Көңілдестерім. Әріптесім Әділет

Бір әріптесіміз үйленіп, соның тойында бәріміз бас қостық. Бастық Жәрменнің жанына ақша жүзді, кең маңдай, көрікті бәйбішесі отырған. Тым сабырлы, бойында ақсүйектікке тән мінезі адамды еріксіз баурап алады екен. «Қызым, қызым, айналайыным» деп маған
Әрі қарай

Көктем келе жатыр...

Блог - kozildirik: Көктем келе жатыр...

… Жаз еді. Жадыраған. Тіршілік иесі жан рақатында. Ертең де, арғы күні де жаз тұра беретін сияқты көрінетін. Әрқашан. Өзгермей. Әрине, арасында күн бұлттайтын. Жаңбыр да жауатын. Ол жаздың жаңбыры болған соң артынан көк шығып, айнала одан сайын құлпыра түсетініне ешкімнің күмәні жоқ еді. Бірақ тарих тегершігі көнсін бе… Қазақтың жазы соңғы ханы –Кенесарының басымен бірге солтүстікке көшіп кетті…
… Күз. Бүрсеңдедік. Етек-жеңді жинадық. Теріскейден соққан жел ықтыра бастады. Қатты бұрқасыны қарсы тұрғандарды жұлып кететін. Киіз үйіміздің етегін тартқылап, түндігін төңкере бастаған соң жер қазып, тастан үй қалап, жатаққа айналдық. Ескі шапан арқамызды ызғардан сақтаса, алыстан жіберілген шен көңілге жылу бергендей ме еді… «Алаш» деп Әлихан сынды күн шыққан кезде артынан табиғат жылып сала берердей көрінген…
… Бірақ артынан қыс келді. Қаһарлы. Айналаны сіресе қымтаған қардан бірдеңе болжау мүмкін емес. Сана кіреукеленген. Қыстың ығымен жүріп, ықпалына берілмесең шыбын жаның тілге келіп, бақұлдасып үлгермейді. Аязға қарсы тұрып, боранымен алысқандар, алысқысы келгендер табылды. Бірақ олардың қайда кеткенін көпшілік түсінбей қалды. Қар кеткенде бір хабары болмаса…
… Табиғат ғажап. Ғажап шебер. Әлемнің жартысын орап алып, оны ешкім мызғыта алмас деген қытымыр қыстың соңы желтоқсанда басталар деп ешкім ойламаған болар. Жылымық. Ия, қазір жылымық бар. Жылдан жылға көктемнің иісі сезіліп келеді. Бәйшешектеріміз де гүлдеді. Әзірге нәзік, бірақ… Олар біздің бәйшешектеріміз ғой! Қыстың бұрынғы қауқары болмаса да арасында қар аралас жаңбыр жауады. Соңғы қаһары ма, әлде шарасыздықтың көз жасы ма… Ол маңызды емес, бастысы санамыздағы көктемнің ескегіне желкенімізді тоса білейік…

Коллаж жасаған Janasil
Әрі қарай

Линза туралы бірер сөз


Маған көзілдіріктен гөрі линза таққан ыңғайлы. Линзамен «дос» болғаныма 6 жылдан асыпты, бастапқыда 3 айлықты алатынмын, қазір бір айлыққа ауыстырдым.
Кез келген нәрсенің артықшылықтары мен кемшіліктері болатыны сияқты линзаның да өзіндік ерекшеліктері бар.
Әрі қарай