АБАЙла! Дабай.кз келеді! :)



Қазнеттегі Шалымыз Ляхов ағайдың бүгін пісірген блинчиктерін қарап отырып, біздің сайт туралы жазғанын оқып, күлкім келіп кетті:

Блог-платформа Dabai.kz
dabai.kz

Портал Abai.kz по праву считается одним из знаковых в казахском интернет-пространстве, а в 2009 году был отмечен как лучший сайт на государственном языке в конкурсе «Национальная интернет-премия AWARD.kz». Хорошо зная о способностях Аршата Оразова, основателя и администратора Dabai.kz, и наблюдая за его активностью в интернете, думаю, что уже весьма скоро в головах начнётся реальная путаница, о ком из лидеров казахскоязычного Казнета — Abai.kz или Dabai.kz — идёт речь…


http://lyakhov.kz/pancakes/11/110114.shtml

Ал, тырысып көрейік! Ақыры шықтық қой осы жолға, жолымыз ұзақ әлі.
Әрі қарай

КерекИнфо қойнауынан: 2006 жылғы үздіктер

Поштамдағы ескі хаттарды ақтарып отырып, Нұрғисаның мына есебін тауып алдым.
Админнің бөлмесі: КерекИнфо қойнауынан: 2006 жылғы үздіктер
Кірпік қағып, сүт пісірім ішінде 2006 жылдың лезде зулап өте шыққанын біреу байқады, біреу байқамады. Құрама Штаттар түрлі сылтаумен Иракты бомбылап жатты, Құдыста Хамасы бар, ФАТХы бар, Израильдің ұрдажықтары бар – қырықпышақтасып жатты… Ресей төрткүл дүниені табиғи газының қоры арқылы, өзгелердің сол қорға тәуелділігі арқылы дүр сілкіндіруге әуестеніп жүр… Иран Буш әкімшілігінің әпербақандылығы мен әлімжеттігіне мойынсұнбайтынын дәлелдеп бағып жүрсе, Дарфурдағылар Кондолизаның құйтырқы есебінің құрбаны болмайтындарын мәлімдеумен болды. Бұған Солтүстік Кореяның көрсеқызарлық синдромы мен әлем тарихында деспот аталып үлгерген бірнеше тиранның бақилыққа аттанғанын қосыңыз… Осындай құбыжық галлактикада өзінің рухани сұлбасы мен өр рухының кәусар болмысын сақтауға мейлінше мол қайрат сарп еткен Керекинфо планетасы түзулік атаулыға бойын түзей берді, түзей берді.

Ия, 2006 жыл керекинфо жылнамасына сүңгіп үлгергенімен, былтырғы жақсы жайлардың жай-жапсары ұмытылмақ емес. Әсілі, керекинфо сайты жахантордағы бір ұяшық қана болып қоймай, мақсат-мұраты әлдеқайда әріде жатқан біріктіруші дәнекер деп танымақ керек-ті. Қазақтың сартопырағына аунап-қунап өскен қарадомалақтар замананың тылсымымен үндесе тегеурінді, екпінді пікірлерімен алмасып жатса қай тұсы айып?

Тәсірлі мәселелер төңірегінде толғану жылы болды екі мың алтыншы жыл. Қатарымыз да күн санап артып, шаңырағымыз беріктене, түтініміз түзурек ұша бастағанына сіз бен біз куә. Қоян-қолтықтаса отырып әр нәрсенің анық-қанығына жетуде талас-тартыстар өрбіп жатыр, өрби де бермек. Керекинфоның түпкілікті миссиясы да сол. Естілмеген сөзді жетім қалдырмай, үшбу сәлемдерді құшағына сыйдырып, сүйіншілеп, күніге білгісаярдан арғы жағынан мен мұндалап күлімсірей беретіні…

