Астанада «Саябақтар маршы» акциясы басталды

Астанада елордалық саябақтарды тазалау мен көгалдандыруға бағытталған жыл сайын өткізілетін «Саябақтар маршы» акциясы басталды. Акция барысында белсенді жастар Алматы ауданындағы саябақтарды тазалайды, демалыс аймақтарын көріктендіріп, көгалдандырады. Шараны Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды.

Астана жаңалықтары: Астанада «Саябақтар маршы» акциясы басталды

«Саябақтар маршы» акциясы еліміздің барлық аймақтарында жыл сайын өткізіледі және акцияға қатысып, саябақ қызметкерлеріне ағаш егу, тазалық жұмыстарын жүргізу және қоршаған ортаны жақсартуға көмектесуге ниет білдіруші жандардың қатары жылдан жылға артуда.

«Саябақтар — қала адамдары үшін табиғат құшағына батып, демалып, ой сергітетін бірден-бір орын. Сол себепті баршамыз саябақ аймақтарын сақтауға және де көбейтуге ат салысып, тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуіміз қажет», — деп атап өтті «Жас Отан» жастар қанаты хатшылығының басшысы Аян Сакошев.

Астана жаңалықтары: Астанада «Саябақтар маршы» акциясы басталды

Шараның басты мақсаты — жас ұрпақты патриотизм және еңбекті қадірлеу бағытында тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және де Отанға сүйіспеншілік негізінде азаматтық сана-сезімді дамыту.

Астана жаңалықтары: Астанада «Саябақтар маршы» акциясы басталды
Әрі қарай

Алғашқы күн электр стансасы салынады

Астанаға жақын жерден қуатты 100 мегаватт болатын алғашқы күн электр стансасы бой көтереді, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы. Бүгін құрылыс орнына барған компания басшылары мен облыс әкімі стансаның іргетасын қалады.

Құны шамамен 150 миллион еуроға жуықтайтын станса бас қалада өтетін EXPO көрмесі қарсаңында ашылады. 300 гектар аумағы бар станция маңына 31 мыңнан астам күн панельдері қойылмақ. Ол толық іске қосылса, энергия өндіру қуаты жылына 288 мың мегаватқа дейін жетеді.

Мамандар баламалы қуат көзі Астана қаласы тұтынатын энергияның 10%-ын және еліміздің барлық аймағын түгел қамтамасыз ете алады дейді. Ал құрылысы аяқталса, 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Мамандардың барлығы біліктілік қабілетін шыңдап, арнайы курстан өтеді.

Астана жаңалықтары: Алғашқы күн электр стансасы салынады

— Стансаның баламасы Орталық Азияда жоқ. Болашақта әлемдегі ірі баламалы қуат көзін өндіретін стансалар қатарына енуі мүмкін. Осыдан үш жыл бұрын дәл осы жерде жобаны жүзеге асыру жайлы шешім қабылдаған едік. Болашақта қазақ жерінде тағы 4 ірі жобаны қолға алмақ ойымыз бар. Нақтырақ айтсам, алдымен Оңтүстік Қазақстанда. Кейін Қарағанды мен Қызылорда облыстарында станция ашуды жоспарлап отырмыз, дейді «KB Enterprises» компаниясының бас директоры Тайлан Караманли.

«Астана Опера» театры сахнасында балалар өнер көрсетеді

«Музыка әлеміндегі таңғажайып хикаялар» атты концерт «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін балаларға арналған жазғы іс-шаралар легін бастайды. 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуге мерекенің басты кейіпкерлері — театрдың балалар хоры мен балет студиясының жас әртістері шақырады.

«АстанаОпера» театрының режиссері әрі концерт идеясының авторы Наталья Кагадий барлық номерлер бір драматургия бойымен тізілетінін атап өтті.

Астана жаңалықтары: «Астана Опера» театры сахнасында балалар өнер көрсетеді

— Концертке қатысушылар — театрдың Үлкен залында түрлі амплуада ойнап жүрген балалар студиясының әртістері, бұл жолы кәдімгі балалардың рөлінде шығады. Олардың оқулары аяқталды, енді, міне, көптен күткен демалыстары басталды. Сабақтар мен шектеулерден босаған балалардың көңілі шаттыққа толы. Оларды достықтың қадірін біліп, мейірімділік пен әлемдегі бар жақсылықты тануды үйрететін сынақтар күтіп тұр. Бұл тұста оларға музыка көмектеседі, — деп тәмамдады режиссер.

