Қара жолдың үстімен арба жүрер...

Қазіргі заманда көліктің түр-түрі көп. Екі аяқты, төрт аяқты, ұшатын, жердің үстімен жүретін, судың астымен жүретін көліктердің сан түрін көзімізбен көріп жүрміз. Көзіміз үйренген көліктердің арғы атасы-арба. Қажеттілікке байланысты арбаның да түр-түрі бар. Қол арба, екі аяқты жеңіл арба, жүк арбасы деп кете береді. Тарихқа терең сүңгімей-ақ, арбаға көлік ретінде мінген соңғы ұрпақтың бірі ретінде, арба жайлы аз-кем айта кетсем деп едім. Мақсатымыз сапалы контент болғандықтан дәл осы тақырыпты алдым. Алып алдым да «Қазақша «Википедия» не депті ?", «Ел.кз» не деген екен ?" деп қарасам екеуінің жазғаны бір дүние. Құрылымы жайлы сөз жоқ. Біздің қолымызда толыққанды іске жарап тұрған арба бар делік. Еді, осы арбаны атқа жегу үшін бізге қандай заттар қажет және олардың атқаратын қызметі жайлы не білеміз?Ат-ер қанаты (ат әбзелдері, ер қаруы бес қару) қауымдастығы: Қара жолдың үстімен арба жүрер...
Қамыт. Ат арбаны тартқанда барлық күш тек аяғына не беліне түседі десек қателесеміз. Аттың арбаны тартудағы ең үлкен рөл атқаратын мүшесі-мойын. Ат арбаны мойнымен тартады десек те қателеспейміз. Қамытты көрмеген жадар болса түсіндіре кетейін Сырт кейіпі таға тектес құрылғы. Бірақ, көлемін олай елестетсеңіз қателесесіз.Тек, астыңғы бөлігі аттың мойнына киілген кезде қажетінше талтаятын және түбіндегі қамытбауды тартып байлаған кезде екі ұшы бір-біріне біріге қалады.
Доға. Арбаның екі жетегін керіп тұратын, арбаның қисайып кетпеуін, ат бұрылған кезде жетек арқылы арбаның да бұрылуын қамтамасыз етіп тұратын құрылғы. Бұл қамыттың сыртынан аттың желке тұсында тұратын зат. Жылқының еш жеріне тиіп, не киіліп тұрмайды.
Аттың үстінде тұратын ершік. Бұл ершіктің де атқаратын рөлі ерекше. Арбаның ұзын екі жетегін тек доғаға іліп қойсақ бұнымыз атқа да арбаның жетегіне де көп күш түсірер еді. Сол үшін осы ершікте көтерме баулар орналасқан. Осы баулар арқылы доғаға жетектер сәлде болса жеңіл байланады және арбаның біраз салмағы аттың беліне осы баулардың жетекке байлануы арқылы түседі.
Шілә(шля). Тармақ-тармақ болып атқа киілетін баулар. Кәдімгі ер-тоқымдағы құйысқан, өмілдіріктердің рөлін атқарады. Арбада тежегіш жоғы бәрімізге белгілі. Атты тоқтатқан кезде арбаның екпінімен қамыттың ат мойнынан сыпырылып кетпеуін қамтамасыз етеді. Яғни, ойлы-қырлы жерлермен жүргенде қамытты алға жібермей тұрады.
Енді, атты немен ырқымызға көндіреміз. Әрине, мұндайда жай жүгендер қолдануға жарамайды. Арбаға арналған жүгеннің екі тізгіні өте ұзын болады. Аттың езуінен басталған бұл тізгіндер екі сауырдың тұсынан салбырап, арбадағы адамның қолына емін еркін жететін болуы шарт. Бұны «Божы» деп атайды. Божыны екі жағынан қағып-қағып жіберіп, «шарт» еткізіп атты қамшылап отырасыз.
Арбаның құрылымы жайлы айтып болған соң аздап лирикалық шегініс жасауды жөн көрдім. Басында айтқанымдай бала кезімде арбаға міндім. Біздің үйде атамның әкесінен қалған ескі арба болды. Менің мектепке әлі бармаан кездерімде атам мен әжемнің осы арабмен қонаққа баратын кездері есімде. Өзім де сан рет міндім. Бертін келе заман талабына сай арбалар да жетіле бастады. Ортасы ағаш, сырты темірмен қапталған дөңгелектердің орнына шаруашылық машиналарының дөңгелектері салынып, қаңқасын да жеңіл материалдардан жасаған кездерде әлгі арбамыз біздің ойыншығымызға айналып қала берді. Ауырлығы сондай, 5-6 ойын баласы орнынан қозғалта алмайтынбыз. 7-8 жасар кезімде бір дөңгелегін әрең домалататыным есімде.
Соғыс бітіп, жұрт оң-солына қайта қарай бастаған тұста атамның әкесі әлгі арбасымен біздің ауылдан 300 шақырымдай қашықтықта жатқан бір ауданнан жамағайындарын көшіріп әкелген екен дейді. Қазіргідей «Жүк тасымалдау» фирмалары қаптап жатқан заманда көшуіміз мұң болып жүрген біздерге бұл ертегі секілді көрінуі мүмкін. Арбаға мінген бабалар армандап кеткен заманда өмір сүріп жүрген біздерде де талай арман бар…
Ат-ер қанаты (ат әбзелдері, ер қаруы бес қару) қауымдастығы: Қара жолдың үстімен арба жүрер...
Суретті алған жерім
Әрі қарай

Кіреуке

Қолына қылышын алып елін қорғаған бабаларымыз, түн баласы көз ілмей найзасына сүйеніп ұйықтап, мына ұланғайыр жерді бізге қалдырған екен. Бізден қанша қаларын кім білсін… Сол жаугершілік заманында толғай атқан садақтың оғын өткізбей қалатын
Әрі қарай

Қазақтардың әскери қару-жарағы

Киелі Елі мен Жерінің біртұтастығын қорғап, бостандығын сақтап қалуда батыр қазақ халқы астындағы атының беліне, өзінің сом білегінің күшіне, алып жүрегінің түгіне, бойындағы бес қаруының айбатына сеніп, арқа сүйеген. Қыпшақтардың – қазақтардың
Әрі қарай

Таға

Ауылдық жерлерде есіктің маңдайшасына іліп қоятын тағаны біреу білсе біреу білмес.Таға-аттың тұяғына қағылатын ат әбзелі. Таулы -тасты жерлерде жылқының тұяғы мүжілмес үшін және майтабанына тас батпас үшін атты тағалап отырады. Етіктің ұсақ шегесі тәрізді (дәл сондай ұсақ емес, арнайы деген түрім ғой) өзіндік шегесі бар. егені жанай қағып екінші жағынан сәл майыстырып қоятындарын да көргенім бар еді. Жалпы, қалай тағалау керектігін білетін жан болса толық жазып кетсе де құба-құп.Тағалы ат мұзда да тая қоймайды дегенді естідім,өз басым мұзда тағалы атпен жүріп көрмеппін.
Әрі қарай

Шідер, тұсамыс, өре.

Ауылдық жерде өскендер білетін болар бұл атаулардың не екенін. Мініс мал (жылқы әрине)немесе сауынды биелер ұзап кетпес үшін жылқылардың аяғына тағылатын әбзел.
Тұсамыс не тұсау-жылқының алдыңғы екі аяғына тағылатын арқаннан есілген (кейін келе ременнен кесіп жасалып жүр)әбзел.
Әрі қарай

Қамшы

Атқа мінген адамды қамшысыз елестету мүмкін емес. Алда-жалда қамшысыз міне қалсаңыз қамшылар жақ қолыңызбен ауық-ауық аттың сауырын сыйпалап қалатыныңыз анық.Әрине, егер үнемі атқа мініп жүрген жан болсаңыз. Сонымен, қамшы- біріншіден атың жылдамдығын арттыру үшін қажетті құрал болса, екіншіден қару ретінде де пайдаланылған. Басына қорғасын құйылып өрілген бұзаубас қамшылармен дәлдеп ұрғанда қасқырдың тұмсығын қақ бөлуге де болады. Қамшы алты өрім, сегіз өрім, тоғыз өрім болып кете береді.
Әрі қарай

Ер қаруы- бес қару

Осынау бос жатқан иен даланы түйенің қомы, аттың жалында жүріп бізге қалдырған бабаларымыз ер жігітте бес қару болу керек деп санаған.Олар :1. Садақ (кейін келе мылтық. Білтелі мылтықтар мен бердеңкелерді кеңінен пайдаланған). 2. Найза. 3. Қылыш. 4. Шоқпар. 5. Айбалта.Ату қаруына садақты, кесетінге – қылышты, шаншитынға – найзаны, шабатынға – айбалтаны, соғатынға – шоқпарды таңдап бес қару деп атаған.

Садақ.

Құлаты тауға қол салып,
Садақтың оғын мол салып,
Бетпақтың ен бір шөлінен
Төтелеп жүріп жол салып,
Қолды бір бастар ма екеміз?!-деп жырлайды Ақтанберді жырау.

Әрі қарай

Жүген

Алдыңғы жазбамда ер тұрман жайлы сөз қозғаған едім. Ендігі кезек ноқта мен жүгенге келген сыңайлы.

Ноқта-жылқының басына тұмсығы арқылы киілетін ат әбзелі. Ноқтаны қайыстан немесе жібек жіптен де өріп жасай береді. Ноқтаның астыңғы жағында (жылқының сағағы тұсында (адамша айтсақ иек асты)шығыршыққа байланған шылбыр болады.Шылбыр атты доғарып байлау, жетекке алу мақсатында өріліп жасалған жіп.
Әрі қарай

Ертоқым немесе ер тұрман


Ғаламның дамуына бабаларымыздың үзеңгіні ойлап тапқаны негіз болған деп көпіреміз. Славяндар шәркей киіп жүргенде біздер бұтымызға тері шалбар киіп ат ертегенбіз деп те мақтанамыз. Бабаларымыздан қалған ат әбзелдерін тарата отырайын.
Әрі қарай