апта басталып кетті. Бүгін жұманың сабағын оқып келген студенттердің ертең сенбі екен деп жүргендері қаншама ) Бірақ бүгінгі күн дүйсенбідей ауыр болды.
Осы апта негізі тамаша өтті. Не дегенімен көктемнің алғашқы мерекесі сегізінші наурыздан кейінгі көңіл-күй жақсы. Құшақ-құшақ гүл , құттықтаулар, тынымсыз телефонның шылдыры, тола СМС… Көктем деген тамаша ғой
BlogCamp: Басталды

Блог құрылтайдың болатын күніне де небары 11-ақ күн қалды . Осыдан дәл бір жыл бұрын
Әрі қарай