Астанада 3-8 қараша аралығында «Шабыт» XVIII Халықаралық жастар шығармашылығының фестивалі өтеді. Шаранының ұйымдастырушылары елорда әкімдігі мен Қазақ Ұлттық өнер университеті.
Астанада ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Біріңғай төлем құжаты жүйесі енгізілді. Жаңа құжат «Астанаэнергосбыт» ЖШС мен «Астана-ЕРЦ» ЖШС қызметтерінің түбіртектерін біріктіреді. Қазіргі заманғы төлем жүйесі барлық коммуналдық төлемдерді бір түбіртек арқылы өтеуге мүмкіндік береді, уақыт пен комиссия шығыстарына қаржыны үнемдейді.
«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында 3 қараша күні өз алаңында мадридтік «Атлетико» командасын қабылдайды. Бүгінде бұл матчтың 17 мыңнан аса билеті сатылып қойды.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің жұмысымен танысты.
Г.Әбдіхалықова Ұлттық музейдің осыған дейін атқарған жұмыстарының есебін тыңдап, алдағы жоспарларымен танысты. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Талды-2 және Берел қорғандарынан табылған жәдігерлер жайлы ақпарат алып, Ұлттық музейдің «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Отырар мемлекеттік археологиялық қорығы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мұражайларының «Тарихи жады және тағылым», сонымен қатар, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Ұлттық натюрморт» атты көрмелерін және «Мәңгілік ел» триптихын тамашалады.
Елордада Мүсірепов көшесі 4/2 мекен-жайы бойынша жаңа аула клубы ашылды. Үш мектеп және төрт балабақшаның жанында орналасқан жаңа орталық спорттық секциялар мен сүйіктті хоббимен айналысатын алаңға айналады. Жаңа аула клубында үш жүзден астам жасөспірім түрлі шығармашылық және спорттық салаларға ден қоя алады.
Смарт-жобаларды іске асыруда инвесторларды тарту тәжірибесі – бұл әлемдік қазіргі заманғы тренд. Осы және көптеген басқа да нәрселер жайлы бүгін «Smart Astana» конференциясында айтылды.
28-29 қазан күндері өткен Astana Invest форумында қалалық көлік қатынасын басқару жүйесі таныстырылды. Жаңа жүйе «ASTRA» (Astana Transport Authority) деп аталады.