Блог Құрылтайдан кейінгі ойлар
Препати
Айжанмен бірге мен де қорыққам адам жетпей қала ма деп. Ойлағанымыздан көп адам келді. Көңіл сиса бәрі сияды дегендей бәріне орын табылды. Блогшылардың бір бірімен араласып кетуі үшін, ертеңгі құрылтайдың жақсы өтуіне де осы препатидің әсері болды деп ойлаймын.
Афтепрепати
Препатиден кейін КерекИнфошылар бір кафеде жиналдық. Басында жігіттер болып отырамыз деп, ErnuR, patick үшеуіміз кафе іздеуге кеткенбіз. Табылғаннан кейін жігіттерге хабарластық. Қыздар да келгісі келеді дегесін оларды да шақырдық. Ол жерде де орын жетті, жақынырақ таныстық басқалармен. Жақсы таныстырулар, қызық әңгімелер болды. Ертең ерте тұру керек деп түнгі 12 жарымдарда тарастық.
Назарбаев Университеті
Биылғы бір кемшілігіміз — қаражаттың аз болуы. Былтырғыдай құрылтай атрибутикасын молынан тапсырыс бере алмадық. бұл олқылықты Назарбаев Университетімен жаптық деп ойлаймын. Шынымен керемет ғимарат. Тек көлемінің ұзын болуы біраз адамның аяғын шаршатқан сияқты.
Жаңа жүздер
Жылдағыдай бұрын виртуал таныс адамдармен оффлайн өмірде танысудың сәті түсті. Біраз адамды бұрын көрмеппін. Құрылтайдың арқасында танысып қалдық.
Баяндамалар
Баяндама саны аз болды. Аудиториялар да кішкентай болып, адамдар симай қалды. Алдағы уақытта мұны ескеру керек сияқты. Сондай-ақ бір қателігіміз — өзімізге таныс емес адамдардың баяндамаларына бармауымыз. Мұны кейін ғана ойладым. Онсыз да танитын адамдарымыздың не айтатындарын онсыз да көріп, тыңдап жүрміз ғой. Одан да жаңа адамдардың баяндамаларына бару керек еді. Өз абсым келесіде осыны ескергім келеді. Сосын кей баяндамалардың тақырыбы жақсы болғанымен, жеткізілуі қиын болды. Мысал ретінде айтар болсам Димаш пен Нұрғиса ұзақ сөйлеп кеткен сияқты. Көп әріп адамды жалықтырып жібергендей. Патиктікі ұнады. Қысқа, нақты, жалықтырмады.
Қортындыда жас блогерлерге стимул болсын деп, соларды марапаттауға тырыстық.
Афтепати
Университеттен кейін бірден жігіттердің пәтеріне барып, қортынды жасадық. Жақсы отырыс болды. Қатты қызып қалмай тұрғанда отбасылы үшеу үйлеріне қайтты. Бізден кейінгі қызықтарды кейін ауызша естідік.
Астаналықтар
Биыл қатарымыз көбейіп келе жатыр. Үйлестіру комитетіне алғысымды айтамын. Біз пәлендей ештеңе істемесек те жастар жағы барынша қолдан келгендерін істеді. Астанада да қоғам бола алатын блогшылар бар екенін көрсетті. Мың респект оларға!
Астаналықтардың біразы келмей қалды. Қызықтан құр қалды олар
Секс символдар
Биылғы құрылтайдың секс символдары деп Алдан мен Айқаракөз Эльвираны айтар едім. Дұрыс түсініңдер бұл сөзімді. Жыныстық тұрғыда тартымды деген тіке мағынасында емес, осы құрылтайдың 2 жарқын фигурасы дегім келеді.
Ауа райының онша емес болғаны қатты ұнамады (негізі, наурызда емес, көктемнің соңы болса жақсы болар еді).
Осы жылы уақыт та жетпеді, ақша да жетпеді. Жұмыс бастылармыз көбіміз (бәріміз), содан ойдағы көп мәселе іс жүзінде аспай қалды.
Алайда, блогшы қауымның көптігі және ауызбіршілігі қуантты. Талай қызықтар болды ғой. Мен керегімді алдым)))))
kazjur.kz/2012/03/26/blogcamp2012-%D1%84%D0%BE%D1%82%D0%BE%D0%B1%D0%B0%D1%8F%D0%BD/
анауне??? o_OКөшіріп алу.
ктің афтепатиіне бара алмадым. Дәл сол секілді афтепатидің препатиінде де бола алмадым.Дегенмен, рахмет, еу, секс-символ қылғаныңа, тем более, Айқаракөзбен бірге…
қыздардан ол, балдардан сен дегенім ғо.