Астана мен Әбу-Даби бауырлас қалалар болады
Таяудағы уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінің елордасы Астанамен әріптестік қатынастар орнатуға ниетті. Бұл туралы ҚР-нің БАӘ-дегі елшісі Қайрат Лама Шарифпен кездесу барысында Муниципалитет істері бойынша департаменттің басшысы (Әбу-Даби қаласының мэрі) Авайда Муршед Әл Марар мәлім етті.Қалалар арасындағы бауырластық байланыстар екіжақты қатынастарды дамытудың тиімді құралы болып табылады. Қалалар арасындағы муниципалдық әріптестік сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға жәрдемдесетін болады.
ҚР Елшісі Қ.Лама Шариф қазіргі кезде Астананың 42 бауырлас қалалармен және әріптестермен шарттық қатынастары жолға қойылғаныны атап көрсетті. Екі астана арасындағы туысқандық қатынастарының айғағы — қазірдің өзінде Астанада салынып жатқан көпфункциональды «Әбу-Даби Плаза» кешенінің және Шейх Халифа атындағы қазақ-әмірлік зияткерлік орта мектебінің құрылысы. Астана мен Әбу-Дабидың жемісті ынтымақтастығының көрінісі 2015 жылғы 28 қазанда Астанада алғашқы қазақстандық-әмірлік бизнес-форумы және осы жылғы 16 ақпанда БАӘ астанасында Әбу-Даби сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Астана қаласы әкімдігінің екінші қазақстандық-әмірлік «БАӘ және Қазақстан: Бір-біріне қарай қозғалыс» бизнес-форумның өтуі болды.
Әбу-Даби муниципалитеті істері жөніндегі департамент Біріккен Араб Әмірліктерінің жергілікті өзін-өзі басқару органы. Әбу-Даби муниципалитеті 1962 жылы құрылған болатын. 1969 жылы БАӘ Президентінің жарлығымен қаланың алғашқы муниципалдық кеңесі тағайындалды.
Департамент халыққа кешенді қызмет көрсетуге, тиісті жоспарлауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жол желілерін, қалаға техникалық қызмет көрсетуге, ауыл шаруашылығын дамытуға және әртүрлі салалардағы қоғамдық нарықтарды құруды реттеуге жауап береді.
ҚазАқпарат

Астана қаласында көшелерге жеміс ағаштарын, соның ішінде алма мен алмұрт көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін пресс-тур барысында Астана қалалық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев мәлім етті.
Елордада жыл сайын көктемде жол жөндеу жұмыстары қолға алынады. Биыл 25,36 шақырым жолды салу, жөндеу және қалпына келтіру жоспарланған, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Американдық мемлекеттік басқару жөніндегі қоғамы мен Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бүгін елорда әкімдігінде өткен аппарат отырысында халықты тіркеу және есепке алуды жетілдіру мәселесі талқыланды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Көктемгі сәуір айында әсем мэнует, жеңіл вальстерден ширақ регтаймға, екпінді тангоға дейін алуан түрлі би әуендері елорадалықтардың назарына ұсынылады. «Астана Опера» камералық залында 7 сәуірде «Bel Canto музыкалық салоны» абонементінің аясында «Би ырғағында» концерті өтеді.
Бүгін Астанада қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өтеді.

