Алдағы 5 жылда Астанада 3 көпір салынады

Астана әкімдігі қаланы барынша жинақы салудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын түзді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Астана қаласының әкімдігі, қаланың көлік жүйесін жаңғырту шеңберінде ең алдымен әлеуметтік бағыттағы бағдарлама әзірлеген. Бұл туралы брифингте көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқарма басшысының орынбасары Әлихан Куатбеков айтты. Оның айтуынша, алдағы жылдары Астанада жаңадан үш көпір салынады. 


— Алдағы 5 жылда 121 шақырымды құрайтын жол салу және 3 көпір мен 2 жолайрық салу жоспарланып отыр.  Оның бірі жол өтпе, бірі тоннель.  Бұл магистральдық көшелердің толық көліктік мүмкіндігін береді, — деді А.Қуатбеков.


Сонымен қатар ол, өткен 3 жылда қаламызда 110 шақырымдық жаңа жол салынғанын, 102 шақырымдық жол жөнделгенін  айтып өтті. Жыл соңына дейін 28 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы аяқталады.


Қазір қаламызда 1102 шақырымды құрайтын 1039 көше бар және 8 көлік айрығы, 17 автожол көпірі, 7 жер асты және 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі, 9 жол өтпесі, 1 тоннель бар.


Астанада 86 жылы аялдама орнатылады

Жыл аяғына дейін адам қарасы қалың және аурухана мен емхана маңында 86 жылы аялдама қойылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Қалалық мәслихат отырысында әкім орынбасары Сергей Хорошун атап өткендей, қалада 1265 аялдама бар. Оның 897 павильонмен жабдықталған, оның ішінде 39-ы жылы павильон.


Жыл аяғына дейін бюджет қаражатына 55, ал мемлекеттік — жекеменшік әріптестік шеңберінде 31 жылы аялдама орнату жоспарланған. Келер жылы инвесторлардың есебінен жаңа үлгідегі тағы 200 шамасында жылы аялдама қою жоспарланған. Олар желдету, жылыту жүйесімен сондай-ақ қажеттілікті өтейтін бөлмелермен жабдықталады және Wi-Fi орнатылады. Аялдамаларда қоғамдық көліктің жүру бағыты мен уақыты көрсетіліп тұрады. 


Ал осылардың орнында тұрған бұрынғы ашық аялдамаларды Қала көлігін басқару басқармасының ақпаратынша қала сыртындағы аялдамаларға орнатады. 
Қалған 228 жарақталмаған аялдама павильонының 140-на павильон қою мүмкін емес.


«Олар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Аялдама орналасқан жерлерді қайтып алу және қажетті жұмыстар жүру керек. Бұл жұмыстарды біз тездетуге тырысамыз», — деді С. Хорошун.


Сол жағалауда төрт автожолда бірбағытты қозғалыс енгізіледі

Астананың сол жағалауында төрт автожолда бірбағытты қозғалыс енгізіледі. Онымен қоса, Кенесары мен Абай көшелеріндегі бірбағытты жолдар ұзартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда инфо сайтына сілтеме жасап.

«Бекітілген Көлік кешенін дамыту бағдарламасына сәйкес, қоғамдық көлік үшін Bus Lane жолақтарын сыза отырып, қаладағы алты көшеде: Қонаев, Достық, Түркістан, Ақмешіт және Кенесары мен Абай көшелерін ұзарту арқылы бірбағытты қозғалыс енгізіледі», — деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәслихаттың кезектен тыс отырысында.

Атап өтілгендей, бұл шешім қоғамдық көлік үшін кедергісіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Елордадағы қозғалыстың 60-65 пайызы автобустарға тиесілі. Сондай-ақ С. Хорошун бүгінгі күні қалада бір бағытты алты жол барын айтып өтті: Кенесары, Абай, Желтоқсан, Әуезов, Янушкевич және Мәмбетов көшелері. Олардың жалпы ұзақтығы 14,5 шақырым.

