Абдулаи Диакате: «Тараздан» кеткім келмейді

Қазақстанда доп теуіп, нәпақа тапқан тәжірибелі шетел футболшылары жетерлік. Сондай футболшылардың бірі Абдуллаи Диакате. «Тараз» футбол клубында еліміздің намысын қорғап жүрген сенегалдық жартылай қорғаушы бұған дейін Түркияның бірінші лигасында ойнаған. Жақында 23 жасар футболшымен тілдесудің сәті түскен еді.

– Абдуллаи, Қазақстанға биыл бірінші рет келіп отырсың. Командаға қаншалықты бой үйреттің?
– Бастапқы кезде тілге байланысты қиындықтар туындаған. Қазір бірте-бірте оған да үйреніп келемін.
– Тіл демекші, қазақша қандай сөздер үйрендің?
– Әзірге «Сәлем», «Қалайсың?», «Рахмет» деген сөздерді ғана үйрендім.


Астаналық Локомотив футбол командасы бұдан кейін Астана деп аталатын болды. Бұл туралы сөз шыққан кезде 1-лигада ойнап жүрген Астана футбол клубының жанкүйерлері интернетте шу көтерген еді. Сол сөз кеше ресми түрде расталды. Клуб бұдан кейін Астана
