Орташа Есеппен Жаңа Астаналық

Астаналықтар: Орташа Есеппен Жаңа Астаналық

— Астанаға алғаш келген кезінде тұрақты баспанасы болмайды.
— Бала-шаға бірнеше айдан кейін келіп, қосылады.
— Өз жерлестерін тез тауып алады.
— Өз жағынан келетін пойыздардың кестесін жақсы біледі.
— Қаланы жақсы білмейді, карта қолданады.
— Таксиге төмен баға айтып қинайды, кейін 500 теңге жақсы баға екенін мойындап жүреді.
— Астанаға келген туыстары оған келеді.
— Ол жақсы гид. Әдетте Бәйтеректен басталған тур Артем базарымен аяқталады.
— Бәйтерекке бірнеше рет мініп көреді. Океанариумға «турист» апарады, бірақ өзі кірмейді.
— Ханшатырда пляж бар екенін айтады қонақтарына, бірақ өзі кіріп көрген жоқ.
— Өзінің келген жағын мақтайды «күшті ғо, рахат қо» сияқты сөздермен, бірақ қайтып оралғысы келмейді.
— Ол Шанхай базарының қайда екенін біледі.
— «Астана пәлендей қымбат емес» деген сөздерді жиі айтады.
— Оған жұмыс қарап қоюды сұрайтындар көп.
— Оның әдетте 2-ші баласы Астанада дүниеге келеді. Қонақтарына «бұл бала таза астаналық, хехе» деп әзіл айтып қояды.
— Ол қонаққа барғанда лифтімен көтеріп алу, түсіріп алу дегендердің не екенін біледі.
— Оның көп уақыты бола бермейді.
Әрі қарай

Керекинфолықтар тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында жылды қорытындылады...

Кворум

Баскенттің сол жағалауындағы «Керуеннің» үшінші қабаты «Керекинфоның» бастыжайына айналып келеді. Бүгінгі айтулы мәслихаттың кворумын Атыраудан Алмас (sigma), Қостанайдан Талғат (talgatjez), Алматыдан Һісеһ (qisyq), Бекжан, Қызылордадан Ләйлә (lyaila), Ақтөбеден Алдан (Aldeken), Әйгерім (AKY), Аршат (asaubota), Шымкенттен Жансая (Zhan) және мен құрадық. Abilakim Айсұлтанның шұғыл шаруалары шығып қалуы оның келмеуінің себебін түзді.

Жиналудағы мақсат
Әрі қарай

Футбол ойнасақ қайтеді?



Астаналық жігіттер, 2 командаға бөлініп футбол ойнауға қалай қарайсыңдар? Осы алдағы демалыс күндері Шалдар Юнайтед пен Балдар Ойнайтед деп 5 адамнан екі командаға бөліссек?

Ойлап қарасам біраз адам бар сияқты.

Ертеңге дейін команда құрамдарын және ойнайтын жерді шешіп алайық.
Әрі қарай

Ет пати



«Ет дегенде – бет бар ма» деген. Азаматтың ауылы Қызаннан ет келді дегенді естіп Астаналық жігіттер етті жеудің жағдайын жасай бастадық. Етті көр күттірмей Астананың төрінен үй жалдадық. Ет асуға керек дүниелерімізді алып кешке дайындаған үйге жиналдық. Енді ары қарай суреттер сөйлесін:
Әрі қарай

Домбыра Тарту-4

Алдарыңызда кешегі өткен Домбыра кешінің суреттері мен видеолары.
Жалпы кеш әдеттегідей қызықты өтті. Кешті ОРТ Евразия телеканалы түсіріп бүгінгі жаңалықтарына шығарды. Бұйырса ертең 1tv.kz/kk сайтына видео нұсқасы шығып қалады.

Домбыра Думан
Астаналық керекші қауым.
Әрі қарай

Түрік тілін үйренгіңіз келсе

Түрік тілін үйренгіңіз келе ме? Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы түрік тілі курстарына шақырады.



Орталықтың түрік тілін үйрету курстары Еуропа Одағының бекіткен талаптарына сай дайындалған, барлығы 5 бөлімнің құрамындағы 12 курстан тұрады.
Бағдарлама 56 сағаттан тұрады.

Курстардың басталу уақыты және мерзімі
Оқу жылы 10 қыркүйекте басталып, 25 желтоқсанда бітеді. Әр бір курс 8 аптаға созылады. Курстар аптасына 3 рет өткізіледі. Апта сайын бағдарламаның түріне байланысты 7 сағат болады.
Әрі қарай

Астанада Үндістан жәрмеңкесі

Көшеде спам таратушылардың да пайдалы спамдары болады екен. Кеше әйелімнің қолына берілген спамдардың бірінде Үндістан тауарларының көрмесі туралы ақпарат жазылған екен. Барып қайттық. Неше түрлі үнді тауарларының жәрмеңкесі болып жатыр екен. Үй жиһаздарынан бастап, әшекей, киім кешекке дейін неше түрлі заттар бар. Киімдер, маталар кинодағыдай түрлі-түсті, неше түрлі. Өзіме футболка қарап едім, таба алмадым. Әйелдерге арналған заттар ма деймін. Егер үнді мәдениеті ұнайтын болса барып қайтыңдар, біреулерге сыйлық алуға да көп вариант бар.
Әрі қарай

Жексенбі, 24 күні жиналсақ? (СЕНБІГЕ АУЫСТЫРЫЛДЫ!!!)



Құрметті Астана керекинфошылары және қонақтаушылар! Жексенбі, 24 шілде күні бас қоссақ па деген ұсыныс бар. Асқардың да жолы түскелі жатыр білем. Жексенбі күнгі нақты уақыт пен мекенді тиянақтылап алайық. Кім қосылады Аршат екеуміздің ұсынысымызға?

UPD: UPD! Патшакөңіл назарларыңызға!
Гостьарбайтердің жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты аз-кем өзгерістер орын алып жатыр.
Кездесуді ертең, сенбі, шілденің жиырма үшінші жұлдызына алдырып отырмыз.
ЕРТЕҢ, СЕНБІ, САҒАТ КЕШКІ АЛТЫДА, СОЛ ЖЕРДЕ!
Растап жіберулеріңіз өте-мөте сұралады!
Әрі қарай