Өз кезегінде мәслихат депутаты Мәжит Шайдаров қозғалыстың аталмыш түрін сол жағалауда енгізбес бұрын оң жағалаудағы жағдайды реттеп алу керектігін айтты. Оның сөзінше, бірбағытты Желтоқсан мен Әуезов көшелері тұрақтарға айналып кеткен. Бұл өзге жүргізушілерге кедергі келтіріп қана қоймай, апаттық жағдайлар да тудырады. Әкімнің бірінші орынбасары бұл түйіткіл ақылы тұрақтардың екінші кезеңін іске асырумен ішінара шешілетініне сендірді.

Бұл ретте С.Хорошун 487 тұрағы бар Нұржол бульварын мысалға келтірді. Нұржолдағы ақылы тұрақ көп табыс әкеліп жатқанына да назар аударылды. «Тек осы пилоттық жобадан 2018 жылы 30 млн теңге айыппұл бюджетке түсті. Жыл соңына дейін тағы 4 мың, 2019 жылдың соңына қарай барлығы 10 мың тұрақ орнын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Олардың тең жартысы оң жағалауда орналасатын болады», — деді ол.

www.inform.kz/kz/astanada-tagy-tort-avtozhol-birbagytty-bolady_a3400979

Елордада 24-30 қыркүйек аралығында өтетін мәдени шаралар

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 24-30 қыркүйек  аралығында өтетін мәдени шаралар кестесін ұсынады.


Қала тұрғындары мен қонақтары 24  мен 30 қыркүйек  аралығында сағат 10.00-18.00 Тәуелсіздік сарайында ҚР Өнер Академиясының «Астана – арман қала» атты қолданбалы және көркем сурет көрмесі, Фотожурналист, жергілікті тарихшы Нұрмұхамат Имамовтың шығармашылығына арналған көрме, «Ақанаевтар әулеті» атты жеке көркем көрмесі, «Қасиетті жерлерге саяхат» Павлодар қаласының суретшілір көрмесі, «Ата заң — ел тірегі, Астана – ел жүрегі» Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай көрме, Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күніне арналған тематикалық көрме, Асқар Нұрболаттың  «Өмір» атты  жеке көркем көрмесін тамашалай алады.


«Астана» концерт  залында 25 қыркүйек сағат 18.00-де Классикалық, эстрадалық вокал солисттерінің «Қазақ операларының әпсаналары» камералық вокалды музыка кеші, 27 қыркүйек сағат 19:00-де «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблінің және халық ән солисттерінің қатысуымен Күнсұлу Тұрлыбекованың  жеке концерті, 28 қыркүйек сағат 19:30 «Jazz time» концерті. Үрмелі оркестрдің 18 концерттік маусымының ашылуы, 29 қыркүйек сағат 18:00-де Базарбай Жұманияздың шығармашылығына арналған концерт.  Симфониялық оркестрдің концерттік маусымының ашылуы өтеді.


28 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Казахстан» ОКЗ-да «Самғау» концерті Астаналықтарды шақырады.


28-29 қыркүйек сағат 19:00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында «Жайдарман» жоғарғы лигасы өтеді.


29-30 қыркүйек күндері сағат 12:00, 14:00-де Қуыршақ театрында Т. Хасанғалиеваның «Ана құдіреті», Р.Киплингтің «Маугли» шығармасының желісі бойынша қойылым қойылады.


30 қыркүйек сағат 14:00-де Казмедиа орталығында «Асыл Ана» республикалық фестивалі өтеді.


30 қыркүйек сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында Премер-Лига клубтары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты «Астана» ФК — «Жетісу» ФК ойынына шақырады.  


29-30 қыркүйекте Астанада ШҚО шаруашылық жәрменкесі өтеді

Бұл шара елорданың 20 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылып отыр. Шығыс жәрменкесі Қ.Мұңайтпасов көшесі мен «Қазақстан» спорт кешені аумағында таңғы 9:00-ден сағат 18:00 –ге дейін жалғасады.

Өнімдердің бағасы Астана базарларымен салыстырғанда 15-20 % төмен болатын көрінеді.

Аталған жәрменкеге Өскемен, Семей қалаларымен қоса 15 аудан бірдей атсалысып, жоғары сапалы, экологиялық таза өнімдер ұсынатын 50 сауда орны ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, бұл күні астаналықтар Алтайдың бренді – ара балын сатып ала алады.

Жалпы жәрменкеде құны 210 млн теңгені құрайтын 300 тонна ауылшаруашылық өнімі саудаланбақ.

Алматыда «Ақ тілекпен Астана» көрмесі өтуде

Алматыдағы Республика сарайында Астананың 20 жылдығына арналған көркемсурет және фотоөнер туындыларының көрмесі ашылды. «Ақ тілекпен Астана» экспозициясы Астана күндері мен Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізілген турне аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Алматы тұрғындары мен қонақтары көрмеде Тәуелсіздік сарайы қорындағы қазақстандық суретшілердің 100-ге жуық еңбегін тамашалады. Көрмеге А.Ақанаев, Е.Айтуаров, Р. Құлбатыров, А. Смағұлова, М. Бекеев, К. Қаржасов, Р. Слекенов, А. Қазығұлов, К. Базарғалиев, А. Сыдыханов, Ж. Мүсәпір, Н. Бубэ, З. Қожамқұлов, Б. Бурдесбеков, А. Құлбай, А. Есдәулетов, Е. Сидоркин, К. Каметов, Е. Оспанұлы, К. Муллашев, М. Байбосынова, У. Тілеулиева сынды 50-ден астам суретшінің және мүсіншілер Т. Ермеков пен С. Смағұловтың уақыт өте келе заманның қалай өзгергенін көрсететін еңбектері қойылды.


Бұдан басқа, фотоөнер сүйер қауым түрлі мемлекеттердің фотографтары Астананың 20 жылдығына тарту еткен жұмыстарды көре алады. Бұл фотокартиналар «Astana Around Us» фестивалі аясында елордада «Нұржол» желекжолында көпшілік назарына ұсынылған болатын. Еске салайық, «Astana Around Us» фестиваліне Яман Ибрахим (Малайзия), Раринда Пракарса (Индонезия), Даниэль Чон (Франция), Арслан Мухаммед Билял (Түркия), Андрей Пугач (Беларусь), Сергей Федоров (Өзбекстан), Виктор Магдеев (Қазақстан), Тұрар Қазанғапов (Қазақстан), Игорь Югай (Қазақстан) қатысты.


«Ақ тілекпен Астана» көрмесінің мақсаты қоғам назарын Қазақстанның елордасының бірегей сәулетіне және ерекшелігіне аударту, мәдениетті қалыптастыру және өнерді дамыту.



Астанада жас суретшілердің ерекше көрмесі ашылды

Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің 14 жас суретшісінің туындылары қойылған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.



«Перезагрузка. Оптимизация пространства» атты көрме «Astana Art Show» жобасының аясында өтуде. Көрменің ұйымдастырушысы «ARTtop» қазіргі заманғы өнерді қолдау қоры.



Экспозицияның салтанатты ашылуы «Москва» БО-ның құрылысы толық аяқталмаған залында өтті. Интерьері толық аяқталмаған зал көрмеге контраст беруде: өткен шақ алыс, басқа уақытта және мағына өрісінде, жаңа көк тіреген ғимараттар фонында басқа өмір, ал «жаңа адамдар» өзге тарих жасауда.



Көрме барысында суретшілермен кездесулер, ашық дәрістер, кураторлық экскурсиялар ұйымдастырылды.


«Бұл көрме жадыны зерттеу және қайта ойлау, қажетсіз «жүкті» түзеуге әрекет, заманауи өнерде жаңа тақырыптар мен пайымдар іздеу, бір адым алға жылжығу талпыну. Суретшілерді тек жастық және географиялық ценз ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік, тарихи және мәдени кеңістік байланыстырады. Сондай-ақ, жұмыстарда ғылым, философия және психоанализ бойынша бірқатар мәселелер қаралады», — дейді экспозиция кураторы Айгүл Ибраева.



Оның сөзінше, қазір жас суретшілер жаңа заман медиа саласында жұмыс істей отырып, соңғы трендтерді де ұмытпайды, өздерінің жұмыстарын заманауи тұрғыда жасай отырып, ұлттық болмысы мен салт-дәстүрлерін жоғалтпайды.