Әр номер өзінше бір хикая — жас әртістер мультфильм, ертегі әлеміне, тіпті В.Моцарттың «Сиқырлы флейта» операсына да тап болады. Концертке балалар студиясы толық қатысады, ондағы хор мен балетте 105 қатысушы бар.

Отандық композиторлардың әндері: Қ. Сақайдың «Мектеп-ана», Т. Мұхамеджановтың «Заман-ай», М. Ілиясовтың «Мерекем — сен» және басқаларының, сонымен қатар неаполитандық «О sole mio!» әні шырқалады. Әртістер джаз стиліндегі өнерін ағылшын тілінде орындалатын Х. Бибидің «Who says I can't read music» және «Hats», Д. Шварцтың «You gotta generate heat», Л. Коэнның «Аллилуя», Х.М. Каноның «Hijo de la luna», Ф. Сарторидің «Con te partirò» (Time to say goodbye) композициялары арқылы паш етеді. Орындайтындыр: Лаура Күлекешева, Әнел Оразбаева, Алиса Шайпак, Айша Орынбасарова, Адиля Сәрсенова, Дариға Біләлова, Гүлбану Ержанова және басқалары.

Жаннұр Бәкешева мен Дина Салауатованың басшылығындағы балет студиясының әртістері қазақ биі «Дайдидау», «Балалар уақыты емес», «Демалыс уақыты» және «Yellow submarine» мен «Let it go» әндеріне қойылған хореографиялық композицияларды көрсетсе, Күн шығыс елінің өкілдері Харука Сато, Рейка Шимамура, Эри Куракава жапон биі «Сакураны» орындайды. Зағипа Әбішева Ц. Пунидің «Эсмеральда» балетінен номер көрсетеді, ал Э. Морриконенің музыкасына қойылған Су перісінің бейнесінде сахнаға Әнел Болат шығады.

Астана жаңалықтары: «Астана Опера» театры сахнасында балалар өнер көрсетеді

— Біз балаларға жазғы демалыста небір таңғажайып хикаяларды бастан кешуді, сондай-ақ күн сәулесінен мол қуат алып, оқу жылына жаңа күш жинауды және мақсаттарына жетуді тілейміз, — деп тіледі балалар студиясының хормейстері Алтынғаным Ахметова.
Әрі қарай

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанадағы Лугано күндері өткізілмек

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Қазақстанның астанасына жұмыс сапарымен келген Швейцарияның Лугано қаласының мэрі Марко Боррадоримен кездесті.

Астана жаңалықтары: ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанадағы Лугано күндері өткізілмек

Кездесу барысында екі елдің іскерлік және гуманитарлық байланыстарының қарқынды дамып жатқаны атап өтілді, бұл аймақтық деңгейде ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Біз швейцарлық компаниялармен ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз, олардың көбі Астананың да, барша Қазақстанның да нарығында өздерін жақсы жағынан танытты», — деді Ә. Жақсыбеков кездесу барысында.

Өз кезегінде, Боррадори мырза 2015 жылғы сапарында көріп үлгерген Астанаға тәнті екендігін жеткізді.

«Астана — өздігінен ерекше, бірегей қала. Оны алғаш рет көргенде-ақ, тәнті боласың. Сіздердің болашақты құру ниеттеріңіз, болашақты көздейтіндеріңіз мені одан да артық таң қалдырады. Жаңадан қала салу – бұл батыл қадам», — деді М. Боррадори. Ол Астананың Луганоға ұқсайтынын жеткізді, өйткені, швейцарлық компаниялар қала құрылысына атсалысты.

Астана жаңалықтары: ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанадағы Лугано күндері өткізілмек

Астана мен Луганоның арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстанның жас елордасының қалыптасуы кезінде басталған болатын. Луганода орналасқан «Mabco Constructions S.A.» компаниясы Астананың құрылыс нарығына кірген алғашқы шетелдік компаниялардың бірі, ол осы күнге дейін қала құрылысына белсенді қатысып келеді.

