Кезекті Мини Блог құрылтай



Кеше Керуендегі кезекті "кворумда" керектегі кейіпкерді көзімізбен көрдік.
Ол — Teriskey. Қош келдің Астанаға!

деп сіздермен жақсы жаңалықтармен бөлісейін:

— Алматыдағы белсеңді үйлестірушіміз — Айкона блокнот пен қаламдарға тапсырыс берді. Алла қаласа, сейсенбі күні дайын болады. (Блокноттар саны шектеулі, құрылтайға ертерек келіңіздер, жетпей қалса, ренжімессіздер)

— Баннерлерді Алматыдан Ербол шығаратын болды.

— Айгерім пәтерлерге бронь жасап жатыр.

— Қазақстанның түкпір-түкпірінен құрылтайшылар (өздері келе алмаса да) демеушілік танытып жатыр.

Не істеу керек?
— Видеоларға бас-көз болатын адам керек.
— Наурыздың 21-інде универде жиналу керек (кофе-брейкке, тіркеу жеріне арналған стол, орындықтар қою үшін, жалпы аудиториялардың қайда орналасқанын көріп, таныса беру үшін).

Пысы: Ұмытпай тұрғанда. Блог құрылтай — адамдармен танысу алаңы: бұл жерде жақсы жобалары бар адамдар демеуші тауып алуы мүмкін, немесе бар болған сайтты ары қарай дамыту жолдарымен танысу мүмкін. Сол үшін визитка, жобаңызды көрнекі түрде жеткізетін бір буклет дайындап қоюыңыз артықтық етпес.
Хабар үзбеңдер!
Бөлісу:

16 пікір

kokbori
— Наурыздың 21-інде универде жиналу керек (кофе-брейкке, тіркеу жеріне арналған стол, орындықтар қою үшін, жалпы аудиториялардың қайда орналасқанын көріп, таныса беру үшін).
Жетілерде барсақ үлгіреміз бе?
talgatjez
Сол уақытты ақылдасу керек. Нешеде барсақ екен?
eldar
біз Алматыдан 21 шығамыз, Астанада 22 түске таман боламыз…
araika
Талғатта «К» синдромы

@ Teriskey, неменеге елден бұрын келіп алғансың?
TERISKEY
мен ғана емес, Кәңвикт те осында! Сен неге мұндай жиын-пиында төбе көрсетпейсің и?
araika
Ғұмырлық жота жастану бұйырмаған болса, әлі талай төбе көрсетерміз немесе әйтеуір бір

Көпшілік ортамен байланысым нашарлау, басты себеп осы шығар
TERISKEY
Рахмет, АРБ, Талғат, қош көрдік. Мұндағы сен, Аршат аға, Нұршат ағалар бастаған ұйымдастырушылар алқасының қызу дайындығына куә болдым. Істеріңізге сәттілік!
patick
ееее, уже жетіп алдым де
asaubota
ху из Нұршат?
TERISKEY
Ой, Нұрғиса аға дегенім ғо
konvict
Мен осындамын. Қара жұмыс істейтін адам керек болса дайынмын.
Gastarbaiter
енді жазға дейін айтатын әңгіме табылд блогерлерге))) Дебістібеннегтер ел дамуына қосқан үлесін, зыттыбайлар шіркінай сол бір түндерді, алқаш амиголар сыра мен саунаны, ал пысықтар сәтті пиар мен сюжеттен түскен тиынын есіне алып, виртуалда ұрсысып керіскендер арасында реалдағы әмпәй жәмпәй жалғасып ұзақ уақыт мейірім шапағаты орнайды. Келесі жылдың интригасына айналатын жаңа поток келгенше)))
AKY
 Cен ше, сен? Келмейсің?
Daniar-Alan
Келесі жылдың интригасына айналатын жаңа поток келгенше
ыхаха