Ілмектер туралы

Админнің бөлмесі: Ілмектер туралы

Әр жазудың астына ілмектер қосу керек. Ілмектер не және не үшін керек? Ілмектер — сіздің мақалаңыздағы кілт сөздер, яғни қандай сөздер арқылы сіздің мақалаңыз іздеу жүйелеріне ілініп, қай сөздер бойынша табылғанын қалайсыз, сол сөздерді жазуыңыз керек. Қарап отырсам осы жерін көп адам түсінбеген сияқты, толық сөйлем немесе сөздердің арасына үтір қоймай бәрін бір сөйлем сияқты қылып жариялап жіберіп жүргендер бар. Ал кей қолданушылар өте сауатты қолданып жүр осы функцияны.

Админнің бөлмесі: Ілмектер туралы

Араларын үтірмен бөлуді ұмытпаңыздар!

P.S профильдегі Қала деген жерге өз email адрестерін жазып жүргендерді түсінбедім, түсінікті болып Қала деп жазылып тұр ғой.
Бөлісу:

3 пікір

TOTY
ааааа… енді түсіндім… хи хи
yerbol89
Рахмет! Жақсы айтылған Ілмек деп. Тегтер, тәгтер деп шаршап кеткен едім. Енді мен де ілмек дегенге көшетін болдым.