«Астана» баскетболшыларының алғашқы жеңісі
Жақында ғана сайтымызда «Астана» баскетбол клубының құрамы тәжірибелі ойыншылармен жаңарғанын, жаңа маусымға тас-түйін дайын екендігін хабарлаған едік. Команда өз алаңында финляндиялық «Байзонс» клубын қабылдап, 83-80 есебімен жеңіске жетті. Бұл «Астананың» – ВТБ Бірыңғай лигасындағы алғашқы ұпайы.Рамунас Бутаутас баптайтын астаналық бойшаң ойыншылар бірінші кезеңде қонақтардан 25:16 ірі есебімен басым түсті. Одан кейінгі кезеңдерде «Байзонс» 24:23, 18:15, 22:20 есептерімен алға шықты. Дегенмен жалпы есепте «Астананың» бәсі жоғары болды.



