Биыл күзде Астанада 13 мыңнан аса жаңа көшет отырғызылды

Тағы бір кезекті экологиялық айлық аяқталды. Акцияның толық кезеңінде 3522,78 тонна қалдық полигонға көму үшін жиналып, шығарылды, 13 мыңнан аса ағаш көшеті отырғызылды және 8880 тал-шілік отырғызылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Астана қаласында санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша 2018 жылғы 10 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өткен экологиялық айлықта және 22 қыркүйекте өткен жалпықалалық сенбілікте 118 мыңнан астам азамат, сонымен бірге 4 180 кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер қатысты. Мамандандырылған техниканың 506 бірліктен астамы іске қосылды.


«Өткізілген айлықтың шеңберінде 13 307 ағаш көшеті (қызыл тал, татар үйеңкісі, қарағай, қайың, емен, пирамидалық терек, шетен, шаған, сағызқарағай, шефердия, шегіршін, қарақат, алма ағашы)  және 8880 тал-шілік отырғызылды. Айлықтың толық кезеңінде 3522,78 тонна қалдық полигонға көму үшін жиналып, шығарылды және 751 сапар жасалынды», — деді Астана қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұса Танабаев.


Сондай-ақ біздің елорда халықаралық әлеуметтік-экологиялық «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясына қосылды. Соның барысында 3,3 тонна қайталама шикізаттарды жинап, өңдеуге тапсырылды.


«Орта және шағын бизнестің қызметкерлерімен кіреберіс және ұштасқан аумақтар жинастырылды. Коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдар ішкі орамды абаттандыруда, жол төсемі мен жаяу жүргінші өтпежолдарының бүлінген (шұңқырлы) аймақтарында ағымдық жөндеу бойынша жұмыстары және рұқсаты жоқ қоқыс үйінділерді жою жұмыстары жүргізілді», — деп түйіндеді спикер.


15-21 қазан аралығында өтетін мәдени шаралар кестесі

Қала тұрғындары мен қонақтары 15 мен 21 қазан аралығында сағат 10:00-18:00 Тәуелсіздік сарайында Асқар Нұрболаттың «Өмір» атты жеке көркем көрмесі, «Ақанаевтар әулеті» атты жеке көркем көрмесі, Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі Е.С. Асылхановтың жеке көрмесін тамашалай алады.

15-30 қазан сағат 10:00-18:00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында «Рухани жаңғыру: Карлаг, «АЛЖИР» — Қазақстанның естелік орындары», «КАРЛАГ: қапастағылар қаламынан» — «КАРЛАГ: творчество в неволе».

15 қазан сағат 18:00-де Казмедиа орталығында «Newton tour» тобының концерті.

16 қазан сағат 11:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Е. Шварц «Күлше қыз», ертегісі, 17 қазан сағат 18:30-да Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» психологиялық драмасы, 18 қазан сағат 18:30-да С. Балғабаев «Ең жақсы еркек» комедиясы, 19 қазан сағат 18:30-да М. Байжиев «Тіл табыскандар» комедиясы, 21 қазан сағат 18:30-да Ш. Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы қойылады.

16 қазан сағат 19:00-де «Астана Опера» МОБТ (Камералық зал) «Бег времени» симфониялық музыкалық кеші, 17 қазан сағат 19:00-де «Романтика по немецки» концерті, 19 қазан сағат 19:00-де «Астана Опера» МОБТ (Камералық зал) «ТЮРКСОЙ» жастар камералық қорының концерті өтеді.

16 қазан сағат 19:30-да «Астана» концерт залында Симфониялық оркестрдің концерті, 17 қазан сағат 19:00-де Халық әні бөлімінің жеке орындаушылары, «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі, «Шалқыма» халық биі ансамблінің «Әсерлі ән сал домбыра» атты концерті, 20 қазан сағат 17:00-де Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы эстрадалық би ансамблінің «Ән шырқайық, би билеп» атты концерті өтеді.

