Бүгін VI Халықаралық инвестициялық форумның бас сессиясы соңында Астана қаласы әкімдігі мен бірқатар ірі компаниялар арасында жалпы сомасы 500 млн. АҚШ доллары көлеміндегі меморандумдарға қол қойылды.
«Республиканың астанасы – Астана ЭКСПО көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған ТМД елдерінің ішіндегі тұңғыш қала», – деді «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов VI Инвестициялық форум барысында.
Мәдениет және Спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және Нұр Отан партиясының қолдауымен өтетін бұл жұлдызды футбол-концертке біраз танымал әншілер және спортшылар қатысады.
15 қараша 2015. Астана-Арена. Билеттер Ханшатырдағы
Нұрәлі Әлиев туризм, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласындағы БАӘ озық компаниялары басшыларына Астана қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетіп өтті.
Бүгін Халықаралық инвестициялық форум аясында «ASTRA» (Astana Transport Authority) қалалық транспорттық басқару компаниясының таныстырылымы өтті. Өнеркәсіптің негізгі бағыттары көлік, көлік жоспарлау, көлік инфрақұрылымы және көлік кешенін басқару болып табылады.
Бүгін VI Халықаралық инвестициялық форум аясында араб инвесторлары «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарын құрастыратын зауыт жұмысымен танысты. Өнеркәсіп 2011 жылдан бастап жұмысын істеп келеді. Зауыт халықаралық стандарттарға сай салынған. Бүгінгі күнде «Тұлпар-Тальго» ТМД аумағындағы теңдесі жоқ зауыт. Ең бірінші вагон құрамы Алматы-Петропавл бағытында жөнелтілді. Бүгінде аталыш поезд маркасы бүкіл әлемге танылған.
Жылыту маусымына дайындық аясында елорданың коммуналдық шаруашылғы саласында күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, магистраль мен жылыту жүйелерін жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, изоляция және гидравликалық сынақтар жүргізілді.
Бүгін Астанада VI Халықаралық инвестициялық форумының бірінші күні өтіп жатыр. Аталмыш шараға қатысу үшін елордаға Еуропа, ТМД мен Азия мемлекеттерінен делегаттар келді.
Бүгін Тәуелсіздік сарайында Astana Invest 2015 VI Халықаралық инвестициялық форумы басталды.
Astana Invest 2015 – қазақстандық истеблишмент пен шетелдік және қазақстандық бизнес-қоғамдарының өңірдегі инвестициялық дамуды талқылауға арналған бірегей алаң болып табылады. 20-дан астам басқа елдің 1000-нан артық делегаты Форумға қатысу ниетін білдірді. Шетелдік қонақтар үшін «Астана — жаңа қала» АЭА индустриалды парктің кәсіпорындары бойынша қызықты тур өткізіледі: «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС, «Тұлпар-Тальго» ЖШС, «Astana Solar» ЖШС. Нысаналардың көрсетудің барысында делегаттарға өндірістегі алдыңғы қатарлы технологияларды көрсете отырып, зауыттардың барынша қуаты жөнінде айтылады, сондай-ақ, соңғы жетістіктер мен еркін экономикалық аумақтың әлеуеті туралы сөз қозғалады.