Джеффри Хинтонның дабылы: «Суперақылды ЖИ адамзатты жойып жіберуі мүмкін» - 10 млн қаралым жинаған сұхбаттың негізгі ойлары

  • ЖИ
Жасанды интеллекттің «атасы» саналатын Джеффри Хинтонның сұхбаты 10 млн қаралым жинады. Елу жыл бойы ол жасанды интеллект жасады. Енді машиналар адамзатты жойып жіберуі мүмкін дейді. Жұмыссыздық, кибершабуылдар, сайлауды бұрмалау, вирустар, адам өлтіретін роботтар — бұл бізді күтуі мүмкін қауіптердің толық тізімі емес. Мұндай дүниеде адамдар не істемек? Әзірге… гуманоид роботтар пайда болғанша, сантехник секілді қол еңбегін игеруді үйренсін.

Бұл сандырақ сияқты естіледі. Бірақ мұны Джеффри Хинтон айтып отыр — онсыз, бәлкім, ChatGPT, Gemini, Grok және өзге нейрожелілер болмас еді. Ол — Тьюринг сыйлығының лауреаты, нейрожелілер жөніндегі еңбектері қазіргі ЖИ-дің іргетасына айналған ғалым. 2013 жылы Google оның технологиясын сатып алып, Хинтон ол жерде он жыл терең оқытуды дамытты. Содан кейін ол тәуекелдер туралы ашық айту үшін кетті.

Төрт айда 10 млн рет қаралған сол сұхбаттағы басты ойлар төмендегідей.
Әрі қарай

Google-дың жаңа SEO алгоритмі: ЖИ дәуіріндегі мазмұн революциясы

  • ЖИ
Іздеу жүйелері заман талабына сай өзгеріп жатыр. Әсіресе, Google соңғы кезде SEO (іздеу жүйесіне бейімдеу) саласына түбегейлі өзгеріс әкелді. Бұрынғыдай кілтсөздерге толы мәтін жазып, тақырыпты арнайы боттар үшін құрастырып, рейтинг көтеруге тырысу енді жарамайды.

2025 жылдың наурызында жарияланып, сәуірден бастап толық күшіне енген жаңа Google алгоритмі сайт иелері мен контент жасаушылардан мүлде басқа көзқарас талап етеді. Бұл тек техникалық өзгеріс емес – мазмұн құндылығына негізделген жаңа дәуірдің бастауы.
Әрі қарай

Асқар Базарбай: ЖИ – адамзаттың шәкірті

  • ЖИ
Бүгінде жасанды интеллект адамзат қызметінің түрлі салаларына еніп, тіпті шығармашылық пен тіл тәрізді нәзік бағыттарда да белсенді қолданыла бастады. Осы орайда көпшіліктің көкейінде «ЖИ кәсіби аудармашыларды алмастыра ала ма?» деген сауал туындайтыны заңды. Бұл сұрақ әсіресе қазақ-ағылшын бағытында жұмыс істейтін мамандар үшін өте өзекті.

Біз осы тақырып аясында қазақша-ағылшынша кәсіпқой аудармашы, салада бірнеше жылдық тәжірибесі бар маман – Асқар Базарбаймен арнайы сұхбаттастық. Ол өз кәсібінің ерекшеліктері туралы баяндап қана қоймай, жасанды интеллектінің қазіргі мүмкіндіктерін кәсіби тұрғыда бағалап, аударма саласының болашағына қатысты маңызды ойларымен бөлісті.
Әрі қарай