КерекИнфода жоғары рейтингті пост жазу амалдары


КерекИнфода бүгінге дейін 9000-ға жуық пост жарияланыпты. Оның барлығы жақсы баға алды, пікір жазылды дей алмаймыз. Сайт ішінде қолданушы рейтингі де бар. Көбінесе сол рейтингі жоғары блогшылардың жазбалары оқылады, көп пікір жазылады. Бүгінгі жазбам КерекИнфода беделді блогшы, рейтингі жоғары қолданушы болу туралы болмақ.

Сонымен жазған постыңыз жақсы бағалануы үшін не істеу керек?

1. Дұрыс уақыт
КерекИнфода уақыт маңызды факторлардың бірі. Байқасаңыз бұл жер жұмыс күндері қатты қызады. Жұмыстан қолы босағанның бәрі осында келеді. Демалыс күндері белсенділік төмендеу. Сондықтан мақаланы адам көп кіретін кезде жазған дұрыс. Жұма күні жұмыстан кейін немесе сенбі күні жарияласаң оқылу шансы аз болады. Одан кейін жазылғандардың артына түсіп, көпшілікке көрінбей де қалады. Ең идеал уақыт сейсенбі күні таңертең шығару немесе жұмыстан босай бастаған жұма күнгі таңертең. Дүйсенбі күні жұмыс аптасының басы болғандықтан онша байқалмай қалуы мүмкін. Егер тақырыбың актуальды болмаса ыңғайлы уақытты күт.

2. Мақала тақырыбы
Әдетте көпшілік сайттың оң жағындағы Тікелей эфирден қарап отырады белсенді тақырыптарды. Сондықтан КерекИнфоның талғампаз оқырманын тақырыбыңмен де қызықтыра алуың керек. Тақырып аты мақаланың не туралы екенін түсіндіре алуы керек. Қатты ұзын да емес, қысқа да емес, нақты жеткізе алуың керек. Тақырыптың соңына «туралы», «жайлы» сияқты сөздерді қолданба. Сөйлемнің бәрін үлкен әріппен жазба. Және ең бастысы тақырып соңына смайлик қойма. Яғни, алдын ала тақырыбыңа олай комент жасама. Күлкілі ме, мұңды ма оны оқырман өзі бағаласын. Қысқасы тақырыбың нашар қойылса мақалаң өлді дей бер.

3. Жеткізу формасы
Мәтінді орналастыру өте маңызды. Ұзын мәтін, көп әріптен қорықпа. Кез келген ақпаратты әдемі жеткізуге болады. Бар мәселе осында, дұрыс жеткізуде. Байқасаң мәтін орналастыратын жерде бірнеше батырма бар, мәтінді әрлеу үшін соның барлығы. Жарияламастан бұрын алдын ала қарап алуыңа да болады. Шұқып көр, эксперимент жаса. Алдын ала қарап ал бірнеше рет, сосын барып жарияла. Мәтіннің маңызды жерлерін қою қыл, цитаталарды бөлек ал. Кей жерлерін қисайт, астын сыз. Адамды тарту үшін тақырыпқа сай сурет қой. Тек суреттерден тұратын пост болса әр суретке қысқаша түсініктеме жаз, оқырманның бәрінде телепаттық қасиет болмауы мүмкін екенін ескер.

4. Қайталама
Бір жерде бұрын жарияланған нәрсені көшіріп әкелуге құмартпа. Сайт ішінен ізде. Сол тақырып бұрын да болған болуы мүмкін. Пікір ретінде жазып, өзің көрген жерге сілтеме тастасаң ақпаратың да құндырақ болады.
Сол уақыттағы маңызды жаңалықтардың бірімен бөліскің келсе алдымен соңғы жазбаларды қара, сенен бұрын да ол жаңалықты жазғандар бар болуы мүмкін.

5. Пікірталас
Мақалаңның соңын жасырын түрде «сіз қалай ойлайсыз бұл жөнінде?» деген сипатта аяқта. Пікірталас тудыра алатындай, пікірталасқа шақыратындай қылып жаз. Өз тақырыбыңа жазылған пікірлерге дұрыс жауап бер. Сынды көтере біл, агрессиядан қаш. Жұрттың бәрі сенімен бір пікірде болуы мүмкін емес екенін түсін.

Осылардың бәрін дұрыс орындасаң, 24 сағат ішінде өз постыңды алғашқы бетте көресің. Есіңде болсын алғашқы бетке 20+ алған посттар шығады.
Бөлісу:

51 пікір

Zhan
Кейбір посттарды редакциялаймын, түзетемін деп шаршайтын сияқтысың шамасы. Осылай бағыт-бағдар беріп отырғаның да дұрыс.
asaubota
жоқ, көп түзету жасамаймын ғой. ескерту жасаудан шаршайсың. сын көтере алмайды жастар, сын айтылды деп посттарын өшіріп тастаған «авторитеттер» де бар. қазір қосылып жатқан жас қолданушылар көп, соларға бағыт-бағдар болсын деген ой ғой менікі. мақсат сол қазақша контентті дамыту.
Zhan
Айтпақшы, бұрын «Керекті» оқитын таныстарым бірен-саран еді, қазір көбейіпті.
dark_nazgul
Менің постарыма кат қоюдан шаршаған шығар.
Aidakonya
Сізге алтын жалатылган ескерткиш коямын
asaubota
көзім тіріде қойып тастаңдаршы, өлгеннен кейін қызық емес
kokbori
Дұрыс, әйтпесе сізге ескерткіш қоямын деу, қазіргі заманда өлім тілеумен бірдей емес пе?
Abilakim
Троя атын сыйламасаң болды да
Daniar-Alan
неге жалатылган? теңгең аз ӘӘӘ…
ademi_alem
Сөйлемнің бәрін үлкен әріппен жазба.
 Тақырыптағы сөйлемнің бәрін бас әріппен жазатын менің «ауруым» бар осында. Енді жазбаймын.
konvict
Ал, плюс жинау үшін емес, жай ғана ойыңмен бөлісу ше?
asaubota
мен блог мәдениеті туралы айтып отырмын. жәй ойыңды әлеуметтік желілерде статус ретінде жазсаң болады. ал сұрақтарды Сұрақ-жауап сайтында.
sakenspb
сайт жұмыс күндері және жұмыс уақытында шынымен ең қызу жұмыс істейтін уақыты.
маған ұнамайтыны, топтағы жүрген блоггерлер өз посттарына өздері бірінші болып коммент жазады. неге жазады ма? конешна тікелей эфирден посты көріну керек, постқа деген қызығушылық туғызғысы келеді. вроде ақылды адамдар, но осындай куйняларды жасайды. ия болмаса екінші (үшінші) аккаунтымен кіріп коммент жаза бастайды. мұндайды жалғыз мен емес байқаған.
asaubota
шыдам керек бұл нәрсеге. маған да күлкілі шынымды айтсам.
sakenspb
в итоге казнетт дамымай осылай жүре береді
Armanjan
ия болмаса екінші (үшінші) аккаунтымен кіріп коммент жаза бастайды.
Ареке не боса да кімнің неше қосымша нигі барын админ ретінде көрсетіп қойсаң сөлекеттік байқалмайтын сияқты.
sakenspb
казнеттен разочарваться етіп қалуыңыз мүмкін
asaubota
шынымды айтсам ондай әрекеттерге бармаймын. қолданушы айпиларын тек экстрен жағдайларда ғана қараймын. бұл да біреудің интимі ғой. сондықтан бәрін қарайтын болсам маған кім сенеді?
Jacqabaies_Chirac
вроде ақылды адамдар, но осындай куйняларды жасайды
 лібәдтар уішівөліңдер нақ
madlen
Автор өзі бірінші болып коммент жазғанның еш сөлекеттігі жоқ деп ойлаймын. Жазбаның жақсы, сапалы екенін білетін болса, оны қашан басқалар оқып бастайды деп күтіп отырғанның несі жақсы?  Жазған ақпаратты тезірек жеткізудің жолы ғана.
ruben
ана кісі клиникалық жағдайдағы блоггерлерді айтып жатқан секілді.
Gastarbaiter
Өйткені Сайттың бір бұрышында ешқандай кликсіз ақ жаңа жазылған тақырыптар «сарт етіп» шығуы керек.
Ал оның орнында бізде не тұрады?
ПІ-КІР-ЛЕР)))))
Неге? Сайттың белсенділігі керек. Пікірлердің саны керек.
Ал пікірдің сапасы керек болса, «топ пікірлер» деген графа қоюға болады. Сонда жамағат беталды пікір жазбайды — бұл бір де.
Жаңа тақырыптар уақытылы оқылып, өз бағасын алатын болса проблема шешілер еді. Алғашқы бет 20+ алғандардан тұра берсін. Бірақ бір амалы керек бәрібір. Жамағат суббота күні жазам, понедельник жазам деген көтқайғымен басы ауырмауы керек. Бүгін жазған жазба мен кеше жазған жазбаның рейтингісін жазылған уақыты, емес сапасы мен халық сүйіспеншілігі щешуі керек. Сол кезде жаңа жазбагерлер беталды тақырыптың санымен емес, айына, аптасына бір жазса да сапасымен рейтинг жинай алар еді.br>

Сонымен қорытынды:
Админеке, сайтта тақырыптан көрі пікірлік белсенділік құпталатындай ұйымдастырылған.
Сондықтан қолданушының тірліктеріне күлгенше, неге олай екенін ойлап қара. Сайт неге ондай тенденция тудыратынын тексер.
Бәлкім

«Жаңа Пікірлер» мен «Жаңа тақырыптарды» ешқандай кликсіз дербес сыйдырту керек шығар (мүмкіндік болса).
Бұл қолданушылардың проблемасы емес, сайт құрылуының проблемасы.
Қолданушылар тек жасалған жағдайға икемделуге тырысады.
asaubota
эфир деп аталуы да содан, тез жаңарып тұруында. сондықтан алдымен пікірлердің бірінші тұруы дұрыс сияқты. пікірлер жазбаларға қарағанда тез жаңарып отырады.
Gastarbaiter
Солай жазатыныңды біліп айтып ғой жаңа жазбаларды пікірлермен қатар көрсету мүмкіндігі туралы. Ендеше пікір жазу арқылы тікелей эфирге шығару тенденциясынан жақында құтыла қоймаймыз. Онда бұл кінәрат шеңбері жалғаса берм«ек. Пікірлер бірінші орында, демек жазбалар тіптіде аз жазылады, жазба аз жазылғандықтан, тікелей эфирге соңғы жазбаларды шығармайсың, демек жаңа жазбаны тікелей эфирге шығару үшін оған пікір жазылу керек, солай бір біріне байланысты салдар тізбегі үзілмейді.
Жалпы ұсыныс біздікі, құр босқа сынады демеу үшін, шешу жолдарын айтқаным. А так құлақ асу, аспау өз еркің.
Пікірлердің қалай болғанда да тез жаңаратынын енді жамағат онсыз да білетін шығар деп ойлаймын.
Бұл жерде саған байланысты ғой көп нәрсе. Пікір аз, пікір көбейсін десең қала берсін. Ал жазбалардың бақталастығын көбейтем, тек бұыннан жазып жүргендер ғана емес, жаңа жазбагерлер де өз даңқты /масқаралы минутына хақы болсын десең менің ұсынысымды далада қалдырма. Екеуін де көрінетін қыла алсаң тіпті жақсы, флудерлер де тоқ, блогерлер де тыныш.
Мен болдым.
ken
жазбалардың тікелей эфирге бірден шығуы мен олардың санының артуының арасында қандай байланыстың бар екенін ұқпай отырмын.

сосын «жазбалар бақталастығы» деген не тағы? меніңше, қолданушы бірдеңе жазғанда онысын басқалардың жазбасынан асып түссін деп жазбайды, жәй ғана басқалармен өзінде бар ақпаратпен/ойымен/тб бөлісу үшін жазады емес пе?
егер сапасын айтып отырсаң, онда жазбаның тікелей эфирге бірден шығуы олардың сапасын артуына себепкер болады деп ойламаймын.
Gastarbaiter
Тікелей байланыс жоқ. Жанама мотивациялық байланыс бар. Қалай екенін біраз ойлан, таппасаң тағы сұра мен айтам. Үнемі бәрін жіліктеп шайнап беру де дұрыс емес. Қыртысқа күш сал.
Жазбалардың бақталастығы деген кәдімгі эволюцияның заңы. Жай кездейсоқ ойыңмен бөліау үшін фейсбук бар" деген Админнің бағыты жазбалардың сапасына алаңдаушылықты білдіреді. Маған да қызық, күлкілі не практикалық пайдасы бар жазбалар оқып, өзім де сондай контентке үлес қосуға құмармын.

Екіншіден, тақырыптың аты мұң мен романтикамды қалай шағам емес, рейтингті
қалай көтерем. Ешкімнен асып түскісі келмейтін адам ондай сұрақ қоймайды.
ken
Дәл осылай «пікірлердің тікелей эфирде көрінуінің де жанамалық байланысы бар» деуге болады. Жанама түрде байлансыты нәрселер көп қой.

Әрине, нарық заңы бойынша бақталастық сапаның артуын қамтамасыз етеді. Алайда бұл айтылғанды осы жағдайда қолдану — орынсыз. Бұл жерде қолданушы оқырманға өз жазбасын сапа жағынан басқалардікінен асып түсіруін көздемейді. Оның көздейтіні — ақпаратын сапалы түрде оқырманға жеткізу.
Жоғары рейтингті пост жазу деген — басқадан асып түсу дегенді білдірмесе керек.

ТСТТ («90 сөздің тобықтай түйіні» дегенім ғой), жазбалардың тікелей эфирге бірден шығуының қалайша жазбалар бақталастығын тудыратынын жаза аласың ба?
Gastarbaiter
Әрине, бере алам. Мыс: қазіргі күйінде жаңа жазбаларды пікірі жазылмаған кезде көру үшін екі клик жасау керек. Онда тұрған қиындық жоқ, бірақ мүшелердің басым бөлігі соңғы пікірлерді ғана көргендіктен бір кликпен бірден талқыланып жатқан тақырыпқа түседі.
Бұл пікірлерді көбейтеді.
Егер тап сондай мүмкіндік жаңа жазбаларда болса, бұл адамдардың ойындағы жащбасын бірден ел алдына шығару арқылы білдіруіне ынталандырады.
Көп жазба жазылады.
Көп жазба бар жерде уақыт шексіз еместігіне орай таңдау мәселесі туындайды.
Таңдау бар жерде тақырыптар табиғи сұрыпталады.
Сұрыпталу бар жерде бақталастық артады. Ол жерде жащып отырған адам бақталасуы, біреуден асып түсуге тырысуы маңызсыз. Тырыс, тырыспа жазбаның бағасын оқырман береді.
20 + бар жерде іріктеу болады.
Және жаңа жазбагер сайттың барлық сьатистикасы мен талғамын дөп білетін болса (ондай да мүмкін кейде) рейтингін көтеру қиынға соқпайды.
Менің ұсынысым жаңа жазбалардың «кассадан алыстамай» өзінің жақсы жаман бағасын алуын жеңілдетеді.
Яғни тақырыптың құсық, не өрт екені жедел анықталады.
Әңгіме жаңа қолданушы туралы болғанда тақырыпты бағалаудың шектелуі, халықтың соңғы пікірді (кейде жазбаның мазмұнын оқымастан (Сәлем, Назгүл!) аңдуы мынадай жағдайға жиі әкеледі.
Жазбаны уақытылы жазған, ысқырығы жер жарған, немесе автор алғашқы пікірді өзі жазған, немесе онсыз да топ ондыққа кірген амиго біраз рейтинг, не болмаса пікірді жинап жатқанда, жаңа біреудің жазбасының бағалау мерзімі қысқарып жатады.
Өрт болмаса да орташа жазған автор ынтасын жоғалтады.
Сайтта біркелкілік, біржақтылық, бұрыңғы мүшелердің шексіз басымдылығы орнайды.
Кен, мен бұған жабысып қатып қап отырған жоқпын.
Әбіләкім айтқандай ерінбейміз, тек назар бөлмейміз, назарды соңғы пікір бұрын жаулайды.
Ал көрініп тұрса екі жаққа бірдей жағдай болады. Пәлен уақытта жаз, түген уақытта жаз деудің қажеті азаяд.
Және… Дереккөт мына жерде деп жазудың қажеті болмайды.
А так егер шын ниетпен АКУ мен Асауға күлкі сыйлайтын болса, онда көңіл көтеру үшін өзімізге өзіміз пікір жазуды доғармаймыз.
ken
Көп жазба бар жерде таңдау, одан сұрыптау, одан бақталастық туындаса туындайтын да шығар. Алайда сол көп жазбаның жазылуы үшін алдымен сенің мына жазғаның рас болуы керек:
Егер тап сондай мүмкіндік жаңа жазбаларда болса, бұл адамдардың ойындағы жащбасын бірден ел алдына шығару арқылы білдіруіне ынталандырады.
Көп жазба жазылады.
Мен өзім тікелей эфирге жаңа жазбалар по умолчанию шығатын болса, қолданушылар көп жазба жаза баслайды дегенге сенбеймін. Одмин де сенбейтін сияқты, солай істемей отырғанына қарағанда.
Gastarbaiter
көп жазба жаза баслайды дегенге сенбеймін. Одмин де сенбейтін сияқты, солай
Сен де, Админ де, жалпы кім болса да өзінің неге сеніп, неге сенбейтінін таңдауға толық құқылы. Бұл жай ұсысыныс амиго. Мен мысалы ерінем жазба жазуға, ойыма бір жазба келсе, пікірге жаза саламын көбіне. Неге? Солай тез жетеді оқырманға.

Жалпы шайнап, мыжғылай берудің мәнін көрмей тұрмын, Админ менің дербес ойымды білді, сен де. Бастысы сол. Сол үшін жағаңды жыртып төбелес шығарып, не пара беріп көтіне кірейін деп жатқан мен жоқ.
Жай мүмкіндік болса істеп қояр едім. Ешкімге зияны жоқ, ал функционал жақсарады, бір грам болса да.
ken
Жалпы шайнап, мыжғылай берудің мәнін көрмей тұрмын, Админ менің дербес ойымды білді, сен де. Бастысы сол.
Әлкөтте Әлбетте. Мен де өзің секілді өзімнің дербес ойымны білдірдім, бар болғаны.))
asaubota
мен де көп ештеңе ұға қоймадым Гастаның айтқанынан. тікелей эфирде 2 лента бар: Пікірлер және Жазбалар. Гастаның айтуынша Жазбалар Пікірлерден бұрын тұруы керек. мен олай істемейтінімді айттым. әрі қарай жалғастырып керек емес сияқты.
Gastarbaiter
Гастаның айтуынша Жазбалар Пікірлерден бұрын тұруы керек.
Өзің қарайсың ғой. Маған сұрақ қойылды мен жауап бердім. Басқасын қайдам,«авторлар неге өз жазбасына алғашқы пікір жазады» деп шағымдана алмайды енді ешкім, өйткені мәселенің шешімін мен айттым.
Өз-өзіне пікір жазғыштар да «неге» деген сұраққа «Админ қалауы солай» деп айтуға құқылы
AKY
жаңа тақырыптарды тікелей эфирге шығару лайвстрит ұсынған мүмкіндіктерде жоқ шығар.
asaubota
ТЭ-де бар ғой жаңа тақырыптар да. Жазбалар дегенді бассаңдар шығады ғой.
AKY
аа, ее солай екен ғой по умолчанию бірақ пікірлер бойынша тұрады екен. негізі маған бәрібір))) жаңа тақырыптарды жоғарыдағы меню бойынша да ашып алып оқи берем. ал өз тақырыбына бірінші болып камент қалдыру шынымен де күлкілі
Abilakim
қазақпыз ғой, оны басуға да ерінеміз кейде)))
MickThatsMyNick
Жазда үлкен әуе шармен саяхаттаңдар немесе парашютпен секіріңдер, сосын содан фото мен видеоларды жүктеп, сол туралы пост жазыңыздар! Міне, намек қайда жатыр!
GulL
Менде суреттер жүктелме тұр неге?
asaubota
неге екені оң жақ жоғары бұрышқа шығатын еді, мүмкін мән бермей оқымаған шығарсың. көбінесе суреттің көлемі үлкен болған кезде шығады немесе интернет жылдамдығың төмен болуы мүмкін.
Gastarbaiter
Соңғы пікірлердің орны мен соңғы тақырыптардың орнын ауыстыруға бола ма?
Егер соңғы пікірлер кликпен ашылса, ал соңғы жазбалар тізімі " поумолчанию" көрінетін модульде болса, сібежий тақырыптарға көбірек көңіл бөлініп, соңғы пікірді аңду әдеті азаяр ед.
Khorlan
Gastarbaiter zhazganymen kelisemin! Zhazylgan barlyk zhana posttar selektivti turde gana bizge zhetpegeni durys.
Daniar-Alan
не ғой Админ. сұрақ: анабір «естелік жазу» деген функция бар ғой… соған мен 1-2 адамға «бақұл бол, бауырым» деп жазып кеттім. дұрыс қойӘ… сондай нәрсе жазатын жер ғоӘӘ..
asaubota
оған басқа атау береміз десеңдер тауып көріңдер. мен балама таба алмадым.
ken
«естелік лебіз»
Daniar-Alan
лебіз — дұрыс шығар… естелік деген өлген адамға айтылатын сиЯқт…
Gastarbaiter
Естелікті ескерткішпен шатастырып отырсың, естелік деген на память, пожелания… бұрын мектепте анкета толтырғанда менен саған естелік " дейтінбіз
asaubota
менікі де сол бұрынғы түсінік бойынша естелік қой
asaubota
дәстүрлі Ислам дінімізге жат пиғылды пікірлер мен жазбалар жарияланбайды бұдан былай. сайттағы діни тақырыптар арнайы маман тарапынан қатаң тексерілетін болады.
asaubota
соңғы кезде жақсы жазбалар көбейіп келеді. бірақ жеткізілуінде мәселелер бар. осы нұсқаулықты тағы да бір рет еске салып қояйын.
asaubota
баннан жақында ғана амнистиямен шыққан abzalsariyev бауырымыз осы постты оқыса екен