2006 жылы тарланбоздарды жанай да түсті, ысылта да түсті. Кім жоқ десеңізші олардың қатарында… Өзіедік ашылмаған қыры көп Қайраты пен Тентекбаласынан бастап, қапелімде қойып салатын Аюдың баласы бар, келісті сөзді қиыннан қиыстырған Еркемі бар, ойының бітімі мұқалмаған Томирисі мен Бахасы, керекинфоның төл атқамінерлері Ньюйоркері мен Шырыны, тәсірлі де мәйекті идеаларға бой түзеген Мараты мен Сигмасы, Робинзонша елсіз жерде көл-көсір боп жүрген Айтары мен гүл шоғын өлердей ұнатушы Керек адамы, қала берді түнімен көз шырымын да алмайтын Қырмызысы, сайттың ардагер тәтесі атанып үлгерген қылыш сөзді Көңілашары, тыңнан қосылған жас пері Торланасы, мафиягер Мәриямы, эссе өнерінің маэстросы Бекжан профессор ағайы, періште Меркельдің дұғай-дұғай ассаламауғаләйкүмін бұлжытпай жеткізуші Симона мен Салтанат, сөзі алтын да қола, өзі Лола – түйіндегенде, жоғы жоқ.

Рас, түпнұсқасын Аршат пен Бекжан түзген сайт бүгін ел игілігіне айнылп үлгергенін тарих дәлелдеп отыр. Сайттың өміршеңдігі, виртуалдық барболмыс пен шынайы күйкі тірліктің қабыса жанасуы пайдалуншылардың құзыретіндегі міндет екенін ескерер болсақ, ол кісілерсіз аттап алға басу, ілгерілеу жоқ екенін тағы мойындауымыз шарт. Осының бәрін ескере келе, сайт әкімшілігі жылара сайтқа ерен еңбек сіңірушелерді ынталандырып отыруды дәстүрге айналдырған.

Екі мың алтыншы жылы сайттың тамыры тереңдей түсуіне зор ықпал қосушылардың арасында бұдан бұрын жасырын дауыс беру арқылы үздіктерді анықтауға кіріскеніміз әмбе керекинфошыға аян. Енді сол мүшәйрәнің да томағасын сыпырып, қорытындысын жалпақ жұртқа жайып салар кез келіп жетті.

Алдымен ұзын етектілерді түгендеп өтелік.

Өткен жылы өзінің қарқынымен, әсіре белсенділігімен, тартымды посттарымен дүйім керекинфолық форумдастардың бірі әрі бірегейіне айналып үлгерген Симона қыздар арасында үшінші орынды қанжығаға байлады.

Ізденімпаздығымен, ұтымды әрі айшықты позициясымен, салымының мықтылығымен керекинфоға жаңа леп әкелген Лола ханым екінші орынды місе тұтты.

Санақ қорытындысы бойынша айтулы бірінші орын және Екі мың алтыншы жылғы ең үздік қыз керекинфошы номинациясы қашанда ашық-жарқындығымен, үйлесімді ойымен, мысық атаулыға бір табан жақындығымен ерекшеленетін Көңілді ашар Жаннаға бұйырыпты.

Жеңімпаздардың бұл легін ең ыстық ықыласпен құттықтап қояйық!

Енді қыз-қырқынды тәмәмдап, жігіттерді түгендеуді бастасақ мына нәтижелерге тірелеміз:

Екі мың алтының жігіттер категориясы бойынша үшіншісі жатса-тұрса есіл-дерті керекинфо болған, кесек сөздің кәдуілгі ұстасы Сигманың үлесіне тиіп отыр.

Екінші орын – айтары бар, жайпары бар, мұқтаждарға көмек қолын созуға әмәнда даяр, лирик әрі романтик Айтарға лайық!

Ал енді жігіттер арасында екі мың алтының ең үздік керекинфошы лауазымы Атырау кентінің құлагері, екі ғана сөз емес-ау, талай сөздің басын біріктіріп, жұмыр басты пендеге көкейтесті ой салушы, маржан сөздің зергері Маратқа бұйырыпты.

Жеңімпаздардың бұл легін тағы бір мәрте ду қол шапалақтатып құттықтап қоялық.

Жеңімпаздарға ең жақын арада құрмет сертификаттары табыс етілмек.

Бұған қоса, бәйгені ұйымдастырушылар алқасы қосалқы номанциялар бойынша жеңімпаздарды анықтайныны қатеріңізге салады.