Астана әкімі мен Лугано мэрі Халықаралық ынтымақтастық пен бірлескен іс-шаралар жоспары аясында екіжақты қарым-қатынасты дамыту туралы келісті. «Смарт сити» жобаларын дамытуға, білім, кәсіпкерлік және құрылыс салаларында тәжірибе алмасуға баса назар аударылады. Швейцарияда қонақ үй бизнесінің білім беру жүйесі, сондай-ақ туристік сала жақсы дамыған, олар Астаналық әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын. Тараптар екі жақтың кәсіпкерлік өкілдерінің бірлескен бизнес кездесулері мен конференцияларын, сонымен қатар, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде Астанадағы Лугано күндерін өткізу туралы келісті.

Кез келген материалды Астана қаласының astana.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Әрі қарай

Астанада техникалық білім көрмесі өтеді

Астанада 23 мамырда сағат 10.00-16.00 аралығында Кәсіптік-техникалық колледжде «Астана – тең мүмкіндіктер қаласы» атты техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының көрме-фестивалі өтеді. Іс-шараға жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысады.

Мектеп оқушыларына еңбек нарығындағы жағдай, елордадағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы қажетті ақпараттар ұсынылады. Олар техникалық мамандықтармен жақынырақ танысып, болашақ мамандықты таңдай алады.

Шара аясында кейбір мамандықтар бойынша шеберлік дәрістері өткізіледі. Көрмеге қатысушылар тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу жолдарымен, сондай-ақ, «Шаштараз өнері және сәндік косметика», «Дизайн», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша берілетін біліммен танысады, медбикелік іс мамандығы бойынша студенттер өз машықтарын көрсетеді. Фестиваль барысында аспаздық өнімдер демонстрациясы, студенттердің шығармашылық жұмыстарынан көрмесі ұйымдастырылады.
Материал Астана қаласы әкімнігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астаналық парк жаңа аттракциондармен толықты

Жаңа маусымда Астаналық паркте қала тұрғындары мен қонақтарын көптеген тосын сый күтіп тұр. Биыл Париждегідей әткеншек, 7D-лифт, үлкен арқандар паркі, даладағы спорттық батут келушілерге жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сондай-ақ, паркте экологиялық хайуанаттар бағы ашылып, жануарлармен ойнау, оларды қоректендіру мүмкіндігі беріледі.

Астана жаңалықтары: Астаналық парк жаңа аттракциондармен толықты

— Жалпы, парк аумағында 16 аттракцион бар. Осы маусымда жаңаларын 1 маусымда ашу жоспарланған. Жазда балалар мен ересектер үшін Парижде Эйфель мұнарасында тұрған әлемдік стандарттағы әткеншекке ұқсас аттракцион іске қосылады. Одан басқа, кішкентай астаналықтарға арналған төрт көңілді және жарқын аттракцион жұмыс істейтін болады, — дейді Астаналық парк меңгерушісі Ғани Хасенов.

Астана жаңалықтары: Астаналық парк жаңа аттракциондармен толықты

Балалар мен жастардың сүйікті аттракциондары — Space Gun, яғни, «диірмен», атақты «Зубр», «Қарақшылар кемесі» әткеншегі, үлкен жаңартылған тізбектік әткеншек. Әзірге, паркте белгілі «Американдық әткеншек» жоқ, оның орнына «Қырықбуын» тұр. Алты метрлік биіктікке шығуға болатын арқан көпшілік арасында кеңінен қолданыс тапты. Бұл жерде толық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі, оған 5 жастан асқан балалар мен салмағы 120 кг дейінгі ересектер жіберіледі. Маршрут тренажер залындағы бір сағаттық жаттығумен тең, өйткені, бұлшық еттердің барлығы жұмыс істейді. Қазіргі кезде Қазақстандағы ең ірі арқан паркінің құрылысы жүргізіліп жатыр, ол 1 маусымға қарай ашылады.

