Сайттағы жаңа "фишкалар": Қолданушыны пікірталасқа шақыру және Автокат

Қанша жерден айтсақ та, FAQ жазсақ та қолданушылардың көбісі жазбаларын қиюды үйренбеді, нәтижесінде ұзын жазба болып, орын алып тұрады. Бұдан кейін cut тегін қоймайтындардың жазбалары автоматты түрде 250 символдан кейін қиылады.
Тағы бір

Осы көп жерде пікір жазғанда «менің ойымша», «жеке пікірім» деп жатамыз. ал интернетте адамдар бұрыннан бері мұндай жағдай үшін ИМХОны қолданады ғой.
Дабай.кз ашылғанына 2 айдай уақыт болды. Осы қысқа уақыт ішінде өзіндік аудиториясы қалыптасып үлгерді. Нағыз пікірталас платформасына айналып үлгерді. Басында техникалық тұрғыда әлсірей бастаған Кездесу.ком сайтына альтернатива ретінде эксперимент ретінде бастаған жобам еді. Кейін Асхат бастаған блогшылардың қолдауымен жақсы жобаға айналып шыға келді. Қолданушы пікірімен санаспауға болмайды, Дабай деген ат көпшілікке ұнамады. Менің өзіме сондай жеңіл атау ұнап тұрса да, мұндай атпен сайттың болашағы бұлыңғыр деген болжамдар айтылды. Сол себепті әлі жолдың басындамыз, кеш емес әлі деген оймен кезінде Қазнетте танымал болған КерекИнфо сайтының атын таңдадым. Дабайдағы белсенділікті біреулер сол баяғы КерекИнфоға да ұқсатты, сол кездегі рух қайта келгендей деген пікірлер болды. Ақыры осы сайтта ақпарат бөлісіп жүр екенбіз, ақпаратымыз керек болсын, керек инфо болсын! Осы атты жатсынбай бұдан кейін КерекИнфоға үйрене берулеріңізді сұраймын. Ал қолданушылар Дабайшылар емес кезінде қалыптасып қалған Керекшілер деп аталайық.


Пікірлерді түзету функциясы қосылды. Жақсы мақсатта қолданарсыз ден сенемін. Яғни, тек орфографиялық немесе грамматикалық қателеріңізді түзеуге, дұрыс шықпай қалған код, сурет, видеоларды түзетуге. Пікір мазмұнын өзгертемін деп әуре болмасаңыз да болады негізі, пікір түзетілгені туралы ақпарат астында шығып тұратын болады.

