Start up: 100 мың кімге бұйырылады?

Құрылтайға 7 күн қалғанын көрсетіп тұр сайттағы санақ. Көрген сайын дегбірім қашады. Миым мл-мл болып жүргелі қашан… Түк бітпеген сияқты. Үлгере алмайтын сияқтысың. Бәріне таныс сезім ғой деймін. Жауапты сәт таянып келе жатқан сайын уайымшыл болып кетесің ғой… тура солай.




Блог құрылтайға қатысты 5 айтарым бар:

1. Блог құрылтай аясында өтетін блогшылар байқауымен қатар Start up жобаларды қолдау гранты пайда болды. Start up не екенін сәлден соң түсіндіремін. Ол грантты Kcell бөліп отыр.

2. Бұйртса, Блог Құрылтайға Dean Cox [ағылшынша өмірбаяны]деген мультимедиялық контент жасаудың жолымен бөлісетін арнайы маман Стокгольмнен келмек. Ол кісі жексенбі күні 20-наурыз күні мастер класс өткізеді. Арнайы класс бөліп отырған Kimep-ке рахмет. Орын саны шектеулі. 10 орындай ғана бар (аудармашы блатпен кіреді). Арнайы келемін деген соң қолынан қақпадым. Бір жағынан блог оқырмандарын тек мәтін емес, сурет пен видео қызықтырады. Бұл кісі сол мультимедианы қалай жасау керек, әрі қарай қалай кәсіпке айналдыру болатынын көрсетпек. Бұл мастер классқа қатысқысы келетіндер өздерінің құрал-саймандарын (фотоаппарат, камера, диктафон) ала келсе практикалық түрде үйренуіне себебі тиер деп ойлаймын.

3. Воллейболды 19-наурыз күні қай жерде ойнайтынымыз дүйсенбі күні анықталуы тиіс. Мүмкіндігінше душы бар жер іздеп жатырмыз. Воллейбол ойнағысы келетіндер не де болса, спорт киімдерін қоса ала келсе, қатып кетер еді.

4. Жұма күні бәріміз бас қосатын соңғы миниқұрылтай өткізетін бір жер керек еді. Ол да әлі белгісіз. Әдеттегідей бір кафеде бас қосармыз. Ештеңе табылмай қалса, өткен апталарда бізді қуып шыққан Арбаттағы City-ге барармыз.

5. ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР!!! Ағайындар, бауырлар, апа-қарындас, тума-туыстар презентация жасайтын болсаңыздар шын жүректен, өз қалауларыңызбен жасаған тақырыптар болсыншы. Тақырыптарыңызды алдын ала айтсаңыздар біздерге де қажетті аудитория санын ыңғайластыру оңай болар еді.

START UP деген сол баяғы ағылшын сөзі (баламасын тапсаңыздар айта отырыңыздар). Сөздікті тексерген жоқпын. Менің түсінігімде бұл инвесторды қажет ететін жаңа жобаның бастауы деген сөз. Мәселен, сіздің блогыңыз бар оны сайтқа айналдырғыңыз келеді немесе бір интернет жобаңыз бар, енді оны әрі қарай дамытуға сізге қаржылай, техникалық қолдау керек. Құрылтайдың екінші күнінде сіз осы жобаңызды таныстырасыз. Демеушілерден құрылған топ қолдауға тұрарлық деп тапқан жобаға көп емес, бар болғаны 100 000 теңге грант береді. (Ал залда отырған IT өкілдер мүмкін движокты қондыруға көмектесер). Сол грантты алу үшін жұмаға дейін (18-наурыз) сіз поштама (urimtal [@] gmail [nukte] com):

1. Жобаңыздың атауы.
2. Жобаңызды мақсаты (кімге лайықталған, неге маңызды т.с.с.)
3. Болашағы қандай (алдағы уақытта бұл жобаны қалай дамытпақсыз, не аласыз, қосасыз, т.с.с.)
4. 100 000 теңгені қалай пайдаланасыз? (бәленбай теңгесіне ананы аламын, сосын мынаны аламын, сосын әрі қарай коммерцияландырудың жолдары қандай болмақ? т.с.с.)

сұрақтарға осы ретпен жауап жазып жіберу керек. Жауаптарыңыз 3-беттен аспағаны жөн (Times New Roman, 14).

Бөлек файлға сақтап «Start up» деген тақырыппен жолдайсыз. Сосын екінші күні сізге арнайы уақыт берілген кезде жобаңызды таныстырасыз (10 слайдпен қана). Таныстыруға сізге 5-7 мин уақыт берілмек.

Әзірге осы. Дұрыс түсіндіре алдым ба, жоқ па пікірлеріңізге қарап анықтаймын, инш! Оны-мұны қателер кетіп жатса, кешіріммен қарарсыздар. Жапониядағы апат санамнан шығар емес.

пысы. Жұмаға дейін жіберу керек дегеніміз, дәл жұма күні жіберу емес екенін қайыра еске салғым келеді :) Ертерек болса, тіптен жақсы.

Суреттің пропискасы
Бөлісу:

7 пікір

yerbol89
Тамаша! Екі жоба ұсынуға болады ма? Мен екі жобамды да ұсынсам ба деп отырмын!
urimtal
екі жобаңды да ұсына бер. Біреуі өтпесе, екіншісі өтіп кетер :)
Qojeke
Гарнт берушіліер көп болса, сайттар көбейер ме еді.
urimtal
Осы жоба бастамасы ғой. Адамдар белсенді қатысып, жобаларын ұсынса, әрі қарай инвесторлар, грант беруші демеушілер іздеуге себеп болады.
Khan
100 мың кімге бұйырылады?
Жай ғана «бұйырады» десе қалай болады?
Khan
START UP — баламасын тапсаңыздар айта отырыңыздар
«Алға, Қазақстан, жаса Нұрсұлтан» деп аударар едім
Gastarbaiter
START UP — Дем беру
Start-up — Тиімді бастама