Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков ЭКСПО-2015 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің астанасы Милан қаласына жасаған ресми сапары аясында Мэрлер Саммитіне қатысты.
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы 2015 жылғы қазанда Астана қаласында сатып алу мен жалға беру үшін мынадай объектілерден 256 пәтер қарастырып жатыр: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы кенті, Ә. Жангелдин көшесі мекен-жайында орналасқан «Академия» тұрғын үй кешенінен 95 пәтер; Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алабы (сол жағы), Қобыланды батыр көшесі мекен-жайында орналасқан № 7 д, 7 г үйлерден 161 пәтер.
Алдағы демалыс күндері Астанада кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Дәстүрлі күзгі жәрмеңке «Хан шатыр» ОСО алдындағы алаңда ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары осы жолы Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының үздік тауар өндірушілерінің өнімдерін сатып ала алады.
Ауа райы аумалы Астананың қысқа дайындығы көңіл толарлық. Енді елордалықтарға бет қаритын аязды маусымда көше бойындағы аялдамалар да пана бола алады. Қаламызда алғаш рет ашылған «ақылды» аялдама аптаның айшықты уақиғасы болды.
Астанада ҚР Инвестициялар және Даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында техникалық қадағалау саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, лайықты мамандарды даярлау, ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша серіктестік Меморандумына қол қойылды.
Елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен «ДОС» Тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектігі бар жандарға белсенді оңалту лагерін ашты.
Қазақстандықтар «Expo-2017» көрмесі қарсаңында Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз ұша алады. Осы елге іссапармен барған Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев шетел билігімен осындай келісімге келді – деп хабарлайды Қазақпарат.