Алғашқы күн электр стансасы салынады

Астанаға жақын жерден қуатты 100 мегаватт болатын алғашқы күн электр стансасы бой көтереді, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы. Бүгін құрылыс орнына барған компания басшылары мен облыс әкімі стансаның іргетасын қалады.

Құны шамамен 150 миллион еуроға жуықтайтын станса бас қалада өтетін EXPO көрмесі қарсаңында ашылады. 300 гектар аумағы бар станция маңына 31 мыңнан астам күн панельдері қойылмақ. Ол толық іске қосылса, энергия өндіру қуаты жылына 288 мың мегаватқа дейін жетеді.

Мамандар баламалы қуат көзі Астана қаласы тұтынатын энергияның 10%-ын және еліміздің барлық аймағын түгел қамтамасыз ете алады дейді. Ал құрылысы аяқталса, 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Мамандардың барлығы біліктілік қабілетін шыңдап, арнайы курстан өтеді.

Астана жаңалықтары: Алғашқы күн электр стансасы салынады

— Стансаның баламасы Орталық Азияда жоқ. Болашақта әлемдегі ірі баламалы қуат көзін өндіретін стансалар қатарына енуі мүмкін. Осыдан үш жыл бұрын дәл осы жерде жобаны жүзеге асыру жайлы шешім қабылдаған едік. Болашақта қазақ жерінде тағы 4 ірі жобаны қолға алмақ ойымыз бар. Нақтырақ айтсам, алдымен Оңтүстік Қазақстанда. Кейін Қарағанды мен Қызылорда облыстарында станция ашуды жоспарлап отырмыз, дейді «KB Enterprises» компаниясының бас директоры Тайлан Караманли.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше