«БлогКемп-2014». Көзілдірік арқылы көзқарас.

Найманмын. Тегін жазуға қан жібермейді. Сосын осы жерге жоламай кеткенмін, бірақ Қарағандыда өткен блогкемптен соң сауап болсын қолыма клава алып отырмын.

BlogCamp: «БлогКемп-2014». Көзілдірік арқылы көзқарас.

Бұрындары еш блогкемпке қатыспағанмын. Менсінбеген соң емес. Ыңғайы келмеді. Блогерлермен таныс-біліс болып, кейбіреулерінің дене бітімін киімсіз көріп жүрсем де құрылтайдың Жаңа жылға сәйкес келуі бөгет бола берді. Биыл сәтін салып көзілдірігімнің көмегімен көріп қайттым. Бұл әркімді құшақтап түскен суретін салатын фотореп емес, нақты ұсыныстар. Талай отырып ой қосыңдар.
Бірінші рет барып тұрған соң блогкемп деген не деген сұраққа жауап іздедім. Гугл әжей тауып берген ақпараттарға сенсем «Блогкемп- блогерлердің бейресми кездесіп, тәжірибе алмасуы» дейді. Яғни, сақа блогерлер жиналады, кездесулерін жуады, жастарды ара-арасында пивіге жұмсап қойып өздерінің жеке тәжірибесімен бөліседі. Сайт жасау, СММ, демеуші табу емес, кәдімгі блог жүргізу, жазу стилі, троллинг сияқты өмірде қажетсіз, бірақ жеке амбицияны қанағаттандыратын нәрселерімен бөліседі. Төрде Мұрат Әбенов пен облыс әкімі, Бекболат Тілеухандар отырмайды. Жалпы төр деген түсінік болмайды екен. Және де көргендер өз пікірлерінде «Блогерлер қарапайым (боғауыз араластырып деп түсініңдер) тілмен «шәйнектердің» көзін ашады» деп жазады.
Осы түсініктегі блогкемп маған ұнады. Әйтпесе кеше сүзгіден өтіп 100 адамның қатарына іліккеніне қуанып, бүгін облыстық газеттер сұқбатына зәру болып отырған жастар нақты блог жүргізу туралы бірдеңе алып қайтты деп айту қиын. Дәлірек айтқанда олар ештеңе алып қайтқан жоқ. Ол ІТ саласы бойынша, сайттты құрудан бастап одан ақша табуға дейін бірсыпыра ақпарат алған болар, бірақ адами блог жүргізу үшін өзіңнің жеке сайтың болуы керек деп түйіп қайтқанына кепілдік беремін. Әрине, жалпы ҚазНетті дамыту үшін олар айтылуы керек, ол үшін АИФ, Шымкенттегі техфорум сияқты шараларды ұйымдастыру қажет.
Бұл айтылған ойлардың Қарағандыда өткен құрылтай ұйымдастырушыларының еңбегін жоққа шығару деген сөз емес. Мін жоқ, барлығы әдемі. Бірақ құрылтай дегеннен көрі форум дегенге түсінікке дәлірек келеді. Өзіміз әлі блогкемп деген не екенін және оның кәйпін түсінбей жүрген сияқтымыз…
Айтпақшы, бейресми болса демеуші қайдан деген сұраққа. Менің түсінігімдегі блогкемп демалыс сияқты болуы керек. Яғни мүдделес бірнеше адам (саны шектеусіз) бейресми келісім арқылы бір демалыс үйіне жиналады. Ешқандай ұйымдастырушы болмайды. Мысалы Бурабай деп алайық. Онда барғысы келген блогер қонақ үйде жатады ма, әлде жеке пәтер жалдайды ма өз шаруасы. Ортадан 4-5 мың теңгеден жинап зал алуға болады. Асхана, мейрамхана да бола береді. Онда тамада, жүргізуші болмайды. Әркім өз қуысында өз тілектестерімен, таныстарымен, тыңдарманымен араласып, дәріс айтып/тыңдап отыра береді. Бір танымал сақа блогерді ортаға қолқа салып шығарып, барлығы тыңдаса да болады. Сұрақ қоюға болады. Тақырып та шексіз. Сонда ғаламтор бетінде бірдеңе сұрасам троллингке ұшырап қаамын ба деп қорқатын «шәйнектер» өзіне қажетті барлық ақпаратты алып қайтады.
Соңы.
Титр.

Сурет мына жерден алынды
Бөлісу:

17 пікір

AKA
"Әкімшілік, саяси бокетті, ресмилік анау-мынау деп айтылуда ғой, бірақ қалтаға салмақ салмай ет пен қызыл балық жеген де жақсы екен, иә?" деп ойлап қалдым. Бұл жәй ой, блогшылардың оған қарап тұрмағанын да, өз қалтамыздан шығарып алғашқы құрылтайдағыдай бірге жиналып қыдыруға да болатынын білемін. Бірақ, әкімшіліктің көмегі расында керек па, жоқ па соны анықтау керек сияқты. Олардың қаржысы қажет болса, онда ресмилік, саяси деген әңгіме болмауы керек, солар қаржы бөлген соң есебі үшін міндетті түрде келеді. Ұрыспаңыздаршы, жәй ойымды айттым.  А так, Қарағандының жасаған құрметі үшін үлкен респект!
Abilakim
Есімізді шала жисақ та сөзіңізбен келісемін. Сіз күткендей блогкэмп болмады. Ресмилігі басым болды. Бірақ, ол алғашқы бірер сағатында болды ғой. Одан кейін демеушіміз біздің не талқылайтынымға араласқан да жоқ, шаруалары да болмады.Мәселе ішіп-жеуде емес екені де рас. Блогшы тамаққа, ақшаға сатылмау керек. Тіркелу форматын ақылы қылсақ бұл мәселе шешімін табады.
kozildirik
Бұл жерде сені немесе жалпы ұйымдастырушыларды кінәлау деген ой жоқ. Жалпы кемп деген түсінікті өзіміздің дұрыс түсінбеуіміз деп айтар едім. Мүмкін мен дұрыс түсінбей жүрген шығармын. Ешкімнен ешқандай қысым болған жоқ, ешкім ештеңеге араласпады, ол рас. Бірақ ресми ғимаратқа жиналған соң ішкі цензурамыз басым болған сияқты. Алдымен өзіміз санамыздағы ресмиліктен арылсақ, үлкен-кіші, жас-кәрі бейресми араласып үйренсек тәжірибе алмасу процесі де жылдамдайтын ба еді деген ой ғой…
Zako
Ішіп-жеу, демалу деген көпшілік блогердің ойында болғанымен, Блогкемптің миссиясы ондай емес. Алғашқы блогкемпке қатысушылар сол кездегі жиынның пайдалырақ болғанымен келіседі деп ойлаймын.
kozildirik
Алғашқыда болғам жоқ жоқ, ол туралы айта алмаймын. Блогкемптің миссиясы да түсінікті, әркім бірәнрсе үйреніп, оффлайнда танысуға келеді. Бірақ аудиторияларға бөлініп алып танысып қажет емес сияқты…
asaubota
жоқ, жоқ, құрдас, біз көрген бұрынғы блогкэмптар да осылай өтті. тек біз саған басқа форматын түсіндірдік, соған нетіп қалғансың ғой
kozildirik
Мен оны зерттедім ғой Гуглдан сұрап. Негізі айтқандарың жобаға келеді. Дәл осылай өтсе ішің пысып кетеді ғой, не бір блог жүргізу туралы нақты ақпарат берілмейді. Тек сайт жасау, жүргізу, СММ сияқты Імәселелер болмаса… ФБда Айсұлтанның көтеріп жатқаны жақсы мәселе ақылы деген. Соны қолға алу керек…
zholantai
кейбіреулерінің дене бітімін киімсіз көріп жүрсем де
қыртыпотқансол,
Aldeken
Бәсе, менің құрдасымнан тегін дүние қайдан шықты деп едім-ау… Бірақ, осы мақалаңды блогқұрылтайға қатысуға бастықтары рұқсат бермеген сайттарға апарсаң, бәлкім қаламақы беріп қалар ма еді, дееееееп қамшылап қояйын, иә… )))))))))))
Ал, шын мәнісіне келсек, дәл қазір, тап сен айтқан форматқа өту қиындау секілді. Неге? біріншіден, жаңадан блог әлеміне қадам басқандардың санасы оған жете қойған жоқ. екіншіден, блог жүргізуді жаңадан бастап келе жатқандардың көбі, блог жазуды сен көрсеткен ресми тұлғалар-Бекболат Тілеухан, Мұрат Әбеновтерге бір табан жақындаудың жолы ретінде қабылдайды. Үшіншіден, классикалық форматтағы блогкемп БАҚ үшін ақпараттық себеп бола алмайды, демек БАҚ-тың қызығушылығын тудыра алмайды, сәйкесінше демеушілер үшін де өзектілігін жоғалтады. Төртіншіден, қазіргі сақа блоггерлердің ішінде өз блогтары мен сайттарын сәтті монетизациялап, соның несібесін жеп жүргені некен-саяқ, демек, олардың ішінде энтузиазм деңгейінде ең болмаса, жас жеткіншектермен өздерінің троллинг әдістемесі бойынша мастер-класс өткізуге құлшыныс білдіретіні де бірлі-жарым болмақ. Оған бір мысал ретінде өзің де, тегін түрде мақала жазудың өзіне құлықсыз екеніңді мойындап отырсың. Тәжірибеңмен бөліс десек, тонады деп үстімізден заявление жазжверетін шығарсың...))))))))))))))))))))
Ал, ең басты себеп, адам аз бізде. Халық санын көбейту керек, блогтар мен сайтар арасында қызу бәсеке болу керек, міне, сол кезде ғана классикалық үлгідегі блогкемп өзінен-өзі сұранады.
Пы.сы. классиканы қалайтын болсаң, жазда Бурабай-кемп деген жоба туралы әңгіме қозғалды, өткенде, фэйрплейге келмей қалғаныңда…
asaubota
Бурабай-кемп деген жоба туралы әңгіме қозғалды, өткенде, фэйрплейге келмей қалғаныңда…

ол туралы Қарағандыдағы аты-шулы пәтерде де әңгіме қозғалды, өткенде, блогкэмпке келмей қалғаныңда…
Aldeken
 лібә… сөйтесіңдер ғо, енді…
kozildirik
Сенің айтқаның «Алдымен экономика, сосын саясат» деген сарабдал сара жолға келіңкірейді екен)))
VKM
RaimbekRamazanov
Блог жазуды үйренгіміз келеді, сақа блогерлерден тәжірибе алуға студент болғаннан кейін әр жылы әр қалада өтетін блог құрылтайларға барып қатыса алмаймыз. Оқу. Қаржы деген сияқты. Сұрағым келгені Астана қаласында блог жүргізу туралы курстар бар ма?