Байқау! Байқау! Байқау!

Достар, наурыз айына жоспарланып отырған блогшылар құрылтайы таяп келеді. Егер дабай-ға қатысушы ретінде тіркеліп үлгерсеңіз, блогкэмп аясында өтетін блогшылар байқауына да қатысуға асығыңыз!!!
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ
Мақсат — қазнеттің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген блогшылар қауымын ынталандыру, блогосфераның дамуына жағдай жасау;
БАЙҚАУҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?
Байқауға айына кемінде үш жазба жариялап тұратын, қазақ тілінде жазатын (немесе жазбасының 50 пайыздан астамы қазақ тілінде) кез-келген блогшы қатыса алады.
БАЙҚАУ ШАРТЫ
Байқауға қатысқысы келетін әрбір блогшы:
- арнайы тіркеуден өтуі тиіс;
- байқауға бір блогты тек бір ғана номинация бойынша ғана ұсына алады;
- есесіне бір немесе одан да көп блогты қатыстырта алады;
- сонымен бірге өзге де блогтарды ұсына алады.

Жаман әдетіме басып, кешігіп бардым (жұмыстан кештеу шығып қалғам). Әрі кетсе 5-6 адам болатын шығар десем, ұзын үстелді қоршай 20 шақты адам отыр екен, кәдімгідей ыңғайсызданып қалдым. Араларында Қазақтелеком өкілдері мен депутат ағай да бар екен)) Анау – Нұрғиса, мынау — Өркен, қарама-қарсы – Ерлан Оспан. Бұлар «танитын» адамдарым) Кейін Аршат келіп қосылды. Қалғандарын мүлдем шырамытпадым. Артынан олардың жорналшылар екенін түсіндім.