Астана жаңалықтары: Астаналық парк жаңа аттракциондармен толықты

— Оның биіктігі 12 метр. Сақтандыру жүйесі бойынша адамға кез келген уақытта ұстауға болатын нәрселер жасалады. Бұл жүйе аяқталу үстінде. Ал ағаштардың белгілі бір орта құратынын айта кеткеніміз жөн, – дейді Ғани Хасенов.

Жаңашылдықтың бірі – далада орналасқан спорттық батут. Ол шатырдың ішінде тұрады және 10 жастан асқан адамдарға арналған. Сондай-ақ, саябақта ағаштан жасалған экологиялық хайуанаттар бағына арналған орын бөлінді.

Қысқа метражды фильмдерді ұнататындар үшін проекциясы бар 7D-лифт жасалды, оның көмегімен адамның еркін құлауы имитациясы жүзеге асырылады.

Әткеншектерді жаңа шағын гольф таксимен аралауға болады.

Ғани Хасеновтың атап өтуінше, парктегі аттракциондардың жағдайын 10 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан және өз ісіне адал механиктер қарайды.

Астана жаңалықтары: Астаналық парк жаңа аттракциондармен толықты

Айта кетейік, паркте бұрынғыдай ретсіз сауда-саттық жүргізілейді және көріксіз павильондар жоқ.

— Биыл бәрі жаңаша. Дүңгіршектер алынып тасталды, қазіргі киоскілердің белгілі бір әдемі дизайны қарастырылған. Павильондардың эскиздерін кәсіпкерлердің өздері жасады, ал арнайы комиссия бекітті. Бұл мәселеге біз үлкен жауапкершілік таныттық, — дейді парк меңгерушісі.

Астана жаңалықтары: Астаналық парк жаңа аттракциондармен толықты

Астаналық парк аумағы 17 гектарға жуық, ол бірнеше аймаққа бөлінген. Мұнда келушілер ұнататын аққулар қонатын тоған да бар. Қалалық жағажай шомылу маусымының басталуына дайындалып жатыр, қазіргі кезде жұмысшылар өзеннің түбін тазалап, қоршаған аумақты абаттандыруда. Ашық бассейндер аумағын жасау жоспарланған, жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, ол жағажай маусымының ашылуына қарай толық аяқталмақ.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

Астанада жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 21 мамырда Қабанбай батыр даңғылының Қорғалжын тасжолынан Республика даңғылына («Рамстор» СҮ жанындағы көпір) дейін кейбір автобустардың қозғалыс сызбасы өзгереді.

№ 18 және 28 бағдарлы автобустар Тәуелсіздік даңғылы, Кравцов көшесі, Бараев көшесі, Ташенов көшесі, Орынбор көшесі, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 70 автобус Уәлиханов к-сі, Бараев к-сі, Ташенов к-сі, Орынбор к-сі, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 44 автобус: Тәуелсіздік даңғылы, Кравцов к-сі, Бараев к-сі, Ташенов к-сі, Орынбор к-сі, Сарайшық к-сі, Қабанбай батыр даңғылы, Қорғалжын тасжолы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 100 бағдарлы автобус Республика даңғылы, Ташенов к-сі, Орынбор к-сі, Сарайшық к-сі, Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 127 бағдарлы автобус Уәлиханов к-сі, Кенесары к-сі, Тұран даңғылы, Қорғалжын тасжолы, Қабанбай батыр даңғылы, Космонавтов к-сі, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 52 бағдарлы автобус: Республика даңғылы, Кенесары к-сі, Тұран даңғылы, Қорғалжын тасжолы, Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 32 маршрут Абай даңғылы, Сарыарқа даңғылы, Тұран даңғылы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 27 маршрут: Республика даңғылы, Кенесары к-сі, Тұран даңғылы, Қорғалжын тасжолы, Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 103 автобус Уәлиханов к-сі, Бараев к-сі, Республика даңғылы, Кенесары к-сі, Тұран даңғылы, Қорғалжын тасжолы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Айта кетейік, қалалық жолаушылар көлігінің бұрынғы қозғалыс сызбасы көше-жол желісінде жөндеу жұмыстары аяқталған соң қалпына келтіріледі.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада жөнделіп жатқан жолдардың тізімі

Астана жаңалықтары: Астанада жөнделіп жатқан жолдардың тізімі
Астанада жол жабынын жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы толығымен және жартылай жабылады. Қала тұрғындарының өтініші бойынша жөнделіп жатқан жолдардың толық тізімін жұмыстардың аяқталу мерзімімен бірге ұсынамыз:

— Бөкейхан к-сі Кенесары к-сінен Ағыбай батыр к-сіне дейін, 15-22 мамыр;

— Қордай к-сі №14 көшеден соңғы аялдамаға дейін, 25-29 мамыр;

— Өзбекәлі Жәнібек к-сі Айнакөл к-сінен Қошқарбаев к-сіне дейін, 15-28 мамыр;

— Бөкейхан к-сі Абай даңғылынан Кенесары к-сіне дейін, 21 мамыр — 2 маусым;

— Қабанбай батыр даңғылы Қорғалжын тасжолынан Республика даңғылына дейін («Рамстор» дүкенінің жанындағы көпір) — 21 мамыр;

— 22 мамырға дейін Кенесары к-сінің Республика даңғылынан Иманбаева к-сіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Сонымен қатар:

— Бараев к-сі «Рамстор» СҮ жанындағы көпірден Ташенов көшесінің қиылысына дейін, 20 — 25 мамыр;

— 17 мамыр — 1 маусым аралығында Қошқарбаев к-сі Б. Момышұлы даңғылынан Сарыкөл к-сіне дейін жартылай жабылады.

Қала жолдарында жөндеу жұмысарын жүргізуге байланысты жүргізушілерден жол бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзңрленді.
Әрі қарай

ХВҚ басшысы Кристин Лагард Астанаға келеді

Халықаралық валюта қорының Басқарушы директоры Кристин Лагард Астана экономикалық форумының (АЭФ) аясында ХВҚ-ның Өңірлік конференциясына қатысу үшін келесі аптада Қазақстанға келеді.

Бұл туралы бүгін журналистерге ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов хабарлады.
«АЭФ-ке орайластырылған ХВҚ-ның Өңірлік конференциясы 24 мамырда Астана қаласында жабық дөңгелек үстел форматында өтеді.

Астана жаңалықтары: ХВҚ басшысы Кристин Лагард Астанаға келедіАстана жаңалықтары: ХВҚ басшысы Кристин Лагард Астанаға келеді

Конференцияға қатысушылар ретінде Орталық Азия, Кавказ, Еуразия өңірінің елдері экономикалық блогының бірінші басшылары сөз сөйлейді» — деді Ғ. Пірматов. Оның айтуынша, конференция барысында өңірдің ағымдағы экономикалық жағдайын және ортамерзімді перспективада орнықты өсуге жәрдемдесуді талқылау жоспарланған.

Еске сала кетсек, ХВҚ-ның негізгі мақсаты экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу және қорға мүше елдерге практикалық көмек көрсету.
Әрі қарай

Қаржы министрі Ұлттық пантеон құрылысының сараптамалық құны ғана белгілі екенін мәлімдеді

Ұлттық пантеон құрылысы құнының сараптамалық бағасы ғана белгілі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп талқыланғаннан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Астана жаңалықтары: Қаржы министрі Ұлттық пантеон құрылысының сараптамалық құны ғана белгілі екенін мәлімдеді

«Қазіргі таңда аталған мәселенің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүріп жатыр. Осыған қатысты әлі де бірдеңе айту ертерек. Соған қарағанда, бұл тек сараптамалық бағалау ғана, біз әлі құжаттаманы қараған емеспіз», — деді Б. Сұлтанов. Оның айтуынша, бұл мәселе Астана қалалық әкімдігінде талқыланған болуы мүмкін, алайда министрлікке пантеон құрылысының құны көрсетілген құжаттар келіп түспеген.

Айта кетсек, бұған дейін бірқатар БАҚ Астана қалалық әкімдігіне сілтеме жасап, онда Ұлттық пантеон құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелік құны 79 миллиард теңге құрайтыны туралы ақпараттар айтылған еді.
Әрі қарай