Art Fest фестивалінде астаналықтар 50 астам инсталляция тамашалайды

Astana Art Fest екінші қазіргі заманғы өнер фестивалінің ашылуына екі күн қалды. Бүгін көптен күткен шараны ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар биылғы шараның тұжрымдамасы, инсталляциялар туралы айтып беріп, айырықша перфоманстарды таныстырды.
Аталған шара барысында 42 өнер қайраткері 50 астам туындысын көпшілік назарына ұсынады. Фестиваль аясында конкурстық және білім беру бағдарламалары, шеберлік дәрістер мен шығармашылық зертханалар ұйымдастырылады.
— Биылғы фестиваль бағытының негізгі идеясы – адам энергиясы. Ашық аспан астында өтетін көрмеде қазіргі заманғы өнер, сәулет, өнеркәсіптік дизайн және музыка саласындағы суретшілеріміздің туындылары қойылады. Шілденің 4-і мен 6-сы аралығында Елорда күнін мерекелеу аясында 8-ден кешкі 12-ге дейін кеш қонақтары Швейцария мен Германиядан келген диджейлердің музыкасын тыңдайды, — деді Astana Art Fest 2016 ұйымдастырушыларының бірі Әнуар Нұрпейісов.
Шараны өткізудің басты идеяларының бірі барша әлемде кеңінен таралып жатқан көше театрларын дамыту болып табылады. Биыл Astana Art Fest фестиваліне тек қазақстандық театрлар ғана қатысады.
Art фестивалі шілденің 4-і мен 6-сы аралығында Нұржол желегінде өтеді. Қазіргі заманғы өнер әлеміндегі шара үш күнге жалғасады. Сонымен қатар, маңызды мәселелерді тақылауға арналған Astana Art Forum пікірталас алаңы жасалмақ. Оған ғалымдар, дизайнерлер, суретшілер және т.б. қатысады. Фестиваль ҚР Ұлттық музейінде Art Fest Gala Night шарасымен аяқталады, онда Швейцария, Ұлыбритания және Қазақстанның әртістерінің, мәскеулік медиапоэзия зертханасының ерекше қойылымдарын тамашалауға болады.




Құдай-ау… Не деген қамқорлық десеңші?!) Қаз-қатар тізілген жап-жаңа, бояуы кеппеген шелек, күрек, зембіл (носилька), қоларбаларды көргенде, кезіндегі мектепте ұйымдастырылған сенбіліктер есіме түсіп, көңілім босап кетті) Қалжың ғой. Ойын ойынымен, ол кездегі сенбіліктерге не күрек жетпей, не зембіл жетпей, кезек күтіп тұратын едік. Қашып кетуге көзіңді баққан жетекші) Ең қызығы үйі мектепке жақын балалардың үйінен күрек, шелек тасып жүргендері ше))
Расымен де ұйымдастыру мықты. Құралдардан бөлек арнайы палатка тігіп, сенбілікке келгендерге кофебрейк те ұйымдастырған екен. Әне жерде, самаурын да қайнап тұр. Керемет емес пе?!
Айтқандай әкім шалқайып тұрмады, «Бүгінгі сенбіліктің маңызы бөлек, бұл «Біз – таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілігі болғанмен, жан-жақтан келіп қоныстанған барша астаналықтарды біріктіретін,өзін астаналық ретінде сезіндіретін шара деп қысқаша түсіндіре кетті де (көрдіңіз бе, менің ойыммен дәл келіп тұрған жоқ па?!), іске кірісіп-ақ кетті.
Ал біз жұмыс істеудің орнына шарт та шұрт суретке тартумен әлекпіз. Қайтейік, қара жұмыс жасаған әкімді сирек көреміз. Таңсық қой.
Біраз талдың түбін қопсытып, топырақ салған соң, әкім мырза сақылдап қайнап тұрған самаурыннан екі кесе шәй ішті де, қасындағы топ адамды ертіп ап, келесі бір жақтағы сенбілікші қауымға аттанып кетті. Оларға да дух беретін тойыс оларды да бір желпіндіріп алса, соның өзі қанша көмек…
Ал Жанасыл екеуміз осы желпінген күйі біраз іс атқардық та, әлгі шәйден ауыз тиіп, табанды жалтыраттық. Бірақ расымен де, астаналық ретінде Елордамыздың көркеюіне аз да болса үлес қосқаныма өз-өзіме риза болып қалдым. Дәл мен сияқты қаншама адамға сондай ой келген шығар. Демек сенбілік өз мақсатына жеткен сияқты.

