Астанадан еліміздің өңірлеріне «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы жолға шығады

2016 жылғы 1 қарашада Астана қаласының теміржол вокзалында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясы бастау алады.

Акция аясында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып, медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім және тағы басқа салалар бойынша консультациялық кеңестер беріледі.

Акция 14 желтоқсанда аяқталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, пойыз 35 елді мекенге тоқтайды.
astana.gov.kz/kk/modules/material/11567
Әрі қарай

Елназ Нұрсейітова Астананың ең сұлу аруы атанды

Астана жаңалықтары: Елназ Нұрсейітова Астананың ең сұлу аруы атанды

18 жасар Елназ Нұрсейітова 1 000 000 теңге жүлдеге және «Қазақстан аруы-2016» Ұлттық байқауына қатысу құқығына ие болды.

«Астана аруы — 2016» атану үшін финалған шыққан 17-23 жас аралығындағы 20 бойжеткен сайысқа түсті.

Нұрлы көзқарас, маржан күлкі, жарқын келбет — финалға шыққан әрбір арудың сұлулығы ерекше. Олардың табиғи сұлулығына харизмалық қасиет, кербездік, ақыл және дарынды қосыңыз. Бойжеткендер сахнаға сақ патшайымы, қазіргі заман бикеші және кербез ару бейнесінде шығып, осы қасиеттердің барлығын көрсете білді.

«Сұлу бойжеткендер көбейіп келеді. Олар сыртқы сұлулық туралы ғана емес, рухани даму туралы да ойлайды, музыкамен, хореографиямен айналысып, тіл меңгереді, сол себепті жыл сайын ең сұлу аруды таңдау қиындап барады» — дейді сұлулық байқауының директоры, қазылар алқасының мүшесі Ольга Радеш. Осыған байланысты құрамында эстрада жұлдызы Әли Оқапов, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев болған қазылар алқасы бірден шешім шығара алмады.

Төрешілер ұзақ уақыт кеңескен соң, байқаудың Үшінші вице-ару атағына Есімова Бибінұрды лайық деп тапты. Екінші Вице-ару — Екатерина Подгородецкая, бірінші вице-ару Жорабекова Бегайым атанды, ал байқаудың Гран-при жүлдесін Елназ Нұрсейітова иеленді, енді ол «Қазақстан аруы — 2016» Ұлттық байқауында елорда намысын қорғайды.
astana.gov.kz/kk/modules/material/11540
Әрі қарай

Астана қаласы әлемдегі топ-21 ақылды қалалар тізіміне енді


Интеллектуалдық қауымдастық форумының (АҚШ) рейтингі бойынша Астана 2016 жылы топ-21 ақылды қалалар тізіміне енді.
Осы күндері Астананың он жылдан астам уақыттан бері әлемдегі қалалардың дамуын бағалауды талдаумен айналысатын «Топ-21» ақылды қалалардың ICF рейтингіне енгені мәлім болды.

ICF мәліметтеріне сәйкес, биыл «әлемнің ақылды қалаларының тізімі» желілік технологиялар саласындағы ірі компания Сisco-ның бұрынғы басшысы Норман Джэникс бастаған талдаушылар тобымен жасалған.

ICF тең құрылтайшысы Джон Юнгтің атап өтуінше, тізімге сандық теңсіздік ғасырында жергілікті экономика мен қоғамды құруда сандық құралдарды пайдаланатын қалалар, өңірлер мен қауымдастықтар тобы енген.

Рейтингке Канада, Тайвань, Австралия, Жаңа Зеландия, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ елдерінен бірқатар қалалар еніп отыр. Енді олар «ТОП-7» ақылды қалалардың қатарына енуге ұмтылады, оның нәтижелерін 2017 жылы ақпан айында Тайпей қаласында жариялау жоспарланған.

Еске салайық, екі жыл бұрын Астана Огайо штатында өткен үшінші Ақылды қауымдастықтар симпозиумында (АҚШ) «The Intelligent Community Forum» беделді рейтингі бойынша «ТОП – 21» ақылды қалалар тізіміне енген болатын.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11543
Әрі қарай

Елордаға жаңаша тыныс әкелген «Астана мюзикл»

Астана жаңалықтары: Елордаға жаңаша тыныс әкелген «Астана мюзикл»
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында елімізге әйгілі өнер ордасы «Қазақконцерт» Астанаға көшіп келген болатын. Жаңаша кейіппен Астана төрінен орын алған ұйымға «Қазақстан» орталық концерт залының ғимараты берілді. Жуырда аталмыш өнер ұжымының салтанатты ашылуы кезінде өнер ордасының негізінде құрылған «Астана мюзикл» театрының тұсауы да қатар кесілді. Былай қарағанда қазақ көрермені үшін мюзикл жанры таныс та әрі бейтаныс дүние. Мұны не үшін айтып отырмыз?

Естеріңізде болса, 2015 жылдың мамыр айында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Қазақстанның мәдени имиджін көтеруге мүмкіндігі барын, осы мақсатта отандық «Астана мюзикл» театрын құру туралы мәселенің қаралып жатқанын айтып еді. Міне, көп ұзамай театр шымылдығын ашып, көрермен назарына «Достар серті» мюзиклін ұсынды.

Жалпы, мюзикл — театр, музыка, би, ән, көркемсурет, акробатика, сценография, грим сияқты өнердің барлық түрін қамтитын сан түрлі шығармашылықтың синтезі, озық технологияның қосындысы. Театрдың буы басылмаған жаңа туындысы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп үлгерген сыңайлы. «Достар сертіндегі» декорация, дыбыс және жарық қоюшы режиссерлер мен экранға бейнеәзірлеушілердің қажырлы еңбегі екенін байқау қиын емес.

Мюзикл нағыз шынайы, адал достық туралы сыр шерте отырып, айырылмас төрт достың оқиғасын баяндайды. 70-ші жылдары әр қиырдан арман қуып, бір қалада жолдары тоғысқан абитуриенттер – Жұматай, Қайрат, Айдос, Марат төртеуі консерваторияға оқуға түседі. Сол сәттен олардың таныстығы, достығы басталады. Алғашқы тапсырған емтихандары төрт досты одан әрі жақын етеді, сонымен қатар бір-бірінің шығармашылық дарындарын тануға мүмкіндік береді. Өнерге деген құлшынысы, таланты арқасында төртеуі де консерваторияға оқуға қабылданады. Осындай қуанышты сәтті атап өту үшін жазғы парктегі би кешіне жиналады. Бірақ жергілікті бұзақы жігіттермен сөзге келісіп қалады. Ересек жігіттерге әлдері жетпей, күштері бәсең түссе де, төрт дос бір-бірін сатпай, соңына дейін бірлікте төбелеседі. Осылайша, олардың бұл адалдықтары «достар серті» болып байланады.
Астана жаңалықтары: Елордаға жаңаша тыныс әкелген «Астана мюзикл»
Төбелестің жарақатымен емханаға түскен олар көрікті де сұлу медбике Әсеммен танысады. Араларынан Маратты танып қалған Әсем олардың оқу орындарына бұл төбелестің кері әсері тимес үшін қолынан келгенше көмек көрсететінін айтады. Сөйтіп, Әсем достарды қиын жағдайдан құтқарады. Төрт достың бірі Жұматай Әсемді бір көргеннен ұнатып, сырттай ғашық болады. Бірақ әскерден келген Айдостың да көзі Әсемге түсіп, сөз салудың жолын іздейді.
Астана жаңалықтары: Елордаға жаңаша тыныс әкелген «Астана мюзикл»
Төртеуінің басы қосылған бір жиында ВИА құру идеясы туындайды және араларына әнші қыз ретінде Әсемді шақыру ойларына келеді. Әсемнің әуезді әні оларды бірден баурап алып, сол сәттен бастап олармен бірге ВИА-да ән шырқайды. Ал Жұматайдың үнсіз ғашықтығымен арада біраз уақыт өтіп кетеді. Көктемнің жаймашуақ күндерінің бірінде бәрі Әсемнің туған күн кешіне жиналады. Осы кеште Жұматай ғашықтық лебізін білдіруге бел байлайды. Бірақ Әсемге арнап шығарған әнін орындайын деп тұрғанда, Айдос оның алдын орап, жақсы жаңалығымен бөліскісі келетінін айтады. Болашақ жарым деп Әсемді таныстырады. Екі жасқа бақыт тілеп, достары құттықтай бастайды. Махаббат пен достықтың екі ұшында қалған Жұматай «сертіне» адалдығын дәлелдеп, екеуіне бақыт тілеп, «Той жырын» орындап береді.
Астана жаңалықтары: Елордаға жаңаша тыныс әкелген «Астана мюзикл»
Арада ұзақ жылдар өтсе де, достар арасында байланған серт мәңгілікке жалғасып, достықтың алтын символына айналады. Қойылымға сол жылдарда әйгілі болған, қазақ музыкасының «алтын қорына» енген Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев, «Дос-Мұқасан» тобының әндері арқау болды. Әлемдік музыканың жауһарлары Моцарт, Франкель, Битлз репертуарының шығармалары да орындалады. Сондай-ақ, жаңа бағытта жазылған композициялар да бар. Либретто авторы — ҚР еңбек сіңірген қайраткері — Бақыт Қайырбеков, драматург — Әннас Бағдат. Қойылым музыкасын жазған республикаға танымал дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері — Артур Оренбургский. Ал мюзикл режиссері Есләм Нұртазинді қысқаша сөзге тартқан болатынбыз.

– Идеяны о баста Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі ұсынып, оқиғаны 60-70-ші жылдардан алуымызды, сол жылдардағы елдің сүйіп тыңдайтын әндерін арқау етуімізді ұсынды. Мюзикл тек қана жаңадан жазылған музыкаға құрылмайды. Сондықтан, өзіміздің классикаға айналған әндерге таңдау түсті. Ал тақырыптың достыққа арналуы да кездейсоқ емес. Қазақ жаратылысынан достыққа берік халық. Қойылымды сахналау барысында әрине әрбір минут сайын қиыншылықтар кездесті. Себебі, бұл тың жанр, мюзиклдің өзінің стандарттары бар. Біз сол әрбір стандарттарға сәйкес келетін қойылым қойып шықтық деп ойлаймын. Әлемнің кез келген елінен қандай сыншы келсе де «Иә, бұл талапқа сай» деп айтатынына сенімдімін, — дейді.

«Astana Musical» – еліміздегі тұңғыш мамандандырылған мюзикл театры. Спектакльде жас актерлар өнер көрсетті. Олардың бәрі де іріктеуден өткен, яғни вокал, би және актерлік шеберлікті жетік меңгерген кәсіби мамандар. Мюзиклде жеке орындаушылар «Академия солистов» мемлекеттік камералық оркестрі мен Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының «Bigband» ансамблінің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән шырқады.

Өз кезегінде "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК директоры Салтанат Ақселеуқызы: «Қазақконцерт» – тек үздіктердің үздігі, ең талантты деген өнер иелерінің ортасы. Аталмыш өнер ұжымы республикамыздағы ең ірі өнер оқу ордаларының студенттері арасында іріктеу өткізіп, сол талантты жастардың негізінде «Astana Musical» театры құрылды. «Қазақконцерттің» Астана төрінен орын алуы, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұны, Қазақстанның мәдени өмірінде жаңа бір белес болып жазылған, сахна төрінде жаңа есімдердің жұлдызы жанған сәт деп бағалауға болады», — деді.
Астана жаңалықтары: Елордаға жаңаша тыныс әкелген «Астана мюзикл»
Айта кетейік, Тәуелсіздіктің мерейлі тойына орай жоғары буын жұлдыздары мен жас әншілердің қатысуымен аталған өнер ордасы желтоқсан айында үлкен концерт беруді жоспарлап отыр. «Astana Musical» театрының мақсаты – елорданың мәдени әлеуетін арттыру және театр қызметінің алуан түрлі жанрын кеңейту. Еліміздегі ең ірі концерттік құрылым «Қазақстан» концерт залының бар мүмкіндігін пайдалана отырып, әртістердің шеберлігін шыңдау, кәсібилігін арттыру. Алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықталған кешенде есімі елге әйгілі өнер жұлдыздарымен тығыз байланыс жасау арқылы жастарымызды әлемдік деңгейде таныту.

ult.kz
Әрі қарай

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Қардың көп мөлшерде түсуіне байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

«Астана Тазалық» ЖШС-інің ақпаратына сәйкес, қала көшелеріне 173 техника шыққан. 290 адам жаяу жүргінші жолдар мен гүлбақтарды тазалауға жұмылдырылды. Сонымен қатар, жолдарға құм-тұз қоспасы себілуде.

