Құрылтай күндері Астанада ауа райы



Астанада 22-23-24 наурыз күндері жауын-шашынды болады деп жатыр метереологтар. Қар аралас жаңбыр жауады, ештеңе араласпай құр жаңбырдың өзі де жауады. Күн де салқын болады. Жылы киініп келіңдер.

Толығырақ мында.
Әрі қарай

Блог Құрылтайдың 9 ережесі

BlogCamp: Блог Құрылтайдың 9 ережесі

1. Блог Құрылтайға қатысушылар шақырылмайды. Тек құлақтандырылады.
2. Қатысуға ниет танытсаңыз, аты-жөніңіз бен презентация тақырыбын тіркеу формасында көрсетуіңіз шарт.
3. Блогыңызда, twitter-де т.б. жолдармен “ Блог құрылтай” тыныс-тіршілігін баяндап жүріңіз. Әрі #blogquryltai2011 деген ілмекті қолданыңыз.
Әрі қарай

Мені көрген блогкэмп. ИМХО

Бұл жазбаны ешқандай конкурсқа ұсынбаймын. Блогкэмптегі әсерім ғой. Алда-жалда жүлдеге лайықты деп жатсаңдар, үшінші орынды бере салыңдар
Кіріс*
Басында Шымкентке бармаймын деп ойлаған едім. Ауылға барып наурыз өткізу, көмектесу тәрізді жұмыстар блогкэмпке баратын жолымды жапқандай көрінген. Наурыз мерекесі күні таңертең қым-қуыт басталды да, ештеңе ойлауға мұрша болмады. Бір қарасам ұялы телефоныма хабарлама келіп түсіпті. «Наурыз құтты болсын!» Кобус Блок. Әлі ешкімге хабарласпағаным, оның үстіне алғаш болып шетелдік мені құттықтағанына ұялып кеттім. Бірден телефонға жармасып, «А» әріпінен басталатын контактілерге қоңырау шала бастадым. Аты «А»-дан басталатын блогшылар көп екен менде. Олардың дауыстарынан-ақ блогкэмптің аурасы, құрылтайдың қызықты өтетіні бірден сезілді. Соған дейін «барайын ба, бармаймын ба?» деген сұрақ ойландырып келсе, блогшылармен сөйлескеннен кейін нақты шешімге келдім. Барамын! Аман-есен наурызды өткізгесін, 23 күні таңертең «Шымкент қайдасың» деп тартып кеттім.
Әрі қарай

Блогкемп, Ақтөбеліктің көзімен

Армысыңдар достар! Сол тойдың болғаннан боладысы қызық деген, құрылтайды да бітірдік.
Астана, Бәйтерек… деп қиялдап кеткен дейсің 
Аман-есен жетіп елге, күнделікті орнымда, компымда клаваны тыңқылдатып отырған жай, міне… Бірінші кезек мен үшін жылына бір болатын достармен кездесу маңызды. Жаңа керек қолданушыларды да көріп, танысқаныма қуаныштымын.
Әрі қарай

Афтепати Алматы стайл

Құрметті, блогтар және олардың иелері.
31 наурыз күні, сенбіде Алматылық блогшылар бас қосайық. Астанадағы құрылтайды қорытындылайық, айтылмай қалған нәрселерді ортаға салып, еске алайық.

Сонымен, сенбі күні кешкі 19-00 де, әдеттегідей Арбаттағы «Сити» кафесінде бас қосайық. Кешті әрі қарай пожоскыму жалғастырам дегендерге де ұсыныс бар

Келіңдер.
Әрі қарай

"Азаттық Радиосы": Блогшылар құрылтайы туралы



пысы. Мақпалдың ұйытқы болуымен «Азаттық» радиосы да ақпараттық демеушілеріміздің қатарынан табылды. Құрылтайдан тікелей хабар таратқан Мәди мен Артурға үлкен алғысымды білдіремін. «Азаттықтың» қара дорбасының ішіндегі Абайдың қара сөздері CD дискісі мен Блогстан кітапшасы маған тимей қалды. Біреу-міреуде артығы қалмады ма?
Әрі қарай

Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Иә, шынымен, мерейтойға бергісіз өтті. Банкет, мол дастархан, табақ тарту, бас ұсыну, сыйлық сыйлау, шапан жабу… Додасы бар, доданың жеңгені бар, ән, би… Көңілді. Бірақ әңгіме онда емес.

1-күн

20-түнгі препатиден титықтап шыққан біздер, шаршағанымызға қарамастан 21 күні «Талдықорған, қайдасың» деп тартып отырдық. «Шаршағанымызға қарамастан» деп қоям өзімше, дайын автобус тұрғанда. Жол ұзақ екен. Жолай тау арасына бұрылып, Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік музейіне соға кеттік. Шоқанның көзіндей боп қалған эксклюзив экспонаттарды тамашаладық.
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Сол жерден түскі ас ішіп алып, кешке облыс әкімінің атынан берілген асқа топ ете қалдық. Оркестр…

2-күн

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Таңғы асты іше сала наурыз тойлауды бастап кеттік, алаңда мерекелік шаралардың куәсі боп, концерт көрдік. Одан кейін Алматы облысы өлкетану мұражайы, Алматы облысы көркемөнер галереясы,

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

Тіл сарайы, медиаорталық
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
т.б. жерлерді аралап, жаңадан салынған спорттық кешенде волейбол, футбол ойындарына кірістік. Тіпті су жаңа формамызға дейін дайын екен.
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

Жалғас пен Абылайдың бойындағы жауапкершілікке ризамын, автобуста «ертеңгі ресми бөлімнің форматына уайымдаймыз» деп отырған, кешкілік әлі де көп нәрсенің мәнісіне жете алмай жүрген жастарды жинап алып, жақсылап инструктаж өткізді. Жастармен жақынырақ таныстық. Ертеңгі мастер-кластарда жасқанбай сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісуге кеңес берілді. Тура сол отырыс дұрыс шешім болды, себебі қыз-жігіттердің кескіндерінен «уфф» деген бір жеңілдік байқағандай болдым.

3-күн

Тіркелдік. Папкідегі бұйымдарды көріп жымыңдасқан жамағат. Мына жақта додекаэдр үстел, ана жақта сессиялар. Кешегі отырыстан соң ба, Жалғастың мастер-классына қызығушылық танытқандар көп. «Жалғас ағай, Жалғас ағай» болды да қалды оЧм. Абылай «HTML шәйнектерге» тақырыбына мен аздап көмектескен болдым. Гастаның мастер-классы интервьюге ұласты.
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Өзгелердікіне қатыса алмадым.
Ресми бөлімдегі сессиялар аздау секілді, бірақ бірдеңе үйренем деушілерге жеткілікті болды деп ойлаймын. Әрі қарай өз қабілеттеріне қарай көре жатар.

Ұнағаны: жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық, қонақжайлылық, жастар саясаты басқармасының кез-келген уақытта жанымыздан табылуы, әкімшіліктегілердің қарапайымдылығы, бізге көрсетілген зор құрмет.

Ұнамағаны: тағы да жастар саясаты басқармасының қыз-жігіттерінің кез-келген уақытта (тіпті, қажетсіз кезде) жанымыздан табылуы, балабақшаның балаларындай қақпайлауы, еркін жүріп-тұруға мүмкіндік бермеуі. Оларды да түсінуге болады дегенмен біз де есі дұрыс адамдармыз ғой.

Осы бары. Негізі бұл формат шаршаған. Блогкемптен блогтурға қарай ауысып бара жатыр. Бір тың серпіліс керек.
Әрі қарай