Екі мың алтыншы – жақсы жыл!!!
Әрі қарай

Видео қою кодтары жаңарды

Youtube-тағы видеоларды енді жаңа, қысқартылған сілтемесімен де қоюға болады және ескі коды емес жаңа, қысқа кодымен де қоюға болады.

Мысалы мынау қысқа сілтемесін қою коды:
<video>http://youtu.be/wLwZx1hyGL8</video>


Яғни video тэгының ортасына жаңа сілтемені де қоюға болады.
Әрі қарай

КВН. Финал 2010

Кешегі финалдан кейінгі ой:

финалда чемпиондыққа лайық ойын көрсетті деу қиын. тек СТЭМ шығар жақсы шыққан, музыкалка визуально әдемі шықты, бірақ айтып тұрған әндерінің дәмі болмады. сосын шығар жоғары балл ала алмады. разминка да әлсіз болды.

Енді Нұрландар орындарын жастарға беретін шығар.



Әрі қарай

Не деген Қызықстан!

қазақтардың фэнтези жанрындағы телеканалы

© @Jacqabaies_Chirac


Баяғыда әлеуметтік желілер, мессенджерлер жоқ кезде қызық жаңалық, приколдарды пошталарымызға жіберуші едік. Қызық еді. Күлуші едік. Шынымен күлуші едік. Тіке мағынасында. Қазір де бөлісеміз қызық ақпараттармен. Бірақ, қарасам қазір бұрынғыдай емес приколдар. Шын болып жатқан оқиғалар, жаңалықтарға күлеміз. Яғни абсурдтарға! Күлеміз. Ызадан. Топастықтан. Кім топас? Кім ақымақ? Жариялаушы ма? Оқушы халық па? Қажыдым анассгин…
Әрі қарай

Ілмектер туралы

Админнің бөлмесі: Ілмектер туралы

Әр жазудың астына ілмектер қосу керек. Ілмектер не және не үшін керек? Ілмектер — сіздің мақалаңыздағы кілт сөздер, яғни қандай сөздер арқылы сіздің мақалаңыз іздеу жүйелеріне ілініп, қай сөздер бойынша табылғанын қалайсыз, сол сөздерді жазуыңыз керек. Қарап отырсам осы жерін көп адам түсінбеген сияқты, толық сөйлем немесе сөздердің арасына үтір қоймай бәрін бір сөйлем сияқты қылып жариялап жіберіп жүргендер бар. Ал кей қолданушылар өте сауатты қолданып жүр осы функцияны.

Админнің бөлмесі: Ілмектер туралы

Араларын үтірмен бөлуді ұмытпаңыздар!

P.S профильдегі Қала деген жерге өз email адрестерін жазып жүргендерді түсінбедім, түсінікті болып Қала деп жазылып тұр ғой.
Әрі қарай

Дабайға блоггерлердің жазбалары қосылуда



Негізі біраз адам өз блогтарындағы жазбаларды осында өздері көшіріп жүр. Осындай жұмысты жеңілдету мақсатында Дабайға жаңа функция қостым. Блогтардағы жазулар RSS лентасы арқылы осында өздері автоматты түрде қосылады. Блогқа жаңа жазу жазылған кезде бірден болмаса да сол күннің ішінде осында көшіріледі. Әзірше тест режимінде. Қолмен көшірілмегесін әрине қателер болады, оларды өзім түзетудемін. Бірақ қалай болғанда да осындағы аудиторияға ыңғайлы болады деп ойлаймын. Өйткені автордың блогына бармай-ақ жазбаларын осынан оқуына болады, ал авторға да жақсы жағы: өз мақаласына осы жерден көп пікір жинай алады.

Әзірше қосылған блогтар:


P.S кеше чат қосылды. дұрыс мақсатта қолданасыз деп ойлаймын. :)
Әрі қарай

Бенто - жапонша түскі ас үлгісі



Жапондықтар тамақты тек қана дәмді емес, сондай-ақ әдемі етіп те жейді. Жұмысқа немесе сабаққа алып кететін тамақты әдемі етіп жинақтайды екен. Мұны Бенто деп атайды.

Әдетте бентоның құрамында күріш, ет, балық және маринадталған көкөністер болады. Сосын әдеміленіп қорапшаға салынады.
Әрі қарай