20 қазан сағат 15:00-де, 21 қазан сағат 18:00-де «Қазақстан» ОКЗ «Жыр арқауы — Астана» халықаралық ақындар айтысы тамашалай аласыздар.

21 қазан сағат 18:00-де М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры А. Цагарели «Ханума» музыкалық комедия қойылымы.

Астанада шағын бизнесті «Құтқару қызметі» пайда болды

«Атамекен» ҰКП «Бизнесті құтқару қызметі» пилотты жобасын іске қосты. Енді шағын бизнес өкілдері үшін консультация алатын және заңсыз тексеруді тоқтататын 1432 байланыс орталығы құрылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бизнесті құтқару қызметі» түрлі саладағы кәсіпкерлер үшін жұмыс істейді, яғни қоғамдық тамақтану орны (ресторан, бар, кафе), қызмет көрсету саласы (сән салоны, турагенттер, киім жөндеу және тігу және басқа), сервис (тамақты жеткізіп беру), сауда, сондай-ақ жөндеу және монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын бизнесмендерге арналған. Жоба Астанада пилотты режимде іске асырылып жатыр және елордадағы шағын және микро-бизнесті шұғыл түрде тиімді қолдауға бағытталған. 1432 номері бойынша астана кәсіпкерлеріне өзекті және жедел кеңес ұсынылады, ал «Құтқару қызметі» мобильдік тобы сол айтылған жерге шұғыл түрде барады. Егер жоба қолданыстан сәтті өтсе республика бойынша енгізілетін болады.

«Атамекен» ҰКП қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті хабарлағандай, «Бизнесті құтқару қызметі» келесідегідей принциппен жұмыс жасайды: «Егер Астана кәсіпкеріне бақылаушы органнан, салықтан немесе көші-қон қызметінен, полициядан заңсыз тексеруге келсе болмаса есепшотты арестке алса, бизнес объектіні коммуникациядан өшірсе – сізге шұғыл түрде көмек көрсетіледі». Мобильді топтың құрамына «Атамекен» ҰКП, прокуратура, жемқорлыққа қарсы органдар, Астана ІІД және ТЖД қызметкерлері кіреді.

Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

15-і қыркүйек күні «Бейбітшілік және Келісім сарайында» Астана қаласы әкімдігінің Жайдарман ойындары арқылы жастарды қолдауға бағытталған дәстүрлі "Әкім кубогы" республикалық жобасы өтті.

Осымен тұп-тура 10 жыл қатарынан өткізіліп, биылғы жолы Астана қаласының 20 жылдығының аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты Астана қаласының дәрежесін көтеруге өз үлесін қоса отырып, мемлекеттік жастар саясатына атсалысу болатын.
Сондай-ақ − «Мәңгілік ел» Жалпыұлттық патриоттық идеяның, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы және оның құндылықтарын, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерге өз үлесін қосу және насихаттау болып табылады.

Барлығы 17 команда қатысқан «Әкім кубогы» өз мақсатына жеткендей. Өйткені екінші жыл қатарынан шараға шетелдік командалар қатысты. Биыл Қырғызстандық «Алатоо» командасы сайыстың маңызын арттырды.

Жайдарманшылардың өнеріне баға берген қазылар алқасының құрамында: «Қазақ радиолары» ЖШС басшысы Мәди Манатбек, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, сатирик Көпен Әмірбек, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен және Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин болды.

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Астанада 44 емхана азаматтарды тіркеуге дайын

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Жыл сайынғы дәстүрлі кампания екі айға созылады. Тіркелу науқаны шеңберінде қазақстандықтар, ҚР аумағында тұрғылықты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар емхананы еркін таңдау құқығын пайдалана алады. Қазақстан астанасының қарқынды дамуының арқасында қала халқының өсімі жыл сайын артуда.



«Астанада алдыңғы жылғы тіркеу науқанының қорытындысы бойынша 1 034 млн адам емханаға тіркелді. Медициналық қызметті жеткізушілердің 16-сының мемлекеттік жекеменшік формасы бар, 15 МЖӘ және жекеменшік мекеме», — деді «ӘМСҚ» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Н. Қабдықапаров.



Астана қаласы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 44 денсаулық сақтау субъектісі тұрғындарды тіркеуге дайын. Оның ішінде 13 жекеменшік емхана әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекітуге дайын. Астана қаласы тұрғындарға медициналық қызмет көрсету бойынша 556 учаскелерге бөлінген. Яғни, қазіргі таңда бір дәрігерге жүктелген жүктеме 1859 адамды құрайды. Келесі жылдан бастап дәрігерлерге түсетін жүктеме мен емханалардағы кезекті азайту мақсатында тіркеу шегі белгіленеді. Ол бойынша бір жалпы практика дәрігеріне тіркелетін адам саны 1700-ден аспауы тиіс.



— Кампания жыл сайын өткізіледі, өйткені азаматтар өз емханасын ұнатпаса ауыстыру мүмкіндігі болуы керек, ал нарыққа қатысушылардың оның ішінде жаңадан қосылғандар келесі жылдан бастап халыққа қызмет көрсету үшін тапсырыстар ала бастайды, — деді Нұрлыбек Қабдықапараов.



Айта кетейік, ӘМСҚ қалалық филиалы 83 түрлі медициналық қызмет көрсететін жеткізушімен келісімшарт бекітті. Оның ішінде 45 жекеменшік ұйым бар. Жекеменшіктермен бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 33,5 млрд теңге.



Астанадағы қор жыл басынан бері мемлекеттік және жекеменшік жеткізушілерге 56,6 млрд теңге төледі. Келісімшарттан түскен 67 пайыз сома 84,6 млрд теңгені құрады. Қазір де қорға жұмыс берушілерден ақша аударымы түсіп жатыр. Осы уақытқа дейін қорға 97 млрд теңге аударылды, оның 12 миллиарды Астанадан түсті.



Емханаларға тіркелу үшін азаматтар таңдап алған медицина ұйымына тікелей барып, электронды үкімет порталы арқылы онлайн режімде және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеле алады. Емхана арқылы тіркелу үшін жеке куәлігіңізді алып, бас дәрігердің атына өтініш жазасыз. Онлайн режімде тіркелу үшін жүйеге кіріп, электронды өтінімді толтырасыз. Ал ХҚКО арқылы тіркелу үшін Connection Points бөлімінің қызметін қолдана аласыз.



Н. Қабдықапаровтың айтуынша, емханаға тіркелер алдында отбасылық қызмет көрсету және медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі принциптерін ескере отырып, үйіңізге жақын емхананы таңдаған жөн. Бұл принцип науқасқа дәрігердің жедел көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Азаматтарды емханаларға тіркейтін мекемелердің тізімі «ӘМСҚ» КЕАҚ-ның fms.kz/kk/select-medical-inst интернет-ресурсында берілген.

«Дүниежүзілік тазалық күні» акциясында 3 тоннадан астам қоқыс жиналды

15 қыркүйек күні өткен «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық әлеуметтік-экологиялық акциясына 5 мың адам атсалысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Астанадағы 10 локациядан (Сарыбұлақ өзенінің жағасы, № 14, № 37, № 73 мектеп аумағы, «Нұрлы жол» вокзал ауданы, Қорғалжын тас жолы, Н. Тілендиев көшесі және т. б.) 3,3 тонна қатты қоқыс жиналған.


Бұл акцияның ерекшелігі жиналған қоқыс сортталып (қайталама шикізатты бөлек аралас қоқысты бөлек) «Kaz Recycle Service» ЖШС-нің қоқыс өңдейтін зауытына жіберілді.


Айта кетейік, бұл акция жыл сайын 15 қыркүйек күні өтеді. Оған әлемнің 150-ден астам елі қатысады. Акция 2008 жылы Эстония елінен бастау алған, онда 50 000 ерікті 5 сағаттың ішінде елді 10 000 тонна қоқыстан тазартқан.