«Ұсынылған жұмыстар жалпы контексте индивидтің талдау қажеттілігін» біріктіреді, оның ойлауы, жады — қоғамды қазіргі заман тұрғысынан зерделеуінде, қалай көрсететіндігінде», — деп түсіндірді А. Ибраева.



Мысалы, Тәжікстаннан келген суретші Фарух Кузиеваның «Медиа казан» видео инстализациясында ұлттық тағамның құрамы таныстырылды. Өнер иесі өзінің аталмыш еңбегінде палауды қалай жасау керектігін және палау Тәжікстан Республикасының мәдени мұрасы екендігін айтуда.



Сондай-ақ, көрмеде Жазгүл Мадазимова, Айгерім Мажитхан, Аружан Жұмабек, Зоя Фальково, Александр Барковсктың және басқа да жас суретшілердің шығармашылығымен танысуға болады.


Көрме осы жылдың 20-шы қазанына дейін жалғасады.



 

Астанада жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

Жалпықалалық сенбілікке 188 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде 4 180 кәсіпорын мен мекеме, соның ішінде 46 жоғарғы және арнайы орта білім беру мекемелері, 177 мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелері, 58 денсаулық сақтау мекемесі, 146 мемлекеттік мекеме, ведомстволар мен ұлттық компаниялар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Жүк тиегіштердің 171 бірлігі және жүк көліктің 335 бірлігі іске қосылды, барлығы 506 мамандандырылған техника. Сенбілікте саябақтардың және шағынгүлбақтардың жалпы көлемі 2,3 млн м2 тазалық жүргізілді,   9 397 ағаштарды (қызыл тал, қара үйеңкі, қарағай, қайың, емен, пирамида сияқты терек, шетен, шаған, сағызқарағай, шефердия, шегіршін, қарақат, алма) және бұталардың 891 м.б. негізгі аймақтар бойынша отырғызылды.


– Алматы ауданында – 3 300 д. ағаштардың көшеттері отырғызылды («Нұрлы жол» жаңа вокзал ауданы, Президент саябағы, Есіл өзенінің бойындағы саябақ (оң жағалауы), денсаулық сақтау объектілері, білім беру мен сарай маңындағы аумақтар);


– Байқоңыр ауданында – 585 д. ағаштардың көшеттері мен 22 м.б. бұтақтар (Кенесары к-сі, Уалиханова к-сі, Тұрсық саябағы, денсаулық сақтау объектілері, білім беру мен сарай маңындағы аумақтар) отырғызылды;


– Есіл ауданында – 5010 д. ағаштар мен 480 м.б. бұтақтар (Е10 к-сі, Арай к-сі, Қорғалжыл тас жолы, сақтау объектілері, білім беру мен сарай маңындағы аумақтар) отырғызылды;


– Сарыарқа ауданында – 502 д. ағаштар мен 389 м.б. бұтақтар (Есіл өзенінің жағалауы, Бейсекова к-сі, Бейбітшілік к-сі, Кенесары к-сі, Көктал-2 т.а. сақтау объектілері, білім беру мен сарай маңындағы аумақтар) отырғызылды.


Өзендер арналарын санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету мақсатында еріктілер мен қоғамдық ұйым өкілдерін тартумен экологиялық акциялар Есіл, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендерінде өткізілді.


Сенбіліктің кезінде (14.00-ге) 904,83 тонна қоқыс жиналып шығарылды.


Экологиялық айлықта министрліктердің, агенттіктердің, Астана қаласы мәслихатының, Астана қаласы әкім аппаратының, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ардагер кеңесінің, кәсіподақ пен қоғамдық бірлестіктердің ұжымдары белсенді қатысты.


Кіші және орта бизнес қызметкерлерінің күшімен іргелес жатқан және кіретін аумақтары жиналды. Коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдарды:


– аула іштерін абаттандыру,  балалар онайтын және спорт алаңдарын, кіші сәулет нысандары, жиектерді және т.б. қалпына келтіру;


– инженерлік пен коммуникациялық желілерде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында пайда болған ақауларды жою;


– сыртқы жарнама мен рәсімдеу объектілердің (билборттар, пилондар, аншлагтар, жарық құрылымдары);


– өтпежолдарды және көпірлердің қоршаулары, құрылымдарды жуу, аялдамалардағы павильондарды жөндеу, тазалау;


– бей-берекет тасталған автокөлік құралдарды шығару;


– сым желілерін сәйкесінше жасау, көшелер мен саябақтардағы жарықтандырғыштарды жуу мен бояу.


