Астананың үш мыңнан астам әлеуметтік қорғалмаған тұрғыны жеңілдікпен санаториялық-курорттық ем алды

Елордада халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына ерекше назар аударылады. Жыл басынан бері 3373 адамға жеңілдікпен санаториялық-курорттық ем көрсетілді, соның ішінде 1349 зейнеткер, 208 ҰОС ардагері және оларға теңестірілген тұлғалар, 1816 мүмкіндігі шектеулі адам бар.

Қызметтер 2015 жылдың қазанынан бастап көрсетілуде: жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 35%, ал зейнетақының ең төменгі көлемін алушылар қатарынан жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 25%-ы төленеді.

Өткен жылдың сәуірінен бастап Астанада күніне бес реттік тамақтануы бар 540 кереует-орынға есептелген қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған Оңалту орталығы жұмыс істеп келеді. Орталық Щучинск-Бурабай курорттық аймағында экологиялық таза орман алабында Қатаркөл көлінің жағалауында орналасқан.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше