Блог Құрылтайдан кейінгі ойлар



Препати
Айжанмен бірге мен де қорыққам адам жетпей қала ма деп. Ойлағанымыздан көп адам келді. Көңіл сиса бәрі сияды дегендей бәріне орын табылды. Блогшылардың бір бірімен араласып кетуі үшін, ертеңгі құрылтайдың жақсы өтуіне де осы препатидің әсері болды деп ойлаймын.
Әрі қарай

Өтті блогкэмп осылай...

Әне-міне дегенше блогкэмп те өтіп кетті. Блогкэмп маған қатты ұнады. Астаналық блогшылардың біраз тер төккені көрініп тұрды. Осы орайда, Алдан, Админ, Талғат, Сәлімгерей, Айжантабын бастаған бір топ блогшыға рахмет айтқым келеді. Өкінішке орай блогкэмпте бәрімен танысып үлгермедім. Алайда, виртуалда танитындардың бәрін көре алдым. Енді әңгімені көп созбай блогкэмпті менің фотоапаратым қалай көрді екен, соған кезек берсек:

Препати
patick пен Erbol Азанбек
Әрі қарай

Блогкемп 2012-ден Блогкемп 2013-ке



Бісмілләсі былтыр Алматыда айтылған құрылтай биыл Арқа төрінде арқасын кең жайды. Назарбаев Университет іргесін қалағалы блогшылардың осынау шоғырын қарсы алуы алғашқы рет шығар. Әдеттегідей, еріктілердің бейресми/ресми басқосуына ұйытқы болғандар аз болмады. Біріге көтерген жүк жеңілдің кезекті жарасымды мысалы болды бұл.

Былтырғы алматылық мақсаттастарымыздың пәрменіне қарап, елордадағы біздің бастапқыда аздап шайлыққанымыз рас. Дәл сондай деңгейде үйлестірушілік болады ма,
Әрі қарай