Астанада 86 жылы аялдама орнатылады

Жыл аяғына дейін адам қарасы қалың және аурухана мен емхана маңында 86 жылы аялдама қойылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Қалалық мәслихат отырысында әкім орынбасары Сергей Хорошун атап өткендей, қалада 1265 аялдама бар. Оның 897 павильонмен жабдықталған, оның ішінде 39-ы жылы павильон.


Жыл аяғына дейін бюджет қаражатына 55, ал мемлекеттік — жекеменшік әріптестік шеңберінде 31 жылы аялдама орнату жоспарланған. Келер жылы инвесторлардың есебінен жаңа үлгідегі тағы 200 шамасында жылы аялдама қою жоспарланған. Олар желдету, жылыту жүйесімен сондай-ақ қажеттілікті өтейтін бөлмелермен жабдықталады және Wi-Fi орнатылады. Аялдамаларда қоғамдық көліктің жүру бағыты мен уақыты көрсетіліп тұрады. 


Ал осылардың орнында тұрған бұрынғы ашық аялдамаларды Қала көлігін басқару басқармасының ақпаратынша қала сыртындағы аялдамаларға орнатады. 
Қалған 228 жарақталмаған аялдама павильонының 140-на павильон қою мүмкін емес.


«Олар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Аялдама орналасқан жерлерді қайтып алу және қажетті жұмыстар жүру керек. Бұл жұмыстарды біз тездетуге тырысамыз», — деді С. Хорошун.


Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше