Алты сөзден құралған 18 әңгіме

Ал сол кезде...: Алты сөзден құралған 18 әңгіме
Бірде Эрнест Хемингуэй: кез-келген адамды бей-жай қалдырмайтын ең қысқа әңгіме жаза аламын, деп біреумен бәстескен екен.
Ақырында: «Балалар аяқ киімі сатылады. Киілмеген» («For sale: baby shoes, never worn») деген әңгіме жазған жазушы бәсте ұтыпты.
Міне, содан бері осы бір қысқа әңгіме жазу әрекеті көпшілікке тыным бермей келеді. Талай адам оқырманды таңқалдырып, тебірентіп, толғантатын тұтас оқиғаны бар-жоғы 6 сөздің ішіне сыйдыруға тырысады. Бәрі болмаса да, бірді-екілісінің жазғаны сәтті шығады.

  1. Бейтаныстар. Достар. Жақын достар. Көңілдестер. Бейтаныстар.
  2. «Сіз нөмірден қателестіңіз», деді таныс дауыс.
  3. Жолаушылар, сендермен сөйлесіп тұрған капитан емес.
  4. Өз жартымды кездестірдім. Бірақ, ол елемеді.
  5. Парашют сатамын: ешқашан ашылмаған, аздап қанданған
  6. Бұл алтын тойымыз. Бір орындық дастархан.
  7. Бүгін тағы да өз анама өзімді таныстырдым
  8. Жихангез дабыл жіберді. Жерден жауап жоқ.
  9. Үйіме раушан әкелдім. Кілтім сәйкес келмеді.
  10. Анам маған қырынуды үйретті.
  11. Шытынаған маңдай әйнегінде «жас жұбайлар» деп жазулы.
  12. Біздің төсек. Екі дауыс. Есік қақтым.
  13. Секіріп кеттім. Артынша ойымнан айныдым.
  14. Менің бейнем қазір ғана маған көзін қысты
  15. Ренжіме, сарбаз. Аяқ киімді жұбымен сатамыз.
  16. Мұның әйелін өлтірушіні бөтелкемен тамақтандырады.
  17. Есейген адаммын деп елестеттім. Есейдім. Елесімді жоғалттым.
  18. Дәрігер науқасты құтқарды. Науқас Құдайға алғысын жаудырды

дереккөз: ADME
Превью мен посттағы сурет Freeimages сайтынан алынды

Егер қысқа әңгімелер қызықтырса, бұған дейін жариялаған мына екі постты оқыңыз:

1. Аз әріпті 9 әңгіме
2. 15 сөзден аспаған 6 әңгіме, 1 роман
Әрі қарай

Көңіл-күйден түссең, оқисың

Ал сол кезде...: Көңіл-күйден түссең, оқисың

  • Әлдекім үшін сен өмірдің мәнісің
  • Сенің күлкің сені ұнатпайтын жандарды да қуантуы әбден мүмкін
  • Әлдекім әр түні ұйқыға жатар алдын сені ойлайды
  • Біреу-міреудің сені жек көруіне жиі себеп: ол саған ұқсағысы келеді
  • Жер бетінде сен үшін жанын қиюға даяр кемінде 2 адам бар
  • Кемінде 13 адам сені өзінше жақсы көреді
  • Әр күні өкінішпен оянуға өмір тым қысқа
  • Сондықтан да сенімен дұрыс араласатын адамдарды жақсы көр, ал сені жаратпайтын адамдарды ұмыт және бәрінің де себебі бар екенін біл
  • Өміріңде ең үлкен ағаттық жіберсең де, сол қателіктің соңынан бір жақсылық келеді
  • Өмір өзіңнен теріс айналды деп ойласаң, онда өмірге басқа қырынан қара
  • Әрдайым жадыңда ұста: өмір саған тағы бір мүмкіндік берсе, онда сенің жолың болады!
  • Егер саған мүмкіндік берілсе, оны пайдалан! Егер осы мүмкіндік сенің өміріңде өзгертсе, онда сол өзгертуге рұқсат ет.
  • «Бұл — оңай» деп айтқан ешкім жоқ. Олар мұның тәуекел етуге лайық екенін айтты.


дереккөз: ADME
Превью мен посттағы суреттер Freeimages сайтынан алынды
Әрі қарай

Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...

«Guerilla» жарнама агенттігі Алматы қаласы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарын қазақ батырларының қалқаны түрінде бейнеледі. Мұндай қалқан — қақпақтар қала көшелеріндегі бірнеше нүктелерге қойылды.
Ал сол кезде...: Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...
Ал сол кезде...: Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...
Серікбол Хасан есімді журналисттің «Айқын» газеті сайтындағы кәріз люктері қақпақтарын батырлардың қалқаны түрінде бейнелеуіне қарсы пікір білдірген «БАТЫРЛАРДЫ» БАСЫП КЕТПЕЙІК» атты мақаласы қоғамның назарын аударды.

Ал сол кезде...: Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...

Айқын сайтында шыққан мақала тек қазақ тіліндегі ғана емес, орыс тіліндегі аудиторияның да арасында пікірталас тудырды.

Сонымен, қала дизайнындағы осы бір әрекетке қатысты менің айтарым:

Біріншіден, бұл стрит-арт. Ал, қақпақты батырлардың қалқаны түрінде көрсету — әдемі шешім. Тәнті болдым. Дизайн-студияға респект.
Жалпы, қала дизайны үшін кәріз люктерінің қақпақтарын қала көшелерінің сәнін келтіретін деталь ретінде пайдалануға ұмтылыс жасау әрекеті қуантады. Шымкентке де келсе ғой.

Екіншіден, люк қақпақтарына символдарды бейнелеу — әлемдік қолданыста бар тәжірибе. Төмендегі суретте түрлі қалалардағы кәріз люктерінің әсем қақпақтары жинақталған.
Ал сол кезде...: Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...

Үшіншіден, кәріз люктерінің қақпақтарына тұлғаларды бейнелеу аясында осыған ұқсас "қарсылық" өткен жылы Ресейде болды.
Сынап-мінеу әрекеті Артемий Лебедев студиясының Мәскеу қаласы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарын безендіру жобасына бағытталды. Лебедев студиясы Мәскеу көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына Гиоргий Победоносецті бейнелеген.
Ал сол кезде...: Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...
Ал сол кезде...: Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...
Ал сол кезде...: Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...

Лебедев студиясының «Мәскеу қаласындағы кәріз люктері қақпақтарын безендіру» жобасының жұмысын студияныңсайтынан толық көруге болады.

Гиоргий Победоносец бейнеленген алғашқы екі қақпақ 2014 жылдың қазан айында Мәскеудегі Забелина көшесіне орнатылды. Православ белсенділері мұндай безендіруге қарсылық танытты.
«Гиоргий Победоносецті қорлады» деген тақырып ығымен мақалалар жарияланды. Сондай бірнеше мақалаға сілтеме:

1. ЗАЯВЛЕНИЕ: против кощунства в отношении Святого Великомученика Георгия Победоносца

2. Москвичи будут топтать Георгия Победоносца

Ал, сіз қалай ойлайсыз, оқырман?
Алматы көшелеріндегі кәріз люктері қақпақтарын қазақ батырларының қалқаны түрінде бейнелеу жобасы қазақ батырларын қорлау ма, әлде қала көркін ашатын, сәніне сән қосатын бірегей идея ма?

Айтпақшы, бұл пост мұның алдын фейсбук әлеу.желісіндегі парақшамда жазылды. Ондағы жазылған пікірлерді постқа өтіп, өз айтарыңызды сонда қалдырсаңыз болады
Әрі қарай

Іле-Балқаш деградациясы

Ал сол кезде...: Іле-Балқаш деградациясы
Арал теңізінің апатынын кейін посткеңестік елдер аумағындағы ең ірі ішкі су айдыны — (Каспий теңізін есептемегенде) Қазақстандағы Балқаш көлі болып қалды. Бірақ, экологтардың болжамы бойынша, бұл көлдің де демі үзілуге таяу. Арал теңізінің тартылуы 40 жылға созылса, Балқаш көлі нәбәрі 5-6 жылдың ішінде жекелеген тоған-суларға айналуы мүмкін. Бұған да себеп біреу – көлге келіп құятын өзен суларының бақылаусыз жұмсалуы.

Ащы-тұщысы аралас 600 шақырым

Жер бетіндегі көл біткеннің арасында 15-орынға ие Балқаш көлінің ауданы 16 мың шаршы шақырым. Шығыстан батысқа 600 шақырымға созылып жатқан көлдің бірегейлігі сол, көлдің батыс бөлігінің суы – тұщы, ал шығыс бөлігінің суы – ащы. Шын мәнісінде, Балқаш көлі екі су айдынынан тұрады. Екі су айдыны бір-бірімен енсіз, тереңдігі 5-6 метрлік Ұзынарал бұғазы арқылы қосылады. Көлдің шығыс бөлігімен салыстырғанда таяз әрі кішірек батыс бөлігіне Іле өзені келіп құяды. Балқашқа құятын судың 75 пайызы осы Іле өзеніне тиесілі. Тұщы су ащы судан жеңіл, сондықтан көлдің бетіне жақын жайлайды. Осылайша шығыс бөлігіне тұщы су ағып өтіп, буланады. Ал, тұзды су бұғаз тереңдігінің деңгейінен төменде орналасқандықтан батыс бөлігіне өте алмайды.
Іле-Балқаш алабында Қазақстан халқының 3 миллионнан астамы, яғни бестен бір бөлігі қоныстанған. Мұнда республиканың ең ірі қаласы – Алматы орналасқан. Аймақта Қазақстан өндірістің қуатының 20 пайызы шоғырланған. Ал, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы барлық энергожүйелерінің жұмысы осы Іле өзеніндегі су қорының молдығына тікелей тәуелді.

Балқаштың мәселесі өткен ғасырда Іле өзені бойынан Қапшағай су қоймасының құрылысы аяқталғаннан кейін, 70-жылдарда басталған. Кеңестік биліктің ойға алған жоспары бойынша, су қоймасының салынуы 400 мың гектар жаңа жерді ауылшаруашылығына пайдалануға енгізуге мүмкіндік беруі керек болатын. Бірақ, алып бөгеттің салынуы мен су қоймасын суға толтырудың салдары бір мезетте өзендегі су деңгейінің төмендеуіне және ондағы су тұздылығының артуына алып келді. Іле өзенінің көптеген салалары тақыршақ сортаңдарға айналды. Көлдегі балық саны күрт азайды.

Ал сол кезде...: Іле-Балқаш деградациясыБалқаш қаласы мен көлінің көрінісі, 1979 жыл. Фото: ТАСС

Қазір көлдің су деңгейі соңғы жылдар бойына үздіксіз төмендеу себебінен 341 метр. Су деңгейінің бұдан ары төмендеуі, яғни теңіз деңгейінен 337 метрге төмен түсуі, Ұзынарал бұғазының кебуіне әкеледі. Бұл дегеніңіз, шығыс Балқаштың бірте-бірте жойылуын білдіреді. Осылайша, шығыс Балқаш та Аралқұм секілді құлазыған тұзды шөлге айналады. Нәтижесінде, экологтардың болжамына сенсек, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы барлық өзен-суы жүйелері бұзылады. Шаңды дауылдар Алатаудың тау бөктерінің жоғарғы тұсына дейін жетіп, мұздақтар еріп бастайды. Алматыны сел басады.

Қытайға керегі....

Егер, бар мәселе Қапшағай су қоймасына ғана тіреліп тұрған болса, онда Қазақстан билігі бір шешімін тауып, көлді сақтап қалар ма еді?! Бірақ, өкінішке қарай, бұл Қазақстан билігінің ырқына көндігетін шаруа емес. Өйткені, Іле өзені суының негізгі бөлігі көршілес қытайлықтардың кесірінен Балқаш көліне жетпейді. Іле өзенінің қайнарлары Тянь-Шань тауларының Қытай Халық Республикасы аумағындағы бөлігінен бастау алады. Іленің жалпы ұзындығының 40 пайызы, яғни 600 шақырымға жуығы ҚХР-аумағында. Сондай-ақ, өзен суының 80 пайызы сол жақтан келеді.

Бейжің билігі 2000 жылы Батыс Қытай – Синьцзяньды жаппай игеру стратегиялық жобасын бекітті. 2000-2002 жылдар аралығында аймақтың экономикалық өсім деңгейі 8 пайыз төңірегінде болса, 2006-2009 жылдары бұл көрсеткіш 12 пайызға жетті. Синьцзяньның халық саны 2000 жылдан 2010 жылға қарай төрт миллион адамға ұлғайды. Адам санының осылайша күрт өсуі, негізінен, қытайларды елдің басқа аймақтарынан осында көшіру есебінен жүзеге асты.

Қуаң даланың өндіріс қуаттылығын, ауылшаруашылық жерлері мен саны күрт артқан халқын сумен қамтамасыз ету үшін Қытай билігі Іле өзені алабында ондаған жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып жатыр. Мұндай жобалардың қатарында гидротехникалық станциялар да бар. Бұған қоса, 2015 жылы осы аймақтағы суармалы жерлердің ауданын 600 мың гектарға жеткізу жоспарланған. 2012 жылғы деректер бойынша, Қытай үкіметі Іле өзені бойынан 13 су қоймасын салып, 59 гидроэнергетикалық қондырғы орнатқан. Осылайша, Қазақстанға жылына ағып келетін өзен суының 15 мың текше метрін алып қойып отыр. Қазір Қытай Халық Республикасы Іле өзенінен Тарым шөлді ойпатының батыс бөлігіне баратын су арнасының (канал) құрылысын жүргізіп жатыр. Тарым ойпатын Қазақстанда «түбі жоқ қалта, Орталық Азияның сужұтар құбыжығы» деп те атайды. Сөйте тұра Қытай билігі көп жағдайда суды игеруге қатысты өз жоспарлары жөнінде көршілерімен санасуды білмейді.

Сарапшылардың бағалауынша, қытайлық жобалардың барлығының жүзеге асырылуы 2050 жылға қарай Іленің Қазақстанға келетін су қорын 40 пайызға төмендетіп, Балқашты апатты жағдайға алып соғады. Жылдан жылға Қытайдың өндіріс орындарынан Ілеге тасталатын қалдықтардың мөлшері ұлғайып, онымен ластанған өзен суының сапасын да әсте ұмытуға болмайды. Ілеге қалдық тастайтын Қытайдағы өндіріс орындарының денін мұнайөндіруші және мұнайөңдеуші кәсіпорындар құрайды.

Қазақ ондатрасын құтқару

2001 жылы Қазақстан мен Қытай: трансшекаралық өзендерді рациональды қолдану бойынша екіжақты келісімге қол қойды. Алайда, ол құжат бүгінде ескіріп, трансшекаралық өзендерді қолдану тәртібінің халықаралық нормаларына сай келмейді. 2007 жылы Астана тарапы Бейжіңге Қазақстаннан ҚХР-ға азық-түлікті жеңілдікпен жеткізу бойынша онжылдық келісім-шарт жасауды, қайтарымына трансшекаралық Іле мен Ертіс өзендерінің су қорын молайтуды ұсынды. Бірақ, қытайлықтар бұл ұсыныстан бас тартты.

Тоқетері, Балқаш көлі мен оның басты қоректендіруші күретамырларының нашарлауы бүгінде дамылсыз жүріп жатыр. Іле алқабындаҚапшағай су қоймасын салынғаннан кейін ондатра кәсібі толығымен тоқтады. Бұл аңды өткен ғасырдың 40-жылдарында Канададан осында әкеліп, жерсіндірген еді. Жылына 1 миллионға дейін ондатра терісі алынатын. КСРО құлағанға дейін ел аумағында ауланатын сазан балығының тең жартысын беріп отырған Балқаштағы балық аулау кәсібі де күрт қысқарды.

Ал сол кезде...: Іле-Балқаш деградациясыБалқаш көлі жағалауындағы зауыттар. Фото: flickr.com

Түрлі бағалауларға қарағанда, Іле-Балқаш алабының ластануынан, шөлге айналуы мен өзен сағаларының сорлануынан 1941 жылдан 2001 жылға дейін Балқашта ауланатын балық көлемі 80 пайызға қысқарған. Өткен ғасырдың ортасында Балқаштан ауланатын балық мөлшері кейбір жылдары жылына 17 тоннаға дейін жетіп, КСРО аумағындағы басқа көлдерден ауланатын балық көрсеткішінен асып кеткен. Байқал көлінен ауланатын балық мөлшерінен екі есе артық болған.

Қытаймен келісімге келу және Қапшағай су қоймасы мәселесін шешу мүмкін болмай отыр. Қазақстан билігі Солтүстік Аралды құтқаруда тәжірибе жинап, әккі болып алғаннан кейін де Балқашты сақтап қалудың басқа да тәсілдерін іздестіріп жатыр. 2014 жылдың қараша айының басында жаңа дренажды каналдың құрылысы аяқталды. Бұл дренажды канал арқылы Қаратал өзенінің суы Балқашқа құяды. Балқаш көліне құйылатын судың 20 пайызға жуығы осы өзеннен беріледі. Бұрындары Қаратал өзені арнасының жырылуынан ондағы су құмға сіңіп, батпақта қалып қоятын.

Әйткенмен, бұл күш-жігердің барлығы да әзірге тек жергілікті сипатқа ғана ие. Халықаралық қауымдастық араласып, Қытайдың суға деген тәбетіне қандай да бір жолдармен ықпал етпесе, онда таяп қалған дүлей апаттың алдын-алу туралы сөз қозғаудың өзі қиын.

slon.ru сайтындағы мақаладан қазақ тіліне аударған

Жәнібек Нұрыш

Әрі қарай

Үлкен Аралдың шығыс бөлігі неліктен кеуіп қалды?

Ал сол кезде...: Үлкен Аралдың шығыс бөлігі неліктен кеуіп қалды?
Уақытысында аумағы жөнінен Жердегі ішкі сулар қатарында төртінші орында болған Арал теңізі үшін 2014 жылдың жазы тағы бір кері кеткен маусым ретінде тарихта жазылды. NASA-ның жер серіктерінен түсірілген фотосуреттерге қарағанда Оңтүстік Аралдың шығыс жартысы алғаш рет толықтай дерлік кеуіп қалды. Фотосуреттер Earth Observatory сайтында жарияланды.

Кіші Арал және Үлкен Арал; 19-маусым, 2014 жыл
Ал сол кезде...: Үлкен Аралдың шығыс бөлігі неліктен кеуіп қалды?

Кіші Арал және Үлкен Арал; 25-маусым, 2000 жыл
Ал сол кезде...: Үлкен Аралдың шығыс бөлігі неліктен кеуіп қалды?
Батыс Мичиган университетінің география профессоры Филип Миклиннің айтуынша, бұл жағдай соңғы 600 жылда, яғни, Әмудария өзені өзінің арнасын кілт өзгертіп, Каспий теңізіне құюын доғарғаннан кейін бірінші рет болып отыр (Арал теңізінің тартылуы циклді сипатқа ие). Алайда, бүгінде Әмударияның арнасы қаз-қалпында. Арал теңізіне жалғанып жатыр. Бірақ, өзен суы ұзақ жылдардан бері Арал теңізіне жетпейді.

Бес жыл бұрын Оңтүстік аралдың шығыс бөлігі толықтай жойылған еді. Әйткенмен, мол жауын-шашынның есебінен ондағы су деңгейі күрт көтерілді. Миклиннің ойынша, шығыс бөлігінің толықтай дерлік құрғап қалуына Арал теңізі алабында жауын-шашынның аз түсуі себеп. Сонау Памир тауларында қар аз түсіп, еріген қар суларының аздығынан онсыз да Аралға тамшыдай болып жететін өзендегі су қоры анағұрлым төмендеген. Одан бөлек, Орта Азия елдерінің өзен суын ауылшаруашылығы қажеттеліктері үшін тынымсыз пайдалануы аз су мөлшерін тіпті тауысты. Ал, Арал теңізінің құрып бітуі адами факторлардың салдарынан басталғаны әуелден белгілі.

Біреу еді, үшеу болды

Теңіздің тартылуы XX ғасырдың орта тұсында басталды. Дегенмен, Аралдың «жоқ» болатыны жөнінде қауіп сөздері одан бұрын, 30-жылдары айтыла бастаған-ды. Сол кезде КСРО аумағында Орта Азия жерлерін мелиорациялау жөнінде ғаламат бағдарлама қолға алынды. Әмудария мен Сырдария өзендері бойынан суландыру жүйесінің құрылыстары басталды. Бір ғана Қарақұм су арнасының ұзындығы 1445 шақырымға созылып,Әмудария суының 45 пайызын өзіне алып қойды. Кеңестік инженер-мелиораторлардың суды шығындамай сақтап қалу үшін қолдан қазылған су арналарын бетондауға бастары жетпегені таң қалдырады.

Арал, шіркін, 60-жылдарға дейін өзінің тірі қалуы үшін күресіп-ақ бақты. Ондағы су деңгейі бұрнағы қалпын сақтады. Ауданы 68 мың шаршы шақырымға, ұзындығы 426 шақырымға, ені 284 шақырымға жетсе, ең терең жері 69 метр болды. Жылына 40 тонна балық ауланып, теңіздің қазақстандық бөлігінде — бес балық зауыты, балық консервілеу комбинаты, 45 балық қабылдау бекеті; өзбекстандық бөлігінде — бес балық зауыты, балық консервілеу зауыты мен 20-дан астам балық қабылдау бекеті жұмыс істеді.

Бірақ, 60-жылдардан бастап теңіз деңгейі 0,7 метрге қайтымсыз түрде төмендеді. Аралға келіп құятын өзен суларының мөлшері — 4,5 есе, теңіздегі су айдынының ауданы – 8 есе, су көлемі – 13 есе азайды. Тұздану деңгейі 13-25 есе өсіп, Әлемдік мұхиттың минерализациялану бойынша орта деңгейінен 7-11 есе артып кетті. 1989 жылы Арал теңізі бір-бірінен оқшауланған Солтүстік (Кіші) Арал және Оңтүстік (Үлкен) Арал деп екіге бөлінді. 2003 жылы Оңтүстік Аралдың өзі тағы екіге: шығыс және батыс бөлікке айырылды (Шығыс Арал және Батыс Арал).

Оңтүстік Аралдағы судың тұздылық деңгейі артқаны соншалық, ондағы балық біткен қырылып қалды. Судағы тіршілік тоқтап, «Артемия салина» шаяндары ғана бұл тұзды суларды мекендеді. Теңіз табаны жаңа бір шөл дала – Аралқұмға айналды. Егістікке пайдаланылған тыңайтқыштар құрамындағы пестицидтер мен тағы да басқа улы заттар Әмударияға қайта қосылып, өзен суымен бірге Арал теңізіне құйылып келгендіктен, ешқайда кетпей, теңіз түбінде шөгіп қалған-ды. Сол улы заттар теңіз тартылғанда, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтеріліп, Арал маңын, Қарақалпақстан мен Қазақстанға жататын аумақтарды экологиялық апат аймағына айналдырып жіберді. Жергілікті жұрт тыныс жолдарының созылмалы аураларына, анемия, қылтамақ, бауыр-бүйрек және көз аураларына шалдықты.
Ал сол кезде...: Үлкен Аралдың шығыс бөлігі неліктен кеуіп қалды?

Қазақы Арал

Сырдария өзені келіп құятын Солтүстік Аралдың жағдайы Оңтүстік көршісімен салыстырғанда анағұрлым жақсы. Қазақстан билігі қалып қойған теңізді қалпына келтіруге шындап кірісті. 2005 жылы ұзындығы 14 шақырымдық Көкарал бөгеті салынғаннан кейін Кіші Арал суының Үлкен Аралға жылыстауы тоқтатылды. Осылайша, Солтүстік Аралда тіршілік жанданды. 2010 жылы Солтүстік Аралдағы су деңгейі мұхит деңгейінен 42 метрге көтерілді. Бұл дегеніңіз, Оңтүстік Аралдағы су деңгейінен 14 метрге жоғары, өткен ғасырдың 70-жылдарындағы су деңгейінен 11 метрге төмен. Су айдынының ауданы үш мың шаршы шақырымнан асады. Орташа тереңдігі — 8 метр.

Қазір Солтүстік Аралда жылына 6 тоннаға дейін балық ауланады. Мұндағы суларда сазан, көксерке, ақ амур, лақа, табан, торта, камбала балықтары бар. Таяу жылдарда су деңгейі Арал қаласына жақындауы мүмкін деп күтіліп отыр. 2012 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры Кіші Арал теңізі мен Сырдарияның сағасын әлемдік маңызы бар сулы-батпақты жер-сулардың тізіміне қосты. Осы тізімге енген жер-сулар Рамсар конвенциясымен қорғалады.

Теңіздің оңтүстік бөлігі болса, өзінің ақырғы күндерін кешіп жатқанға ұқсайды. Осыдан бес жыл бұрын ресейлік ғалымдар ондағы су деңгейінің жылына бір метрге тартылатынын, ақырында «жер асты және қалдық өзен суларымен қоректенетін ащылы-тұщылы су айдынына» айналады деп болжам жасаған. NASA-ның фотосуреттеріне қарағанда, Үлкен Аралдың шығыс бөлігі бұл стадияны өткерді. Ендігі кезек, батыс бөлігінде. Әмударияның суы бұл бөлікке жетпейді. Су айдыны жер асты су көздерінің есебінен «бар» болып отыр. Түрлі бағалауларға сенсек, жер асты су көздерінен жылына екі текше шақырым су беріледі.
Сөйте тұра, Аралдың суын «тартып алып қойған» Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркіменстан мемлекеттері суармалы жерлерінің жартысын қысқартып, Әмударияның айдынын толтыруға ешбір құлық танытар емес. Керісінше, халқын асырау үшін суармалы жер көлемін үздіксіз арттырып келеді. Экспортқа шығарылатын ылғалсүйгіш мақта өсімдігі де осы Әмударияның есебінен суғарылады. Аралдың ажалына кезінде осы мақта өсіру шаруашылығы тікелей себеп болған-ды.

Ғалымдар теңіз деңгейін толықтай бастапқы қалпына келтіру үшін Әмудария және Сырдариядан жылына құйылатын су мөлшерін төрт есе арттыру керектігін есептеп шығарды. Бүгінде, бұл қос өзеннен жылына 13 текше шақырым су құйылады. Арал теңізінің тартылуына үлкен зардап шеккен Өзбекстан үкіметінің ұйытқысымен ұйымдастырылатын конференциялардан келіп жатырған пайда аз. Бұған қоса, Аралқұм аумағында көмірсутектердің ірі қоры ашылған. Кейбір есептеулерге сәйкес Аралқұмдағы көмірсутек қоры Орта Азиядағы барлық мұнай қорының 31 пайызын, газ қорының 40 пайызын құрайды. Мұнда қазір ресейлік «Лукойл» компаниясы белсенді жұмыс істеп жатыр. Сондықтан да теңізді тірілту мәселесі көзделген пайданың ығында қалып, әзірге екінші орынға ысырылған сияқты.

Теңізді толтыру үшін ойластырылған қияли бір нұсқа бар. Ол — Памир тауларының тәжік жеріндегі аумағында орналасқан Сарез көлінің суы есебінен теңізді толтыру. Сарез көлінің су деңгейін 70-100 метрге төмендету арқылы Арал теңізінің айдынын 6-8 миллиард текше метр сумен толтыруға болатыны есептелген. Бірақ, Аралды қалпына келтіруге қатысты қандай әрекет болмасын, осыған мүдделі мемлекеттердің күші біріктірілу керек. Ал, бұған мүдделі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас әзірге жақсартуды қажет етеді. Арал теңізінің келешегі де осы жақсартуларға байлаулы.

Арал теңізі туралы әр кез түсірілген видеолар:

1958 жыл. Рыбаки Арала, Өзбекфильм


1963 жыл. Аральское море (Қазақфильм)


2014 жыл. Видео про Аральское море


slon.ru сайтындағы мақаладан қазақ тіліне аударған

Жәнібек Нұрыш

Әрі қарай

Әнді онлайн тыңдауға, жүктеуге және сақтауға арналған сервистер

Музыка тыңдауға, сақтауға, жүктеуге, таратуға және сатуға арналған сервистер мен түрлі девайстарға арналған қосымшалардың тізімін ұсынып отырмын. Тізімге енгізілген сервистер мен қосымшалардың дені легальды музыка таратады. Қолданушылар тарапынан жүктелетін әндердің заңдылығына мән бермейтіндері де бар.
Бұл сервистерді «Авторлық құқық» деген ұғымды басына теуіп — тегін, «не дегенмен шығармашылық адамының еңбегі ғой» деп — шартты-ақылы немесе «тегін жатқан дүние жоқ» дегенге көндігіп — ақылы түрде пайдалануға болады.

Сонымен:

1. SoundCloud
Әлеуметтік желінің функцияларын бойына жинақтаған музыкалық сервис. Музыкалық контентті орындаушының аты-жөні, әннің немесе альбом атауы бойынша іздеуге болады.
Музыкалық композициялардан бөлек, подкаст пен аудиокітаптардың кішірігім таңдауы бар.
Әрбір тіркелген қолданушы өзінің жеке плейлистін құрады. Тізімініе саундклоудта бар әндердің ұнағанын қосып, не өзі де жүктей алады.
Қызығы сол, қолданушының тізіміндегі әндерді әлеуметтік желідегі достары тыңдап ғана қоймай, пікір қалдыруына «рұқсат етілген». Тағы бір ерекшелігі: тек әнді ғана емес, әннің қысқа үзіндісін екшелеп алып, пікір қалдыруға болады.
Саундклоудтағы әндерді тыңдау тегін. Сервиске жүктелетін әндердің санына емес, уақытына шектеу қойылған. Барлығы 2 сағат уақыттан аспайтын тегін лимит берілген. Жүктелген контенттің тұтас уақыты 2 сағаттан асса, ақы төлеуге тура келеді. Жүктелетін контентке лицензиялық шектеулер қойылмайды.
iOS және Android ОЖ-іне арналған тегін қосымшалары бар. Мобильді қосымшалары өзінің ыңғайлылығымен «жатып та, тұрып та мақтана алады».
"Әндеткен Youtube" атты жұрт қойған атауы да бар. Сервистің 40 млн қолданушысы болса, соның тек 5% ғана ақылы аккаунтқа ие. Қызмет ақысы: айына — 4 $. 12 $ «лақтырып» лимитсіздік мәртебесін иеленуге болады.
Легальдылығы сол: саундклоудта танымал әншілер, ірі-ірі мейджор лейблдар өздерінің ресми аккаунттарын ашқан. Өнімдерін сол аккаунттары арқылы таратып отырады.

2. «Яндекс.Музыка»
Ресейлік сервис. Әзірге 10 млн композия бар. Ән қоржыны үнемі жаңарып, толығып отырады. Контенті «ойдан-қырдан қашқан» емес, легальды. «Яндекс.Музыканың» кереметі сол, қайдан тауып алатыны белгісіз, сирек кездесетін әндерді осындан кезігеді.
Тіркелуді қажетсінбейді, сайтқа кір де тыңдай бер.
«Вконтактедегі» заңсыз әндерді тыңдап-тыңдап, ақырында ұяты бетіне шыққан жан үшін таптырмас мекен.
«Вконтактідегі» плейлистті сүзіп шығып, өзінде бар сәйкес орижинал аудиожазбаларға алмастырады. Автоматты түрде сәйкес плейлист жасап береді. Онлайн-радиосы да бар.
Дербис компьютерден браузер арқылы тегін тыңдалады. iOS, Android басқаруындағы смартфондар арқылы браузерден тыңдау ақысы — айына 149 рубль, мобильді қосымшасы — айына 199 рубль. Неге қымбат десеңіз, төлемнің 30%-ын Google Play және App Store дүкендері ұстап қалады.
199 рубль төлеген жағдайда: әндіжүктеп алуға, осылайша онлайн тыңдауға болады. Сондай-ақ, «Яндекс.Музыканың» мобильді қосымшасы әндерді микрофон арқылы «тыңдап», қай ән екенін «танып-біледі».
Айтпақшы, алғашқы айда пайдалану — тегін.

3. TuneIn
Менің «сүйіктім». Әлемнің түкпір-түкпіріндегі 70 мыңнан астам радионың басын құраған. Радиостанциялар жиілігі, аймағы мен стилі бойынша жіктелген.
Қолданушы 70мың радиостанцияның ішінен не тыңдарын білмей, абдырап қалса, не тыңдауға болатынын TuneInнің өзі ұсынады. Ұнаған радиостанцияларды таңдаулылар қатарына қосуға, тәнті еткен әнді «лайктап», қажет болса Amozon дүкенін сатып алуға болады.
TuneInнің мақтанашы сол, ыңғайлы мобильді қосымшалары. Android, iOS, Windows Phone, Blackberryге арналған TuneIn атты тегін және TuneIn Pro атты ақылы қосымшалары бар.
Pro-нұсқаның артықшылығы, эфирді жазып алу мүмкіндігі. Тыңдау кезінде ұнаған тұстарын ерекшелеп, қайта тыңдай аласыз.

4. Deezer
Француздық өнім. Мұрағатында 25 млн музыкалық композиция бар. Ән, не альбом атауы, әншінің аты-жөні бойынша ізделінеді. Әндеріне көңіл толмаса, 30 мың радиостанцияның кез-келгенін таңдау ұсынылады.
Бір ай бойына тегін. Одан кейін айына тек екі сағат ғана тыңдау шектеуі қойылады. Шектеуді алып тастау үшін, айына 4 доллар төлеп тұру жеткілікті. Ал 8 доллар төлеп, әндерді оффлайнда да тыңдау рахаты беріледі.
Мобильді платформалардың барлық түріне арналған қосымшалары бар. Қосымшаларының браузерлік нұсқасынан еш айырмасы жоқ.

5. Google Play Music
Алпауыт компанияның сервисі. Өзім қолданбағандықтан ештеңе айта алмаймын. Білетінім: айына 9,99 доллар төлеу керек. Сонда лицензиясы бар әндерді онлайнда-оффлайнда тыңдауға, жүктеп алуға рұқсат етіледі. Таңдау мол.
Өз тарапыңыздан 20 000 әнге дейін жүктеуге болады.
Білетіндер: «Веб-интерфейсі керемет ыңғайлы. Нағыз меломандарға арналған»,- дейді. Рас-өтірігін қайдам… Меломан емеспін. Сол себепті де бұл сервиске ұшыраспаған болармын.
Universal Music, Sony Entertainment Group, Warner Music Group және тағы да басқа мыңдаған тәуелсіз музыкалық студиялармен келісім-шартқа отырған сервисте 22 жанр бойынша миллиондаған әндер бар.

6. iTunes
Appleдің мақтанышы. Музыка индустриясының астан-кестеңін шығарған сервис. Қолданбағанмын. Өйткені, Apple гаджеттерін ұстамаймын.
Тұтас бір альбомды, не жеке әндерді сатып алуға болады. Бір әннің орташа бағасы 0,99 АҚШ доллары тұрады. Бір айға жазылу — 20$. Ән қоры бойынша әзірге әлемде бірінші.
Легальды киноның да үлкен қоры бар. Ақысын төлеп, кинотеатрға бармай, жоғары сапада iOS платформалы кез-келген гаджеттен көруге болады.
Айтпақшы, бұл сервис Қазақстанда іске қосылмаған. Ресейдің өзінде ресми түрде өткен жылы ашылды.

7. Bandcamp
Музыка әлеміндегі жолын тәй-тәйлап бастаған әншілердің арасында өте танымал сервис. Әншілер өздерінің альбомдарын сайтқа жүктейді. Қолданушылар тыңдайды. Қаласа, сатып алады.
Бағаны әншінің өзі қояды. «Сатпаймын, тегін жүктеп ала берсін» десе де өзі біледі. Қолданушының да жомарттығына шектеу қойылмаған. «Осыдан бірдеңе шығады. Дауысы жақсы. Қолдап жіберейінші» деп, қалағанынша ақша құюына да ұлықсат.
Ән форматын әншінің өзі түрлендіре алады. Ең төменгі битрейт сападағы mp3 форматтан бастап ең жоғары битрейттегі flac форматқа дейін таңдау бар.
Әрі қарай

Серікғани Көшеров: "Тума таланттарды тегін жаттықтырамын"

Ал сол кезде...: Серікғани Көшеров: Тума таланттарды тегін жаттықтырамынсуретте: ортада — Серікғани Көшеров

Серікғани Көшеров - үлкен теннистен 
ұлттық санаттағы бапкер, 
кәсіби теннисші.


Бізде тенниске мамандық ретінде қарау жоқ. Кәсіби деңгейде дайындалу ғана үлкен жетістіктерге жеткізеді. Ал теннисте кәсіби әзірлік үшін көп ақша қажет.

Теннисте бәрі қымбат. Ракеткадан бастап кортқа дейін… Жай ракетка бағасының өзі 50 доллардан басталып, 300 долларға дейін барады. Красовканың өзі қымбат. Жаттығудың әр түріне, корттың түріне арналған жеке-жеке красовкалар болады. Кортты жалға алу бар. Шетелге барғанда да мұның барлығын ешкім тегін бермейді.

Теннис — қымбат спорт түрі. Кәсіби деңгейде айналысу үшін теннисшінің қалтасынан мол шығын жұмсалады. Бәлкім, осы себепті де үлкен теннис — бұқаралық спорт түріне айналып кете қойған жоқ.

Теннисте үш түрлі бағыт бойынша жағдай жасап алуға болады. Біреулер теннис арқылы мол қаражат тауып, карьера құрғысы келеді. Енді біреулер сол теннис ойыны арқылы шетелде білім алғысы келеді. Тағы біреулері осында тенниске жаттықтыратын спорт академиясын ашып, балаларды жинап, сабақ береді.

Қаламыздағы (Шымкент қаласы) халықаралық теннис орталығында жылына 11 халықаралық турнир өтеді. Бұл өз балаларымыздың ұпай жинауы үшін өте жақсы мүмкіндік. Жүлде қоры 10 мың долларлық турнирде 1-орын алған теннисшіге 1500 АҚШ долларын береді. Ұтса, 1500 доллар. Сондай 11 турнир болады, бізде. Ұту үшін соған сәйкес дайындық болуы керек.

Ата-аналар тарапынан бұл спортқа өз балаларын алып келетіндері аз. Бұған насихаттау жұмыстарының әлсіздігі де себеп.

Қазақ теннисінде жеті түйткіл бар. Осы минустарды жойса, кәсіби деңгейдегі дайындық та болады.
Біріншіден, ата-ананың үлкен теннис жөнінде таным-түсінігі нашар. Баланың іс-қимылдарына сәйкес келмейтінді айтып, соны талап етеді. Аз шығынмен көп нәрсе алуды қалайды.
Екіншіден, спортшының денсаулығын қадағалаудың дұрыс жолға қойылмауы.
Үшіншіден, жеке бапкерден бөлек теннис бапкерін де жалдау керек.
Төртіншіден, жеке дене дайындығына жауапты бапкері болу қажет. Бізде ол жоқ. Жеке дене дайындығы бойынша мамандары тенниске жеңіл атлетика, күрес сияқты басқа спорт түрлерінен келеді. Теннисшінің дене дайындығына маманданған бапкердің болмауы.
Бесіншіден, жеке спарринг партнер болуы қажет. Спортшы деңгейін көтеру үшін әр күні бір сағаттай спарринг-партнермен ойнайды.
Алтыншыдан, турнирлік жоспарлар орындалуы керек. Қазақстан ішіндегі, шет елдердегі жарыстарға барып тұру үшін де әрдайым қаражат болу қажет. Бұл шеберлікті шыңдайды, ұпай жинайды.
Жетіншіден, бапкерлердің арасында ауызбіршіліктің жоқтығы. Әркім өз бетінше жұмыс істегісі келеді.

Бір теннисшіні кәсіби тұрғыдан дайындауға кететін шығын жас мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. 13 жасқа дейінгі бала үшін бір жылға 50-60 мың доллар, 14-18 жастан асса одан да екі-үш есе көп қаржы керек. 5-10 жаста 20-25 мың доллар жетеді. Қазіргі үлкен теннис өте агрессивті. Барлық ойыншылар 3-4 бапкерден жалдап алған.

Тума талантты анықтауда арнайы қабылданған сынақтар бар. 5 — 8 жас аралығындағы балалар түрлі сынақтар тапсырады. Мысалы, бір орыннан алға ыршып секіру; 18 метрді жүгіріп өту уақыт көрсеткіші; Бір орыннан жоғары секіру;
Жаттығудың түрлері бар: сегіздік; икемділікке арналған жаттығу. шыдамдылыққа арналған жаттығу; сезімталдығын дамытуға арналған жаттығу;

Тума таланттарды тегін жаттықтырамын. Орта дәрежедегі спортшы ақысын төлеп жаттығады. Сағатына 2 мың теңге. Дәрежесі орта теннисшіні талантқа апарып қосып қоюға әсте болмайды. Өйткені, ол талантты төмен қарай тартып кетеді.
Әрі қарай

Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш

Түркістанда тудым. Жеті жасқа толғанда Арысқа көшіп кеттік. Түркістандағы бала күндерімнен есімде қалғаны: сол бір ағаштан жасалған сылдырмақ еді. Нағашы ағам жасап берген.
Ағаш кесінділерінен құралған сылдырмақтың пішіні ұнайтын-ды. Түркістаннан Арысқа көшіп жүрген уақытта жоғалып кетті. Қайда қалғанын…
Бала күндерді есіме алсам осы бір шаркунок көз алдыма келеді.
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Балалыққа деген сарқылмас сағыныштың қимасына айналған шаркунокты есейген шағымда жасап көрмек болдым.
Алдымен нағашы ағамнан шаркунокты жасау жолын сұрадым. Ағам оны бір кітаптан көріп істегенін, бүгінде өлшемдерін ұмытып қалғанын айтты.
Кітаптан алғанын білген соң, инетте бар болар деп гууглдің жанын шығардым.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
"Ә" дегенде жасалу сызбанұсқасы көлбеңдеп шыға келді.

Не керек екені белгілі. Ағаш, тағы да ағаш, ағаш болғанда да қарағаш.


Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ордабасы алаңы маңындағы «Старый город» атанып кеткен құрылыс материалдарын сататын базарға кештетіп жетіп бардым.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Сауда орындарының дені жабылып қалған. Арасында біреуі ашық болып, сол жерден ағаш сатып алдым. Бір данасының бағасы 100 теңге. Ұзындығы 2 метр. Ойланбастан екеуін қолыма ұстадым.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Енді керегі ара. Ара болғанда да қылара. Ірі және ұсақ тісті мен іздеген ара бар екен. Бағасы 150 теңге. Содан кейін тағы не керегін білмей тұрып, ә бір қажетке жарап қалар деп атын да білмейтін осынау жинақты сатып алдым. Шынын айтқанда, кейіннен еш қажетке жарамады. Текке кеткен 500 теңге.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Базардан шығып бара жатып, мынабір дүкен атауына қызықтым.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Мен базарға бара жатқан кезде нөсер жаңбыр жауған еді. Базарға жеткенше тоқтап, ауа шіркін бір тазарып қалды.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Таза ауаны рахаттана жұтып, Ордабасы алаңына бардым. Үш бидің басы қосылып, кездескен мекен дейді бұ жерді.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Үлкен байрағымыз желбіреп тұр. Бұл 29 мамыр күні болатын.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Майда-шүйдемді құшақтап үйге жеттім. Есікке мынадай хабарландыру газетін қыстырып кетіпті. Ұнамайды осындай тірлік.
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Сонымен не керектің бәрі бар. Интернеттен жасалу жолы көрсетілген суреттерді жүктеп алғанмын.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Шаркуноктың құрылымы төрт бөлшектен тұрады. 16 қысқа кесінді, 4 ұзын кесінді, қалпағы мен тұтқасы. Айтпақшы, дыбыс беру үшін ұсақ тас, күріш, горох және тағы да басқа ағаш жақтауына соғылғанда дыбыс шығаратын нәрсенің бәрін пайдалануға болады.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Алдымен қысқа кесінділерді жасап алмақ болдым. Өлшедім. Ұзындығы 4,1 см. ені 1,5 см.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Бөлдім.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Үйде ешкім жоқ, суретке түсіретін. Ал, селфи

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Арамен бөліп тастадым. Ұзын шамасы 24-25 дана болды-ау деймін.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Әр бөлшекті қақ ортасынан ұзына бойы екіге бөлу керек. Ені 1,5 см болғандықтан 7-7,5 ммден сызық түсті. Сызық бойымен екіге ажыратылды.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ендігісі ішін ойып, екі шетін ұшбұрышты қиық жасау.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Алғашқысы сәтсіз аяқталды. Қалған төртеуі пішімге келді, әйтеуір.

Шаршадым. Ұйықтап қалыппын. Ертең жұмыс.



Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ертеңі кешкісін келіп, жұмысты жалғастырдым. Қысқа кесінділер жасалып бітті. 17 қысқа кесінді. Керегі 16 дана.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ендігі шаруа: ұзын кесінділерді жасау. Оңай іс. Тек өлшемін ұлғайтса болғаны. Ұзындығы — 7,5 см, ені — 1,5 см.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Бұл да қақ ортасынан бөлінді. Өлшенді, кесілді. 4 дана үлкен кесінді әзір болды.

Жауапты сәт: тұтқаны жасау. Бұл маңызды. Барлық кесінділер соған бекітіледі.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Тұтқаны жасауға 29 мамыр күні сатып алған ағаштар жарамайды екен. Өлшемі қысқа. Жұмыстан шығып, үйге қайтар жолда көше бойындағы құрылыс жүргізіп жатқандардан ағаш қиықтарын сұрап алған едім. Үйге алып келдім

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал, сонымен, әурелену басталды. Қатты ағаштар. Икемге келуі қиын.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
«Не де болса» деп, мен де қайтпадым, әйтеуір қолда бар құралдармен бірдеңе жасаған болдым.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Үлкен ара керек екен. Қайдан болсын.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Қақпағын жасамастан бұрын, алдымен қиюластырып болдым. Жарамады. Неден қате кеткенімді қайдам, бір-біріне килікпей қойды. Осылайша менің шаркунок жасамақ болған әрекетім сәтсіз аяқталды.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Уақыт тығыздығы және менің қолымның икемсіздігі себеп болды ма, жоспар орындалмады.

Ал сол кезде...: Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш

Шаркунок деген не?

Бұл өзі Ақ теңіз жағалауындағы балықшылардый ойлап тапқан дүниесі. Ауа райы жақсы күндері балықшылар теңізге шығып кетсе, жайсыз ауа райында үйлерінде отырған. Суық күнде тысқа шығу мүмкін болмаған соң, жануар майынан маздаған шамның айнала қоршай отырып, қолөнермен уақыт өлтірген.
Қолда бары: пышақ, не балта және отын-ағаш. Табиғаттың құшағында күнелткен халық арасынан шыққан шеберлердің қолына түскен ағаш біткен — әп-әдемі туындыларға айналып шыға келетін-ді. Олар көп ретте тұрмыстық заттар мен балалар ойыншықтарын жасағанды құп көрген екен.
Солардың ішіндегі ерекшесі: құрастырмалы ағаш- сылдырмақтар. Жақсы шаркунок жасау үшін қолдың ептілігі ғана емес, сонымен қатар батылдық пен зеректік те қажет. Өйткені, шашылған шаркунокты жинап шығу оңай шаруа емес. 20 данадан артық бөлшектің басын құрап, шаркунокқа айналдыру үшін миды қозғалту керек. Алдында шашылған кесінділерді құрай алмай, дал болып,. тайқып шығатындар кездеседі-мыс. Мінекей, осылайша қарапайым ғана шаркунок күрделі басқатырғышқа айналып шыға келеді.
Шаркуноктың құрылымы есік-терезесі жоқ көп ұяшық-бөлмиелері бар көпқабатты үйді еске түсіреді. Шаркунокты қайыңның қабығынан, не қарағаштан жасайды. Қарағаштан кесінділері, ал тұтқасы мен қақпағы қайың ағашынан кесіледі. Қалпағына құстың, не жылқының шағын ғана ағаш мүсінін орнатқан. Құс мүсінді шаркунокты қыз баласына, ат мүсіндіні ұлға ұстатқан.
Солтүстік халқында, Құс — күн мен жарықтың, ал Жылқы — жел мен дауылдың символы болған.
Шаркунокқа үн бітіру үшін әр ұяшыққа горох, күріш, бытыра, не ұсақ теңіз тастарын салады. Горох салынса жұмсақ дыбыс, бытыра, не тас салынса сыңғырлаған, не қатаң дыбыс шығатын болған.
Шаркунокты қолға ұстап тұрып: сілкіп-сілкіп жіберсе, күрке іші теңіз толқындарының соқтығысқан үніне, жапырақтардың сыбдырына, шегірткелердің шырылына толып кетеді екен. Ұзақ жылдар қарағайдың бойына жиналған солтүстік табиғатының бар үні шаркуноктың сылдыры арқылы тысқа шыққан.
Шаркунокты әуел баста тек бала ойыншығы ғана емес, жын-шайтанды қуатын музыкалық аспап ретінде де пайдаланған болуы мүмкін.
Шаркунок — 24 кесіндіден құралады. Кесінділер тұтқа мен қалпаққа бекітіледі. Шаркунокты жасағанда кесінділердің өлшемі мен пішінін сақтау аса маңызды. Бұл екеуі дұрыс болмаса, онда бір-біріне килікпей қалады.
Құрастырғанда әр ұяшыққа бытыра, не горох, не ұсақ тастар салып отыруды ұмытпау қажет.
Әрі қарай

Келер күннің көліктері

Бүгінге дейін адам баласын тасымалдап келген ұшақтар, поездар мен автокөліктердің барлығы да алдағы уақытта тарихи жәдігерге айналып шыға келуі ғажап емес. Өйткені, дамылсыз жылжыған ғылым адамның шарықтаған қиялында пайда болған идеялардың легін өмірде жүзеге асыруға қауқарлы. Толастамаса болғаны…
Сіздің назарға футуристтік көлік құралдарының үздік сегіздігін ұсынып отырмын. Бұл жобалардың орындалу ықтималдылығы — уақыттың еншісінде. Десек те, келер күннің алыстығы жоқ екені тағы бар.

1. Гипертопса

Гипертопсаның авторы — Илон Маск (Elon Musk). Илон Маск деген кім? Оның «PayPal» атты балама банк жүйесін құрғаны былай тұрсын, ол — Халықаралық ғарыш станциясына қолдау көрсету үшін «SpaceX» деген компания мен инновациялық электрлік автокөлік жасайтын «Tesla Motors» зауытының негізін салған миллиардер.
Үш бірегей жобаның құрушысы Илонның ендігі ойға алған шаруасы — қоғамдық көлік саласын жаңғырту. Илон Маск осыдан жарты жыл уақыт бұрын ультражылдамдыққа ие қалаларалық көлік жүйесін құру туралы идеясын жария етті. Жолаушыны Сан-Францискодан Лос-Анджелеске небәрі 35 минут ішінде жеткізеді-мыс.
Гипертопсаның құрылымы былай: жерге нық орнатылған бағаналардың үстімен құрыш түтік жүргізіледі. Түтік ішінде алюминий капсулалар болады. Капсулалар сағатына 1200 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Ішінде адам отырады. Басты артықшылығы сол, күн сәулесімен қуаттанады.
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Кемшілігі сол, бағасы қымбат. Масктің есептеуінше, Гипертопса құрылысының бірінші кезеңіне 70 млрд АҚШ доллары жұмсалады. Бұл тек болжам ғана. Тіпті, 100 млрд АҚШ долларынан астам шығын кетуі де мүмкін. Сыншылар жүйенің құны тым қымбат екендігін алға тартып ғана қоймай, өте-мөте "әлжуаз жүйе" деп бағалады. Тіпті кейбіреулері жылдамдығы баяу дегенді де айтып қалды.
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Әйтсе де, жоспар жүзеге асырылып жатыр. Стартапқа «Hyperloop Transportation Technologies» деген атау берілді. Гипертопсаның прототипі 2015 жылдың бірінші тоқсанында әзір болады. Болжалды дүниеге қатысты болжам осы.

2. Атом автокөліктері

Laser Power Systems ғылыми-зерттеу компаниясының ғалымдары жаңа турбогенератор жасаудың әлегіне кіріскен. турбогенератор «торий лазерімен» қозғалысқа келтіріледі. Шын мәнісінде, бұл — лазер емес, жай ғана жылу бөлетін құрылғы.
Торий (Th) — радиобелсенді химиялық элемент. Актиноидтар санатының бірінші мүшесі (атомдық нөмері 90, балқу температурасы 2028° K). Автокөліктің «жүрегінде» радиобелсенді элементтің болуы — тәжірибе жүзінде таңсық көрінуі мүмкін. Әйткенмен осыдан 50 жыл бұрын жазылған ғылыми-фантастикалық шығармалардың өзегінде осы концепция да бар еді. Ондағы қиялдың бір ұшы адамзаттың келешегі мини-АЭСларының еншісінде жатыр дегенге келіп тіреліп, түрлі мобильді құрылғылар «мәңгілік» қоректендіру көзінен қуат алады дегенге саятын-ды. Ал бүгінде мұның барлығы да ғылыми фантастика әлемінде ғана қалып қоймай, шынайы коммерциялық жоба ретінде шындыққа айналмақ.
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Жаңа турбогенератордың жұмыс істеу принципі де қарабайыр. Торийден бөлінген жылу — автокөліктің турбинді қозғалтқышын іске қосады. Инженерлер осындай қозғалтқыштың үлгісін Тесла қозғалтқыштарының негізінде жасап шықты. Ғалымдардың сендіруінше, сегіз грамм торийдің қуаты автокөліктің 480 мың шақырым қашықтықты жүріп өтуін қамтамасыз етеді. Осылайша, автокөліктің сатып алғаннан кейін де жанармай бекетіне барып қажет емес. Зауыттан «алған қуаты» автокөліктің «бүкіл ғұмырына» жетеді.

3. Суперкавитация (Supercavitation)

Теңіз инженериясындағы осы бір идеяның бірегейлігіне шәк келтіру әзірге мүмкін болмай отыр. Суперкавитация — сұйықтық ішіндегі нысанды айналдыра қоршайтын газ көпіршіктерінен пайда болатын әсер. Су астындағы көпіршіктердің қоршауында қозғалған қайықты елестетіп көріңізші. Газ үйкеліс күшін 900 есе азайтып, су астындағы нысанның әдеттегіден тез қозғалуына жағдай жасайды.
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Суперкавитацияның жылдамдықты арттырудан бөлек тағы бірнеше артықшылығы бар:
1. Жанармай аз шығындалады.
2. Қайықтың аса жоғары жылдамдықта қозғалуы мен пішінінің өзгешелігі гидролокаторлардың «көзіне» оңай түсіп қалуға жол бермейді.
3. Тіпті, бұл аз десеңіз, суперкавитацонды қайықтың торпеданы қуып жетіп, басып озуға шамасы жетеді.
«Juliet Marine Systems» компаниясы осындай қайықтың жобасын жасауды қолға алды. ЕЛЕС (GHOST (жобаның атауы) — әскери-теңіз кемелерін қорғау және сауда кемелеріне жасалатын қарақшылық шабуылдарды тойтаруға арналған. Сондай-ақ, жауынгерлерді жағаға жеткізу үшін сал ретінде де пайдаланылмақ.

4. Martin Jetpack

Жаңазеландиялық Гленн Мартин 30 жылдан бері реактивті сөмкенің дизайнын жасаумен айналысып келеді. Енді, міне, 30 жыл бойына әурелеген «сөмке» нарыққа шығуға жарым-жартылай дайын.
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
«Martin Jetpack» қысқа диаметрлі әуе винттерімен жабдықталған. 30 минутқа дейін жұмыс істейді. Максимальды жылдамдығы 74 шақырымға жетеді. 900 метр биіктікке көтеріле алады. Мұндай рюкзактар өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстарында қолданылады. Өйткені, «Martin Jetpackті» жедел әрекет ету қызметтерінің көлік құралы ретінде жасап жатыр. Ашық сатылымға 2014 жылдың ортасында шығарылады. 200 000 АҚШ долларынан сатылады.

5. Велосипедтер қаласы (Velo-City)

Жұмысқа әр күні велосипедпен барғанға не жетсін?! Бұл үшін дене дайындығы мен күш-қуат қажет-ақ. Алайда, таяу уақытта велосипед тебу де оңай шаруаға айналады. 2006 жылы Торонто қаласының әкімшілігі «жоғары жылдамдықтағы, бүкілмаусымдық, экологиялық таза, ультратыныш транзиттік жүйенің» жасалатыны туралы мәлімдеген болатын. «Мұнда адамдардың өздерін жақсы сезінуі үшін қажеттінің барлығы болады» деп те уәде етілді. Қала әкімшілігінің жоспарында «стероидтардағы» велосипед жолдарын салу бар-тын.
Крис Хардвик (Chris Hardwicke) есімді торонтолық сәулетшінің идеясымен әзірленген жобаның өзегі: жерде орнатылған бағаналарға бекітілген түтіктердің ішіне үш жолақты велосипед жолын жүргізу.Түтіктер бағыттарға бөлінеді. Осылайша түтік ішінде ауа айналымы қалыптасады. Жолай жетелеген жел пайда болады. Велосипед тепкен жұртшылық желі ескен түтіктердің ішінде сағатына 50 шақырым жылдамдықпен ызғиды.
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Велосипедтер қалашығы (Velo-city) жобасы ауа райы суық аймақтарда да тиімді болмақ. Өйткені, құбырдағы велосипедшілер түрлі ауа райы құбылыстарынан қорғалады.
Энтузиазмге толы жоба бүгінде қаржының жоқтығынан тоқтап тұр. Алайда, ұмытылған жоқ. Алдағы уақытта жүзеге асырылуы кәдік.

6. Next

Googleдің адам басқаруынсыз жүретін автокөліктері хақында естімеген адам кемде-кем шығар. Ал осы Googleдің автокөліктеріне ұқсас Next жобасы туралы естігендер некен-саяқ. Бұл — жартылай такси, жартылай Segway.
Томмасо Гекчелин (Tommaso Gecchelin) есімді дизайнер смартфон арқылы басқарылатын Next автономды жүргізу модульдерінің әлемін жасауды арман етіп жүргеніне не заман?!
Next модульдерінің функциясы былай: сіздің смарфоныңызбен басқарылатын модуль төрт доңғалағын шығарып қойып, жол бойымен ызғып бара жатады. Алдынан өзі сияқты модульдер тобы ұшырасса, сіздің модульдің төрт доңғалағы екі доңғалаққа бірігіп, модульдер тобына жақын барып, олармен түйіседі. Түйіскен жақ панелі ашылып, автобуста, не поезда кетіп бара жатқандай әсерде қалдырады. Модуль қаншалықты оңай түйіссе, соншалық тез ажырайды. Белгіленген орынға жеткенде өздігінен ажырап, сіздің түсіп қалуыңызға «ыңғай жасайды».
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Бұл — фантастикалық идея. Өкінішке қарай, Nextті қолдануға қазіргі техниканың мүмкіншілігі жетпейді.
Гекчелин өз жоба-жоспарында Nextті жаппай қолданысқа енгізуге дейін жасалуы керек технологиялардың тізбегін көрсеткен. Арзан наноматериалдар, жүргізушісіз басқарылатын автокөлік, қуаттылығы мол аккумулятор және үлкен сыйымдылықтағы арзан күн батареяларының өндірісі жаппай жолға қойылу керектігі айтылған. Гекчелиннің есептеуінше, Nextты қолданысқа енгізу 2025 жылдан кейін басталуы мүмкін. Адамзат әзірге дайын емес.

7. Колелинио

Зип — лайн жолдары шындыққа айналуы әбден мүмкін. Бұған Колелинио концепциясы сеп болмақ. Концепцияны 2010 жылы Салоники қаласында өткен TEDx-те Мартин Ангелов (Martin Angelov) ұсынды. Ангелов сол кезде аспанды «тілгілеген», ауада түйісетін сымдар желісі жобасын таныстырған еді. Адамдар сымдардың бойымен бір мекеннен екінші мекенге орын алмастырады.
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Оның идеясы автожолдар салу және ауыр автокөліктер жасау секілді шығыны мол әрекеттерддің машақатынан құтқаратын еді. Сонымен қатар, экологиялық таза көлік инфрақұрылымен құруға сеп.
Сымға бекітілген аккумуляторден қоректенетін орындықтар адам аяғы аз жерлерде жерге жақын қашықтықта зымырап, халық саны тығыз аудандарда биікке әуелей көтеріліп, сырғиды.
Алайда бұл жобаның да бірнеше кемшіліктері бар. Колелинио қандай да бір қолайсыз ауа райынан қорғаныш бола алмайды. Биіктіктен қорқатын жандарға жарамайды. Қауіпсіздік мәселесінде де шешімін таппаған түйткілдері жетерлік. Десе де, инновациялық идея.

8. Скайлон (Skylon)

Скайлон Конкорданың (Concorde) ізбарасары іспеттес. Конкорда — дыбыс жылдамдығынан жылдам ұшатын ұшақ. Осыдан 10 жылдай уақыт бұрын қолданыстан шығарылды.
2013 жылы Ұлыбритания билігі Скайлонды жасау үшін 90 млн АҚШ долларын жұмсауға «кет әрі емес екендіктерін» хабарлады. Скайлонның жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан бес есе артық. Жердің орбитасынан шығып, ғарыш кеңістігінде самғауға шамасы жетеді. Әлемнің кез-келген ұшу-қону жолағынан ұшады, сәйкесінше қона да алады. Бортына 300 жолаушыны тиеп, Лондоннан Сиднейге 4 сағатта «ентікпей-ақ» жетіп барады. Одан бөлек, Халықаралық ғарыш станциясына 15 тонна жүк жеткізуде де еш "қиналмайды".
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Ұшақты жасау жұмыстары енді басталды. Массачусетс технологиялық институтындағы әуе тасымалы бойынша Халықаралық орталығының басшысы Джон Хансманның (John Hansman) айтуынша, Скайлон — ғылыми фантастика тұрғысынан қарағанда теңдессіз жоба көрінеді. Әйткенмен, оны жасау — өте қиын.
90 млн АҚШ доллары тек бастапқы шығынды ғана жаппақ. Жалпы құны бір миллиард АҚШ долларынан асып жығылады.
Осынау қиыншылықтарға қарамастан, көптеген ғалымдар мен ғылыми журналисттер Скайлон жобасы жөнінде оптимисттік көзқарастарынан тайқымай отыр.
Жоспардан ауытқымаса Скайлонның прототипі 2017 жылы дайын болады. Ал ұшу құрылғысы бірнеше жыл ішінде құрастырылады.

Міне, футуристтік дизайн мен идеялар жиынтығының бір парасы осы. Ендігісі — күту.

тәржіма пост, орыс тіліндегі нұсқасы мұнда
Әрі қарай