Иә, қанша уақыттан бері асыға күтіп жүрген Блогкэмп-2011 2-ақ күнде зу етіп өте шықты. КИМЭП-тің абыр-сабыр холлы, қызықты да көңілді жүздесулер, жаңа танысулар (Айкона, Алтыградус, Қисық, Қуаныш, Розатай, Талғат т.б.), презентация алдындағы толқу, блогшылармен мафия ойнау, Қалдықыздың қазысы, Айконың моншасы — бәрі де артта қалды.
Өзім қатысқан презентациялардың арасынан Өркеннің блогты танымал ету жолдары туралы айтқандары, Патиктің киноға рецензия жазуға қатысты кеңестері және Ақзеренің «Арулар.кз» сайтын таныстыруы ұнады. Ақзереге айтарым, орамал байлаудың бір әдісін білуші ем, соны видео ретінде сайтыңа тарту етем болашақта)))
Қостанайда блогшыға арналған ескерткіш бар екендігін Бальзаминкадан естіп, таң қалдық. Қуаныштың интернет арқылы ақша табу әдістерін тыңдап, "
лібә, оңай байып кетуге болады екен ғой" деген ой туындады)))
Айтпақшы, өз жобам бойынша біраз тартымды идеялар жинақтадым.
Енді, фотолар сөйлесін:
Қызықты жүздесулер