Синоптиктердің болжауы бойынша, ертең, 26 қазанда, Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз аздап қар жауады. Солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -8…-10°С, күндіз -3…-5°С болады.

27 қазанда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, сырғыма бұрқасын соғады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -6…-8°С, күндіз -1…-3°С болады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11518
Әрі қарай

Астанада Ақмола облысының күндері өтеді

29-30 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Қуатты өңір — қуатты Қазақстан» акциясы аясында Ақмола облысының күндері өтеді. «Хан Шатыр» СОСО аумағындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне облыстың 19 ауданы мен «Есіл» ӘКК» ҰК АҚ кәсіпорындары мен ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер қатысады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына қызықты мәдени бағдарлама ұсынбақ.

29 қазанда сағат 19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында М. Шахановтың «Шыңғысхан» спектаклі қойылады.

Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Тәуеліздігінің 25 жылдығына орайластырылған Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы жетістіктер көрмесі, сондай-ақ ақын, драматург, жазушы Құдайберді Мырзабектің «Жанымның мәңгі көктемі» атты шығармашылық кеші өтеді.

30 қазанда сағат 16.00-де Бейбітшілік және келісім сарайының опера залында Ақмола облыстық филармониясының «Жер жұмағы — Көкшетау, Ел тұмары — Астана» атты концерттік бағдарламасы ұсынылады. Осы күні сағат 18:30-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры Т. Ахметовтың «Шәкәрім» спектаклін көпшілік назарына ұсынады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11516
Әрі қарай

Елордада жаңа өнер галереясы ашылды

Астанада «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы мен Форте банктің қолдауымен ForteBank Kulanshi Artspace жаңа өнер галереясы ашылды, онда әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі суретшілердің туындылары мен инсталляцияларының көрмелері өткізіліп тұрмақ.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, елорданың шығармашылық зиялы қауымы мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Бастамашылар бұл галерея елорда өнерін жаңа деңгейге көтеріп, ағартушылық жұмыстың пәрменді құралына айналарына сенеді.

— Астана тұрғындарының атынан «Құланшы» қазіргі заманғы өнер галереясына және Форте банктің басшылығына осы жобаны іске асырғандары үшін алғыс айтамын, бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің айқын үлгісі болып табылады. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде мемлекет басшысының күш-жігерінің арқасында Қазақстан озық мемлекеттердің қатарына қосылып, әлемдік аренада танымал болды. Өркениетті әлемде қазақ жерінің байлығы мен қазақ халқының қонақжайлылығы туралы білмейтін ел жоқ. Және қазір өзімізді мәдениеті бай, шығармашылық әлеуеті зор мемлекет ретінде танытатын уақыт келді, — деп мәлім етті Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Галереяны іске қосу аясында қазақстандық бейнелеу өнерінің «Мәңгілік мұра» атты көрмесі ашылды. Экспозицияға Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің үздік суретшілерінің туындылары енгізілді. Авторлардың айтуынша, Орта Азия елдері мәдениетінің мұндай синтезі бүкіл әлем бойынша өнерсүйер қауым үшін таптырмас олжа, және елорда тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығары анық.

Авторлар Париждегі Лувр, Лондондағы британдық мұражай және Тейт галереясы, Мәскеудегі Третьяков галереясы және әлемнің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған туристер сүйіп баратын басқа да мәдени нысандар сияқты Астанадағы картина галереясы да Қазақстан өнері мен мәдениетінің символына айналатынына сенімді.

«Мәңгілік мұра» көрмесі 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты күн сайын сағат 10:00 — 20:00 аралығында өтеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11490
Әрі қарай

Астанада «Жол үстіндегі қабылдау» республикалық акциясы өтіп жатыр

Астана қаласының ІІД және «Нұр Отан» партиясының бастамасымен елордада «Жол үстіндегі қабылдау» жыл сайынғы республикалық акциясы басталды. Акция халыққа құқықтық білім беріп, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы көпшілікті ақпараттандыруға бағытталған.

Астана қ. Жергілікті полиция қызметінің және ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мамандары бірнеше жерде азаматтарды қабылдады, атап айтқанда, «Бәйтерек» монументінің алдында, елорданың мамандандырылған ХҚКО-сында, Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандарының Ішкі істер басқармаларында, «Артем» сауда үйінің алдында және теміржол вокзалының аумағында.

