Елорданың 2015-2017 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді

Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс 58-ші сессиясында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нұрпейісов елорданың бюджетіне енгізілетін өзгерістер бойынша халық қалауларына баяндама жасады. Оның айтуынша, елорданың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсуі қаланың басты қаржы құжатына сүбелі үлес қосуға ықпал етті. Осыған орай, бюджеттік бағдарламалардың қаражаты қайта қаралу ұсынылды.

Астана қаласы Білім басқармасы, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндері бойынша Президенттік олимпиада өткізетінін хабарлайды.