Астанада зат жоғалтсаңыз не істеуіңіз қажет?

Астана жаңалықтары: Астанада зат жоғалтсаңыз не істеуіңіз қажет?

109 номеріне күніне заттарын жоғалтып алғаны туралы кем дегенде 6-8 хабарлама келіп түседі. Адамдар ақшасын, картасын, қолғабын, көзілдірігін, музыкалық аспаптарын тіпті чемодандарын да ұмыт қалдырып жатады. Затыңыз жоғалған кезде не істеу қажет және басқа да қызықты оқиғалар туралы Астана әкімдігінің ресми сайтының материалынан оқисыздар. 


Күніне орта есеппен 109 қызметіне және телеграмм чатына 6-8 хабарлама келіп түседі. Сондай-ақ демалыс және мереке күндері бұл көрсеткіш айтарлықтай көбейе түседі. Адамдар қолғаптан бастап көзілдірік, несие картасы мен музыкалық аспап, чемоданға дейін, тіпті қомақты ақшасын да ұмыт қалдырып жатады. Мамандар көбіне жоғалудың «маусымға» қатысты себебі барын да айтуда.
«Мысалы қыста немесе күзде адамдар шарфын, бас киімін, қолғабын ұмытса, жазда – қолшатыр, сөмке, құлаққап, көзілдірігін ұмытады. Керек десеңіз, несие картасын, спорт сөмкесін, құжат салынған пакетті де ұмыту рейтингтің алғашқы қатарында тұр. Әсіресе балалар ұмытшақ келеді. Олар мектеп сөмкесін, добын тастап кете салады. Сосын бізге ата-аналар хабарласып, келіп алып кетеді. Балалар сонымен бірге музыкалық аспабын немесе спорттық заттарын, кейде сөмкеге салынған тамақтарын да ұмытып кететіні жиі кездеседі», — дейді «Астана LRT» өкілдері.


iKomek қызметі егер затыңызды жоғалтқан жағдайда бірден 109 номеріне хабарласуыңыз керек болмаса Telegram немесе Facebook чат-ботына хабарласқаныңыз жөн деп түсіндіреді. Жолаушы ертерек хабарласса, жоғалған зат та тезірек табылуы мүмкін. Ол үшін автобустың бағыт номерін, жүрген уақытын айту қажет. Мамандар автопаркпен байланысқа шығып, заттың жоғалғаны туралы кондукторға ескертеді.
«Қолдау қызметіне неғұрлым ертерек хабарлассаңыз соғұрлым жоғалған затыңыз ертерек табылады. Арнайы қызметке дер кезінде хабарласу, яғни жарты сағат не екі сағаттың ішінде болса, онда заттар көбіне табылып жатады. Жоғалған затыңызды сол автобустың жүргізушісінен немесе асығыс болмасаңыз автопарктің диспетчерлік қызметінен келіп алып кетуге болады», — дейді қалалық iKomek Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының баспасөз хатшысы Махаббат Рахимова.
Автопарк дичпетчерлерінің есінде талай оқиғалар қалды — құжат салынған папкаларда есеп жоқ және ломбардқа барып алған ірі көлемдегі ақшаларды да тауып алған.
«Бірде бір ер азамат техпаспорты мен көлік куәлігін жоғалтып алады. Біз оны тауып алдық та, сақтап қойдық. Ер азаматпен байланыстық, сөйтсе ол жаңасын жасатып үлгеріпті, бірақ аздаған уақыттан соң оны да жоғалтып алған. Бізге келіп жоғалтқан құжаттарын келіп алып кетті», — деді «AstanaLRT» қызметкері өткен оқиғаларды есіне түсіріп.


Айт кетейік, 2018 жылдың маусым-шілде айларында 94 өтініш түскен, оның 90% иелеріне қайтарылды.

