ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанадағы Лугано күндері өткізілмек

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Қазақстанның астанасына жұмыс сапарымен келген Швейцарияның Лугано қаласының мэрі Марко Боррадоримен кездесті.

Астана жаңалықтары: ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанадағы Лугано күндері өткізілмек

Кездесу барысында екі елдің іскерлік және гуманитарлық байланыстарының қарқынды дамып жатқаны атап өтілді, бұл аймақтық деңгейде ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Біз швейцарлық компаниялармен ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз, олардың көбі Астананың да, барша Қазақстанның да нарығында өздерін жақсы жағынан танытты», — деді Ә. Жақсыбеков кездесу барысында.

Өз кезегінде, Боррадори мырза 2015 жылғы сапарында көріп үлгерген Астанаға тәнті екендігін жеткізді.

«Астана — өздігінен ерекше, бірегей қала. Оны алғаш рет көргенде-ақ, тәнті боласың. Сіздердің болашақты құру ниеттеріңіз, болашақты көздейтіндеріңіз мені одан да артық таң қалдырады. Жаңадан қала салу – бұл батыл қадам», — деді М. Боррадори. Ол Астананың Луганоға ұқсайтынын жеткізді, өйткені, швейцарлық компаниялар қала құрылысына атсалысты.

Астана жаңалықтары: ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанадағы Лугано күндері өткізілмек

Астана мен Луганоның арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстанның жас елордасының қалыптасуы кезінде басталған болатын. Луганода орналасқан «Mabco Constructions S.A.» компаниясы Астананың құрылыс нарығына кірген алғашқы шетелдік компаниялардың бірі, ол осы күнге дейін қала құрылысына белсенді қатысып келеді.

Астана әкімі мен Лугано мэрі Халықаралық ынтымақтастық пен бірлескен іс-шаралар жоспары аясында екіжақты қарым-қатынасты дамыту туралы келісті. «Смарт сити» жобаларын дамытуға, білім, кәсіпкерлік және құрылыс салаларында тәжірибе алмасуға баса назар аударылады. Швейцарияда қонақ үй бизнесінің білім беру жүйесі, сондай-ақ туристік сала жақсы дамыған, олар Астаналық әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын. Тараптар екі жақтың кәсіпкерлік өкілдерінің бірлескен бизнес кездесулері мен конференцияларын, сонымен қатар, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде Астанадағы Лугано күндерін өткізу туралы келісті.

Кез келген материалды Астана қаласының astana.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше