Ертоқым немесе ер тұрман


Ғаламның дамуына бабаларымыздың үзеңгіні ойлап тапқаны негіз болған деп көпіреміз. Славяндар шәркей киіп жүргенде біздер бұтымызға тері шалбар киіп ат ертегенбіз деп те мақтанамыз. Бабаларымыздан қалған ат әбзелдерін тарата отырайын.
Жылқыны жайдақ үйреткен көшпенділер, оған жайлы болу үшін ертоқымды да ойлап тапқан еді.
Ер тоқымның құрамына: терлік, киіз тоқым,қайыстан өрілген айыл-тартпа,үзеңгі,құйысқан, өмілдірік және көрпеше мен қанжыға кіреді. Осының бәрі ағаштан ойылып жасалған қаңқаны толықтырып ер-тоқым атауына ие болады.
Терлік-аттың арқасына жабылатын көлемі тоқымнан сәл үлкен терді сорып тұратын материалдан даярланады. Қазіргі кезде бұл материалдың рөлін одеяло ойнап жүр.
Тоқым-көлемі терліктен кіші ердің қаңқасының екі қапталына өлшеніп қиылған киіз.Төрт бұрышты болып келеді. Бұл аттың арқасын ағаш ер жауыр қылмау мақсатында төселеді.Терліктің үстіне тоқымды қойып, терліктің артық қалған бөлігін киіздің үстіне қайырып қоямыз (алдыңғы жағынан қайырылады «связка» ретінде).
Бұлардың үстіне ағаш ерді қоямыз.
Ағаш ердің үстіне көрпеше төселеді.
Кезек айыл тартпаға да келді. Ер тоқым әрі бері жылжымас үшін және екі қапталға ауып кетпес үшін ойлап табылған қайыс баулар.айыл ердің үстіндегі көрпешенің үстінен жіберіліп аттың алдыңғы қабырғаларының тұсынан байланады. Ал, айыл ердің қапталының артқы жағына байланған бау. Бұл аттың артқы қабырғалары тұсынан байланады.
Үзеңгі-атқа жерден тез міну үшін ойлап табылған тепкішік немесе ілмек. Бұлда ердің ағаш қапталына қайыспен байлану арқылы ердің бір бөлігіне айналады.
Құйысқан-бір ұшы аттың құйрығына ілініп, екі ұшы ердің екі қапталына бекитін құрылғы.Бұл ер тоқымның алдыға қарай жылжып кетпеуі үшін қажет. Мысалы, таулы жерден еңіске қарай түскенде аттың мойнынан ауып түспес үшін.
Өмілдірік- керісінше аттың кеудесінен (төсінен) ердің алдыңғы екі қапталына бекитін құрылғы. Бұл ер тоқымның артқа жылжымауын қамтамасыз етеді. көбіне шоқтығы биік жылқыларға қолданылады.
Қанжыға-ердің артқы екі қапталына бекіген екі бау. Бұл аулаған аңыңды байлап алуға немесе қажетті заттарыңды байлап алуға арналған бау.
Бөлісу:

15 пікір

sammita
Әбіләкім таң атпай идея ұрлауға келесің бе мында:))))))))))))))
TERISKEI
Рахмет саған, КЕРЕКИНФО! Рахмет саған, АРШАТ АҒАСЫ, рахмет, Әбеке!!!:)
sammita
Ағам «Шөп оруға барамыз», «Жидек тереміз» десе, өңшең қарасирақтар қорадан сүйрелеп аттың әбзелдерін шығара бастаймыз. Қалайда көңілінен шығу керек, ертпей қою қаупі бар. Атты жетектеп әкелеміз, доғасын кигізіп, тоқымын салып, айылдырығын аяқты тіреп тартып толық дайын болғанда үйге хабар береміз. Шәйін ішіп, бізді одан сайын күттіріп әрең шығады ол (менен 1 жас қана үлкен:)). Бір күні балалар арбада, мен аттың үстінде шауып келе жаттық қара жолдың шаңын шығарып. Ағам есіріп «Белые розыыы, белые розыы» деп тік тұрып божыны ұрып келеді. Бір кезде мен құладым аттың бауырына ауып. Аттың ақылдылығы ғой, төрт тұяғын тіреп тұра қалды. Содан кейін атқа отырмаппын.
Nurgisa
Тормыз!!!… аттыкін айтам…
Abilakim
Осыдан кейін ағам әншілігін қойып кетті десең әсері мұнан да көп болар еді))))
sammita
содан кейін осындай болып қалдым:)))
ПыСы: құлағыңа айтайын негізі «Ақ сәулем» әні болатын:))
Abilakim
Осыдан кейін ағам әншілігін қойып кетті десең әсері мұнан да көп болар еді)))) Аттым +1ді
sammita
Осыдан кейін ағам әншілігін қойып кетті десең әсері мұнан да көп болар еді)))) Аттым +1ді
өз-өзіңе атып отырсың ба:)))
Abilakim
саған атыппын ғо
bazuka
жылқы малын және оңымен байланысты нәрселерді қатты жақсы көрем.
asaubota
осындай керек инфолар көп болсын!
Qojeke
Неге "қанжығасы майланды" деп айтады?
Abilakim
Енді, жолы болып алдынан аң кезігіп қанжығасына байлап қайтатын кездерде айтылған сөз ғой
Abilakim
күнделікті өмірде де қолданыла береді ол тіркес
KILYZAMAN
Құйысқан-бір ұшы аттың құйрығына ілініп, екі ұшы ердің екі қапталына бекитін құрылғы.Бұл ер тоқымның алдыға қарай жылжып кетпеуі үшін қажет. Мысалы, таулы жерден еңіске қарай түскенде аттың мойнынан ауып түспес үшін.
Һм, керемет мақалда айтылу үшінде керек…