Елбасы Астана қаласындағы № 85 мектеп-лицейге барды

Астана жаңалықтары: Елбасы Астана қаласындағы № 85 мектеп-лицейге барды

Мемлекет басшысы Катар Мемлекетінің даму қорының қолдауымен салынған № 85 жаңа мектеп-лицейдің оқу кабинеттерін аралап көріп, оның материалдық-техникалық базасымен танысты, сондай-ақ оқушылармен әңгімелесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты akorda.kz сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев журналистер алдында сөйлеген сөзінде еліміздің барша оқушыларын, ұстаздар қауымы мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтап, осы салтанатты іс-шараның елордада бой көтерген жаңа оқу ордасының қабырғасында өтуінің символдық мәні бар екенін айтты.

– Бүгінде республика бойынша 181 мектеп салынып жатыр. 23 мектептің құрылысы аяқталып, алғашқы оқушыларын қабылдады. Қазақстан бойынша 7 мыңнан астам мектеп 3 миллион оқушыға есік ашты. Соның 350 мыңы – мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды, – деді Қазақстан Президенті.
Астана жаңалықтары: Елбасы Астана қаласындағы № 85 мектеп-лицейге барды
Елбасы XXI ғасырдағы жоғары технологиялық әлемде ілім-білім инновацияның кілті және Қазақстан дамуының басты ресурсы саналатынын айтып, мемлекетіміз білім беру саласына зор мән беріп отырғанына тоқталды.

Мемлекет басшысы функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған орта білімнің жаңартылған мазмұнына көшу қажеттілігін атап өтіп, оқушылардың қазіргі жағдайда алған білімдері мен машықтарын тәжірибеде қолдана алуға тиіс екеніне назар аударды. Бұл педагогтың біліктілігі мен кәсібилігінің жоғары деңгейде болуын талап етеді.
Астана жаңалықтары: Елбасы Астана қаласындағы № 85 мектеп-лицейге барды
– Мемлекет педагогтарды даярлау, білім саласындағы еңбекақы жүйесін жетілдіру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Осы оқу жылынан бастап аттестациядан өткен мұғалімдердің жалақысы жаңа жүйе бойынша 30-50 пайызға артады, – деді Қазақстан Президенті.
Астана жаңалықтары: Елбасы Астана қаласындағы № 85 мектеп-лицейге барды
Нұрсұлтан Назарбаев заманауи технология дәуірі мен Қазақстанның үшінші жаңғыруының талаптары балаларға сапалы білім беріп, олардың талдау және креативті даму қабілетін қалыптастыру үшін жаңа міндеттер қоятынын атап өтіп, оқушылардың ақпараттық технология мен шет тілдерін еркін меңгеруі қажет екеніне назар аударды.

Фото: www.akorda.kz
Әрі қарай

Астанада «Есіл жағасындағы жекпе-жек» атты ММА аралас жекпе-жегі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада «Есіл жағасындағы жекпе-жек» атты ММА аралас жекпе-жегі өтеді

31 тамызда «Алау» мұз айдыны сарайында Астананың тарихында тұңғыш рет кәсіпқойлар арасында ММА аралас жекпе-жек спорт өнері бойынша «Есіл жағасындағы жекпе-жек» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Турнирдің ұйымдастырушысы Астанадан шыққан жаңа қазақстандық промоушен TOBET Fighting Championship және серіктесі FIGHT NIGHTS GLOBAL, сонымен бірге тағы бір отандық промоушен ALASH PRIDE.

Турнир аясында Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін жеңіл салмақта Жалғас Жұмағұлов (Қазақстан) және Тагир Уланбеков (Ресей) арасында жекпе-жек болады. Жалғас Жұмағұлов бұрын осы белдік үшін Вартан Асатрянмен кездескен.

Сондай-ақ, осы турнир шеңберінде елорданың тұрғындары мен қонақтары мынадай супер жекпе-жектерді тамашалайды:

АСВ-ға қатысатын, ALASH PRIDE клубының тәрбиеленушісі Асу Алмабаев пен Джовхар Дошуев арасындағы жекпе-жек, FIGHT NIGHTS промоушенда өнер көрсететін танымал қазақстандық спортшы Жұман Жұмабековтың кәсіби спортта 5-0 рекордпен, жеңіліссіз келе жатқан Мұхамед Эминовқа қарсы жекпе-жегі.

Сонымен қатар, көрермендер муай-тай ережесімен екі жекпе-жекті тамашалайды:

Астана қаласы әкімінің жүлдесін кәсіби турнирде ұтып алған Николай Самусев пен «Tobet Top Team» бірыңғай жекпе-жек академиясының тәрбиеленушісі Рүстем Ақжанов өз өнерлерін ортаға салады.

Билеттер «Алау» мұз айдыны сарайының кассаларында және ticketon.kz сайтында сатылады. Басталуы сағат 18:00-де.

«AstanaDausy-2018» - ұлттық бояуы бар фестиваль

Астана жаңалықтары: «AstanaDausy-2018» - ұлттық бояуы бар фестиваль

«AstanaDausy-2018» екінші жылсайынғы музыкалық шарасының өтуіне бір аптадан аз уақыт қалды. 29 тамызда «Барыс Арена» мұзайдын сарайының сахнасында Азия, Еуропа және Американың 12 мемлекетінің артистерібарша әлем тыңдармандарының жүрегін жаулаған хиттерін орындайды. Атап айтқанда, NinetyOne тобы, Григорий Лепс, Loreen, ALEKSEEV, Ани Лорак, Филипп Киркоров, Согдиана, Сосо Павлиашвили және басқалары. Кеш жүргізушілері – Ләйлә Сұлтанқызы және Андрей Разыграев.

Өткен жылы аталмыш шара елордада алғаш рет өткізіліп, күшті әсер қалдырған. Бейбітшілік пен келісім сарайында Қайрат Нұртас, Бьянка, Oceana, Arash, Григорий Лепс сынды үздік артистер қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған болатын. Әншілер қазақстандық көрермендердің қонақжайлылығы мен ықыласын ерекше атап өтіп, жылы қарсы алғандары үшін алғыстарын білдірді.

Муз-ТВ телеарнасының бас директоры АрманДавлетьяров фестивальге қуана қатысқанын және жақсы әсер алғанын айтқан еді.

«Мұндай фестиваль Ресейде де болған емес, ұйымдастырушыларға, қала әкімдігіне осындай мереке сыйлағандары үшін алғыс айтамын. Жүрегімді шаттық кернеп тұр…Жылы шырай танытқан барша қазақстандықтарға рахмет», — деді шарадан кейін АрманДавлетьяров.

«Фестивальдің жыл сайын өткізілуін тілеймін», — деді Светлана Лобода. Айтқаны келді! Биыл да ұйымдастырушылар қызыққа толы керемет кеш сыйламақ.Айта кетейік, «Astana Dausy-2018» Астана қаласы әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасының күшімен ұйымдастырылады.

Фестивальдің қоюшы-режиссері ретінде Киевтен «FCHF-group» командасы шақырылды. Музыкалық шараның басты ұраны – «Астанадауысы – шексіз!».

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, артистер сахнада өнер көрсеткенде лазерлік шоудыңинсталляциялары мен элементтерінде Қазақстанның символдары мен ұлттық белгілері қолданылады. Мысалы, басты экранұлттық бас киімнің, ал едендегі дөңгелек экранАстананың белгісінің элементтерінің бірініңформасында жасалады. Әрбір қойылым ерекше болады, дейді ұйымдастырушылар.

Еске салайық, фестивальге қатысатын артистерге көрермендердің шексіз сүйіспеншілігінің және оның шығармашылығын жоғары бағалаудың белгісі ретінде мүсіншелер табысталады.

Музыкалық кеш 29 тамызда сағат 19.00-де өтеді.
Әрі қарай