«Азаматтардың өтініштері бойынша біздің мамандар жедел түрде әрекет етуге тырысады, көбінесе сұрақтар сол жерде немесе жазбаша түрде түскен сәттен бастап 3 күннің ішінде шешімін табады. Осылайша, біз халықпен жүргізілген жұмыстың тиімділігін арттырамыз. Осы жолы мен азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін, жол қауіпсіздігінің проблемаларына ұсыныстарын өз көзіммен көріп білуге бел будым», — деді Астана қ. ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаев.

Сонымен қатар, жол-патрульдік қызметтің жұмысын жақсарту мақсатында «Рубеж» бақылау жүйесінің бекеттерінде, сондай-ақ, акция өтетін барлық орындарда жол-патрульдік полиция қызметкерлері азаматтар арасындаконституциялық-құқықтық заңнаманы сақтау бойынша сауалнама жүргізді.

Шара барысында бір сағаттың ішінде қала тұрғындарынан 30 өтінішкеліп түсті, соның ішінде қарбалас сағаттарда жол полициясы қызметкерлерінің көше қозғалысын қолмен реттеуінің тиімділігіне, жаңа аудандарда қосымша бағдаршамдар мен жаяу жүргінші өткелдерін орнату, қаладағы көлік ағынын азайту, көлік кептелістерімен күрес мәселелері көтерілді.

Жыл сайын полиция қызметкерлері азаматтардан 600 жуықөтініш қабылдайды, соның 60-70 % акция өткізілген сәтте пысықталады, дейді елордалық ІІД Әкімшілік полициясы басқармасының мамандары.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11495
Әрі қарай

Жыл басынан бері Астанада 700 ШОБ субъектісі абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері ЖПҚ табиғат қорғау полициясының қызметкерлерімен абаттандыру ережелерін бұзу бойынша 4 104 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, ҚР ӘҚБК 505 б. бойынша салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 52 028 030 теңгені құрады, (33 769 970 теңге өндіріп алынды).

Жасыл көшеттерді күту және қорғау ережелерін бұзғаны үшін 400 тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1 855 875 теңгені құрады (731 745 теңге өндіріп алынды).

Аймақты қатты тұрмыстық қалдықтардан, құрылыс және ірі көлемді қоқыстан тазалауды сапасыз және уақытылы ұйымдастырмағаны, ғимараттардың қасбеттерін дұрыс күтпегені, кіреберістерде хабарландыру тақталарының болмағаны үшін 146 қызмет көрсететін ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 299 370 теңгеден артық айыппұл салынды.

Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 693 шағын және орта бизнес субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде дүкендер, дәмханалар, сауда үйлері, бизнес-орталықтар, дәріханалар және сұлулық салондары бар. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 22 821 960 теңгені құрады.

Кроме того, к административной ответственности за нарушение правил благоустройства привлечены 693 субъекта малого и среднего бизнеса, в их числе магазины, кафе, ТД, бизнес-центры, аптеки, СТО и салоны красоты, общая сумма наложенного штрафа составила 22 821 960 тенге.
Әрі қарай

Астананың үш мыңнан астам әлеуметтік қорғалмаған тұрғыны жеңілдікпен санаториялық-курорттық ем алды

Елордада халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына ерекше назар аударылады. Жыл басынан бері 3373 адамға жеңілдікпен санаториялық-курорттық ем көрсетілді, соның ішінде 1349 зейнеткер, 208 ҰОС ардагері және оларға теңестірілген тұлғалар, 1816 мүмкіндігі шектеулі адам бар.

Қызметтер 2015 жылдың қазанынан бастап көрсетілуде: жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 35%, ал зейнетақының ең төменгі көлемін алушылар қатарынан жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 25%-ы төленеді.

Өткен жылдың сәуірінен бастап Астанада күніне бес реттік тамақтануы бар 540 кереует-орынға есептелген қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған Оңалту орталығы жұмыс істеп келеді. Орталық Щучинск-Бурабай курорттық аймағында экологиялық таза орман алабында Қатаркөл көлінің жағалауында орналасқан.
Әрі қарай