Біз де ұйымшыл боламыз)))
Аршаттың «5 адам жиналса рахмет» деген сөзі қамшы болып, жұмыстан шыға сала таксилетіп «Тағамға» бардым, Қарақыз екеуміз қабаттаса кірдік))). Біразы жиылып, сыйлықтарын алып үлгерген екен, Қарақызға да футболка бұйырды әйтеуір. Таң қалғаным, бұрын көрген блогшылардың арасында әріптесім Азамат жүр)) «Блог ашам» дейді. «Дауай» дедім. «Дауай» демекші, тағы екі құрбымды блог жүргізуге үгіттеп қойдым, Өркен айтпақшы «Астаналық блогшы қыздардың санын срошно арттыру керек». Аршат әдейілеп оларға деп екі папка берді, аванс ретінде))) Басқа да тың ойлар айтылды, ол енді құпия әзірге. Келесі құрылтай да тілге тиек болды. Алматылықтардан қалай озып… қалыспай, жақсы өткізуге болады деген сияқты)))
Ия, айтпақшы, біздер де енді жиі-жиі кездесіп тұруға келістік, "імммә" деп қояйын!
Әрі қарай
Ия, айтпақшы, біздер де енді жиі-жиі кездесіп тұруға келістік, "імммә" деп қояйын!

Кеше ЕҰУ студенттері арасында жыл сайын наурыз айында өтетін «Қыз Жібек — 2011» байқауы өтті. Бұл байқау қазақтың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында былтырғы жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Ұлттық нақыштағы мұндай шаралар іш пыстырып жібереді деп ойлап қалмаңыз. Кеше залда, сенсеңіз, ине шаншар жер болмады. 4 сағаттық байқауды тік тұрып көргендер қаншама… Залға симай, сыртта есік теуіп қалғандар қаншама! Шабарманымызды алдын-ала жарты сағат бұрын жібергеннің өзінде, орынды орта жақтан алдық.







Ілияс Құрманғали, шараны ұйымдастырушы, «Саясаттану» мамандығының 2 курс студенті:
Әсел Ахметова, «Биология» мамандығының 3 курс студенті:
Орал Қыдыршаев, «Тарих» мамандығының 1 курс магистранты:
Виктория Әлжанова, Назарбаев университетінің қызметкері:
Такеши Матсунага, Назарбаев университетіне шақырылған профессор:
Әріптесіміз баласының бесік тойына шақырған. Межелі уақытында сыйлыққа алған бесік-арба, әдемі костюм және шай сервизімізбен арқаланып кафеге бардық. Бір қызығы, сәбиге 40 күн толып қойғанына қарамастан, олар бұл тойды "қалжа" деп атап жүр. Білуімше, "қалжа" деген жас босанған әйелге әл жинауы үшін мал сойып, сорпасын ішкізу сияқты еді.
Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақты білмейтіндеріңіз кемде-кем болар. Иә, баяғыда ата-бабаларымыз қой бағып жүргенде жерді қаза салып қойдың құмалақтарымен осы ойынды ойнап, өз математикасын дамытқан-мыс. Кейін түрлі бағалы ағаштардан әдемі тоғызқұмалақ тақталары жасала бастаған. М.Әуезовтың «Абай жолында» осы тоғызқұмалақты ойнау барысы әдемі суреттелген.




— Қайырымдылық шараларына қатысып тұрасыздар ма?