"Астана интернет форумы - 2015": Ақпараттық қауіпсіздік

BlogCamp: Астана интернет форумы - 2015: Ақпараттық қауіпсіздік

2015 жылғы 4 желтоқсанда Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде ІІІ Астана Интернет форумы өтеді. Шараны «Нұр Отан» партиясы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика мәселелерін зерттеу институты, Ұлттық Интернет Ассоциациясы ұйымдастырып отыр. Сонымен қатар, форумға «Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық қоры ресми қолдау білдірді.
Форумға Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi Берік Уәли, «Жігер. Абырой. Сана» Қоғамдық Қорының директоры Есен Елеукен, Ұлттық интернет ассоциациасының президенті Серікқазы Кәкібаланов, сонымен қатар IT-саласының мамандары, танымал блогерлер қатысады.
Әрі қарай

Үйрекконтент емес, Қазконтент үшін жанталасқандар...

(10.09 Kb, 250x72)

Блогкемпті атқарып, үш жұртты аралап болғаннан кейін «құлтемірмен» © ассалау-уағалейкімімізді бүгінге жазыпты. Күні бүгінге дейін интернет кәлимасы арқылы тәпсірленіп, сиясы кеппей жатқан пост-әсерлер — Алатау баурайындағы блогкемптің ҚазНет бенефисі болғандығының талассыз дәлелі-ау. Кіреберіске шоғырландырылған тіскебасарлардан әрірек тұрған блогкемп жұмысының «күн тәртібін», презентациялардың сағат, минутына дейін көрсетілген дәлме-дәл кестесін көргенде қазақтың «қааазір» синдромы аяққа оралып, шатақ болмас па деген ой сап ете қап еді. Тайм-менеджмент, басқа менеджмент жағының сыр бергенін байқамадым. Мазмұндық толтырылымы тәсірлі болды бәрінен бұрын. Еріктілердің өз ықтиярымен жасаған жұмыстарына бәрі ең жоғары баға беріп жатыр: шыны керек, сол кісілердің алдында әсіресе бейалматылықтар аздап ұяттымыз-ау. Қазақы қан-ген ғой, қонақтай етіп күтті, қанша жерден «бәріміз қатысарманбыз», «қонақ болу жоқ» постулаттарын шегелеп қадағансысақ та. Ақзере, Зилола, Айкона, Балғырған бастаған бір топ
Әрі қарай

Start up: 100 мың кімге бұйырылады?

Құрылтайға 7 күн қалғанын көрсетіп тұр сайттағы санақ. Көрген сайын дегбірім қашады. Миым мл-мл болып жүргелі қашан… Түк бітпеген сияқты. Үлгере алмайтын сияқтысың. Бәріне таныс сезім ғой деймін. Жауапты сәт таянып келе жатқан сайын уайымшыл болып кетесің ғой… тура солай.




Блог құрылтайға қатысты 5 айтарым бар:
Әрі қарай

Блогер деген кім, Блог-Құрылтай деген не?

BlogCamp: Блогер деген кім, Блог-Құрылтай деген не?

Таразда Блог-Құрылтай атымен өткен іс-шарадан кейін кей түсініктерді қайтадан қарау керек деген ойға келдім. Жиын өтті. Жақсы өтті. Бірақ, формат басқа, қатысушылар басқа, блогерлер аз. Неге бұлай болды, бізден қандай қателер кетті, енді не істейміз деместен бұрын алдымен негізгі терминдерді бір шолып шығайық.

БЛОГ
Адамның интернеттегі жеке күнделігі, түрлі тақырыптарда ойларын жазатын алаңы. Бұл алаңқай дербес стенделон домендегі блог немесе КерекИнфо, Массагет, Айтабер, Блогтайм, Wordpress.com, Blogspot, ЖЖ, Ювижн сияқты блог-платформаларда ашылған блог. Әлеуметтік желілердегі жеке апарақшалармен шатастыруға болмайды. Ол әр адамның виртуал әлемдегі паспорты. Ал, блог — күнделігі, дәптері.

БЛОГЕР
Алдыңғы пункттен түсінгеніңіздей Блогер — блог жүргізетін адам. Оны стилінен, никнеймінен, тақырыптарынан көпшілік онлайн немесе оффлайн танитын адам. Көбіне блогер бірнеше жерде емес, тек бір платформада жазады.

БЛОГГИНГ
Блог жүргізу, пікір жазу, блогосфера өміріне белсене қатысу.

БЛОГОСФЕРА
Блогерлердің тіршілік аймағы. Блогерлер ортасы. Блогерлер жиыны, түрлі іс-шаралары.

БЛОГКЕМП
Блогерлер жиналатын қала сыртындағы лагерь жиыны. Түрлі мастер-класстар және демалыс. Еркін форматта пікірталас. Негізгі мақсат — блогерлерді бір жерге жинап, һәм дәріс, һәм демалыс өткізу. Қатысу үшін жарна төленеді.

БЛОГ-ҚҰРЫЛТАЙ
Жылына бір рет өтетін кең көлемдегі жиын. Мақсат — танысу, білісу, тәжірибе алмасу, бірге қыдыру, қаламен танысу. Қатысу үшін жарна алынбайды, шығындары демеушілер тарапынан жабылады, сәйкесінше олардың да талаптары орындалады. Мысалы блог-турлар, экскурсиялар, пиар мақалалар, репортаждар арқылы.