Астана әкімдігінде ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесін ұсынды

20 қыркүйекте Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен терроризмге қарсы комиссияның отырысы болып өтті. Жиында әкім терроризмге қатысты осал объектілерді қорғаудың ағымдағы жағдайымен және қауіпсіздікті күшейту туралы ұсынылған шаралармен танысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Айта кетейік, жыл басынан ішкі істер органдары қаладағы 1106 объектінің 634-ін тексеріп шықты. 115-тен астам бұзушылықты жою туралы ұйғарым жазылды, 76 ТҚО объектінің қожайыны мен басшысына және де 5 күзет қызметін жүргізетін субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Мәжілісте қауіпсіздікті күшейте түсу үшін қаладағы барлық терроризмге қарсы жүйені қайта қалыптастыруға бағытталған бірнеше ұсыныстар айтылды.


Соның ішінде объектілер мен халықты қорғау процесінің интерактивті жүйесін ұсынатын пилотты жобаны босату. Авторлардың айтуынша ұсынылып отырған жүйе әрбір мүдделі объектінің айналасындағы инфрақұрылымды дайындыққа, кез келген кризистік жағдай туындаған кезде нақты әрекетті жоспарлауға, дер кезінде қай жаққа көшірудің бағытын анықтауға, төтенше қызметтің келу маршрутын, жедел штабтың орналасу орнын схемалы түрде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, астанадағы барлық терроризмге қарсы объектілердің құжатының цифрлық нұсқасы жинақталған жүйе мен «IKomek» Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасымен қамтамасыз етуді ұсынуда.


Сондай-ақ жобаны толықтай кең түрде енгізу үшін қаладағы барлық объектілердің схемасын құрастыру қажет, оған көппәтерлі тұрғын үйлер де кіреді, толықтырудың үзіліссіз механизмі мен мәліметтер базасын жаңартып отыру, жүктелген критерийге сәйкес мүдделі объекті бойынша ақпаратты жедел түрде алуға көмектеседі, субъектінің иелігіне зардабын тигізбестен онлайн-мониторинг жүргізеді және де бір мезетте немесе мекенжайға шұғыл хабарландыру жібереді.


Жобаны сәтті іске асырған жағдайда өте күшті төтенше оқиғалар кезінде жедел әрекет етудің тиімді жүйесін қалыптастырады. Бұл жұмыстың нәтижесі — қаланың терроризмге қарсы бірыңғай құжаттарын қалыптастыру жұмысы болмақ.


Мәжілістің қорытындысы бойынша Астана әкімі өкілетті органдарға аталмыш мәселені тиянақты зерттеп, айтылған шараларды іске асыру туралы нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.


Астана мен Алматы 24 млрд теңгенің көлемінде әріптестік туралы құжатқа қол қойды

Алматы қаласындағы елорданың 20 жылдығына арналған Астана күндері шеңберінде 21 қыркүйекте «Аймақаралық «Астана – Алматы» әріптестігі» іскерлік форумы болып өтті. Форумды астана әкімдігінң қолдауымен «Astana Invest» ұйымдастырды.


Форум жұмысына Астана және Алматы әкімі, мемлекеттік орган мен мекеменің өкілдері мен аймақтық кәсіпкерлер палатасы, даму институттары, сонымен қатар қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер қауымдастығы мен бизнес-қауымдастық қатысты.


Астана әкімі Бақыт Сұлтанов елорданың дамудың жаңа деңгейіне ауысып жатқаны туралы айтты. Қазір Астана тез өсіп бара жатқан қала және әлемдік масштабтағы ең сәтті урбанистикалық жобаның бірі. Қала халқы 20 жыл ішінде 3,6 есеге өсті, инвестиция – 50 есеге, территория 3 есеге өсті.


«Астана әлемдік трендтің соңынан ере отырып, жаңа технологияны дамытып әрі жаһандық қалаға айналуда. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында Астана қаласын ықшам құрылыс бойынша кешенді жоспарын әзірледі, онда 2019-2023 жылдарға арналған инженерлік- транспорттық инфрақұрылымды қамтамасыз ету қарастырылған. Жоспарды іске асыру қаланың экономикасының дамуына да, елге де оң әсерін тигізеді және де бизнесті дамыту, инвестиция тартудың жаңа мүмкіндігі ашылады», — деді Б. Сұлтанов.


Шара барысында В2В диалогы жүргізілді. Бизнес, мемлекеттік органдардың және екі қаланың даму институттары іскерлік климат, қалалық орта, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, кәсіпкерлікті қолдауды жақсартудағы тәжірибелерімен алмасты.


Қатысушылар Астананың 20 жылдағы жетістіктері көрмесінен білім, денсаулық, өнеркәсіп, инвестиция, инновация, туризм, архитектура, преспективалы жобалар мен аталған салаларды инвестициялаудың мүмкіндіктерімен танысты.


Форумда екі жаққа да тиімді құжаттарға қол қойылды. Ол Астана мен Алматы әкімдері арасындағы өзара түсіністік пен әріптестік туралы меморандум, сондай-ақ сомасы 60 млрд теңге құрайтын (165 млн доллар) бірнеше жобаны іске асыру туралы құжаттар, яғни қонақ үй кешені құрылысы, металлопластика өндірісі, МЖӘ және АЭА дамыту.


Сонымен бірге, «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК» ЖШС-нің Астанада алкогольсіз сусын өндіруді кеңейту жобасының келісіміне қол жеткізілді. Жоба Астана нарығында өнімнің осы түріне деген сұраныстың көп бөлігін қамти алады. Соңғы 10 жылда компания Қазақстанға 250 млн АҚШ доллар инвестиция құйды. Астанадағы зауыт 80 млн АҚШ долларын тартты, қазір мұнда 100-ден астам адам жұмыс істейді.


Форумның жұмысында Астананы дамытуда негізгі басымдықтар анықталды – инновацияны ілгерілету, іскерлік қаржы хабы ретінде астананы дамыту, туристік орталық, адамдарға қолайлы жағдай жасау үшін және мемлекеттік қызметтің сапасын жоғарылату.


Анықтама:


• Қала халқы 20 жылда 3,6 есеге өсті (1997 ж. – 287 мың, 2018 ж. – 1031 мың), қала аумағы 3 есеге өсті. Соңы жылдары қаржы тұрғын үй құрылысына, инженер және көлік инфрақұрылымына инвестицияланды.


Өткен жылы Астанада инвестиция көлемі рекордтық көрсеткішке 957 млрд теңгеге жетті (49 есеге, 1997 жылы – 19,3 млрд теңге) 3% өсті, оның 200 млрд теңгесі шетелдік инвестиция.


Осы жылы 8 айда жеке тұлға индексі инвестициясының негізгі капиталы 105,9% (598 млрд теңгені) құрады.


Өзара түсініспеншілік пен әріптестік туралы қол қойылған меморандумда:


• инвестициялық жобаны іске асыру бойынша сүйемелдеу:


«Steppe Capital Advisors» ЖШС Астана қ кешені,


• инвестициялық жобаны іске асыру бойынша сүйемелдеу: қонақ үй құрылысы


«LD Invest» ЖШС Астана қ кешені


• ЖШС-мен бірге қолданыстағы алкоголсіз сусын өндірісін кеңейту


«Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК»,


• «Функе» ЖШС Астана қ металлопластика өндірісін кеңейту


• «Алматы» ӘКК» ҰК АҚ МЖӘ саласында,


«Astana» ӘКК» ҰК АҚ өзара әріптестік және «Алматы» ӘКК» ҰК АҚ,


• Астана, Алматы қалаларында АЭА дамытудағы өзара әріптестік, «АстанаТехнополис» АЭА УК» АҚ және «Парк Инновационных Технологий» және автономды кластерлік қоры