БЛОГ-ТУР
Блогерлер арқылы жарнама жасауды көздейтін экскурсия түрі. Тапсырыс беруші жақтың талаптары бойынша блогерлер көрген білгендерін репортаж, сұхбат форматында жазады.

БЛОГИАДА
Берілген тақырыптар бойынша арнайы жүлде үшін жазылатын посттар жарысы.

Енді бастапқы тақырыпқа оралайық. Тараздағы Құрылтай Жамбыл облысы әкімдігінің демеушілігімен өтті, ұйымдастыру да олардың мойнында болды. Біз тек қонақ қатысушы ретінде бардық. Сондықтан қонақ «дастарханын» сынап кетуден аулақпыз. Тек блогерлікті өмір стилі ретінде ұстанатын топ ретінде негізгі түсініктердің өзгеруі, негізгі форматтан алшақтануы әлбетте жанымызға батты. Бұлай бұларын алдын ала білдік те. «Бұл кең көлемдегі соңғы құрылтай болуы мүмкін» деп жаздым да. Бірақ, бардық, көрдік, өз ортамызда жиналдық, өз құрылтайымызды да өткіздік. Бұл тұрғыда өте жақсы жиын болды. Көптен көрмеген достармен бас қостық, тәжірибе бөлістік, білмегенімізді үйрендік, бірге қыдырдық. Біздің негізгі мақсат та осы еді.

Жанымыз ашитыны — блогерліктің сөз ретінде де, іс ретінде де қадірі кете бастағаны. Ойлап қарасақ шын Құрылтай 2011, 2012 жылдары Алматы мен Астанада ғана өтіпті. Блогерлік те осы жылдардан кейін ұйқыға кете бастады. Басты себеп ретінде әлеуметтік желілердің танымал бола бастауын айтамыз. Сол жылдары Твиттерге тіркеле бастаған саясаткер, қоғам қайраткерлеріне блогер аты беріле бастауы осы үрдістің басы болды. Блогосфераны жандандыру мақсатында 2014, 2015 жылдары Блогиада жарысы өткізілді. Бірақ, бұл да тек уақытша нәтиже берді. Жарыстан соң қайтадан сылбырлық басталды. Керісінше адамдар тек ақшалай мотивация болмаса жазғысы келмейтіндей болып қалғандай болды.

Бірақ, бәрі өз қолымызда. Блогосфераны қайтадан тірілту үшін бір әрекеттер жасауымыз керек. Ең алдымен мына постта жазған негізгі түсініктерді өз орындарына қойып, әр нәрсені өз атымен атау керек. Блогерлікті қайтадан тренд, престиж ұғым қылуымыз қажет. Блогерлік өлді, бұрынғылар енді жазбайды, қазір жазатындар жастар деген оймен келіспеймін. Керісінше блогерлік 30 жастан кейін басталады деп ойлаймын. Адамның ойы да, тәжірибесі де қалыптасқан кез. Нағыз сапалы мақала, тұшымды ой жазатын кез. Ендеше не тұрыс? Кеттік, блогтарымызды қайтадан қолға алайық!
Әрі қарай

Мен көрген алғашқы БлогКемп


БлогКемп, яғни блоггерлер құрылтайы. Осы құрылтай біткеннен кейін блог тұғырларда да, әлеуметтік желілерде де блог кемп туралы жазбалар мен фотосуреттер, бейнебаяндардың ағыны басталды. Қысқасы, Ұшқын айтқандай, Блогқұрылтайдың буы басылмай тұр әлі…

ВИРТУАЛДАН РЕАЛҒА

Сонымен, құрылтай туралы не айтайын. Ең бірінші айтарым, биылғы құрылтайға мен алғашқы рет барып тұрмын. Виртуалдағы достарыңмен түңғыш рет кездесу ерекше әсер берді. Бір қызығы блог әлемінде жақын достай сөйлесіп жүрген блоггер қасыңда жүрсе де танымай қалуың мүмкін. Өйткені кей блоггерлер (мәселен мен) ешқашан суреттерін аватарына қоймайды немесе шынайы жүзі суретінен өзгеше болады екен. Блоггер болғаныма бар-жоғы бір жыл ғана болыпты. Алайда мен өзім жеке сайт ашып, көбінесе сол жерде блог жүргізген едім. Құрылтайға барып, блогтұғырларда блог жүргізген әлде-қайда тиімді екенін ұқтым. Өйткені бір блогтұғырдың блоггерлері бір-бірімен көптен бері көрісіп тұрған көршілердей амандасып жатады екен. Қызық, виртуалды әлемнің де адамдарды рухани табыстыратын ыстық қасиеті барына таң қалдым.
Әрі қарай

"Мінбер" Қызылжарға келді

Мінберліктер Қызылжарда жүр. 11-12 мамыр М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да семинар-тренингтерін өткізеді. Бүгін дәл қазір дөңгелек үстелде отырмыз. Есенгүл Кәпқызы, Бақытгүл Салықова, Ғалия Әженова баяндама жасап, талқылаулар жүріп жатыр. Сосын сәл кешігіп ортамызға Талғат Байназаров қосылды. )))
Қатысушылар Астана, Көкшетау, Павлодар және Қостанай қалаларынан келді.



ПыСы: Енді екі күннен кейін казжурға тіркелген блоггерлердің саны кем дегенге 15-ке артады деген ниетпен, әрі солар 2013 жылы БлокКампқа келеді ғой деген ниетпен осы қауымдастыққа қостым.
Әрі қарай