Үйден мектепке дейіңгі жол... (немесе бала махаббатқа саяхат)

Әдеттегідей ерте тұрдым. Анамның дайындап қойған шәйін ішіп отырмын. Екі көзім сағатта. Келісілген уақыт 8:10. Сағат тілі 8:05 соққанда менің жүрегім сағат тіліне ілесе бірге дүрсілдей соғатын. Күнделікті әдетім бойынша ағаммен бірге мектепке қарай аяңдадым.

Ол тұратын бұрылысқа да жақындадық. Иә, қара торы, бойы ұзын, үстінде өзіне арналып тігілгендей әдемі, өңіне одан ары әр беретін қара кастюм шалбары бар, қолына мен оқымыстымын дегендей менмұндалап тұратын қоңыр партфельін ұстаған менің махаббатым күтіп тұр.

Сол бұрылысқа дейін ағасының мазасын алып ойнап келетін ерке тотай, ақымақ қыз бұл жолда мүлдем басқа. Биязы мінез, сабырлы келбет, әдемі күлкі жайғана қарапайым қыз бейнесі іске қосылады дерсіз. Алыстан нұрлы жүзіне ұрлана қарап мені көзіңнің жанарымен баурамашы дегендей ағамның артына тығыла қасына жақындайтынмын. Ең өкініштісі не екенін білесізбе, менің махаббатым ағамның жақын досы және сыныптасы болғаны. Ағаммен амандасып болғаннан кейін қызараңдай маған қарап, демін ішіне тартып, даусын баяу шығарып «Сәлем» дейтін. Сол сөзінің өзі менің бір күндік азығым десем асыра сілтеуім емес болар. Менің ағам әкеме тартқан мінезі тік, артық қимылы жоқ қабағына қарап қалауыңды ұмыттыратын жан еді. Менің достарының қасында жүргенімді қаламайтындықтан ба, әлде әңгімемізді естіп қояды дегендіктен бе белгісіз « Алдыға түсіп кете бер, артыңнан барам »,- дейтін. Махаббатты жасыру қандай қиын десеңізші өзім қаламасам да, қимасам да, жанынан ажырағым келмесе де алдыларына түсіп мектепке қарай аяңдай басатынмын.

Артыма бұрылып қарайын десем жанары мен жанарым түйісіп қалама деп уайымдайтынмын. Сол уайым ойымнан шықпай, артымнан қадала қарап келе жатқан махаббатымның қарасы маған алыстан сезілетін. Алақаным терлеп ішімнің жыбырлағанын бұлай қойғанда басымда сан түрлі ойлар өз ара арпалысып жататын. Не ойлап келе жатыр екен, менің қарағанымды күтіп келе жатырма екен, жотам дүңкиіп тұрған жоқпа екен, жүрісім дұрыс па екен, басымдағы бантигім түзу тұрма екен, ағаммен қандай тақырыпта әңгіме айтып келе жатыр екен деп бәрін ойлайтын едім.

Мектепке жете беріс тұстағы дөңнен менің жақын досым шығатын. Соны күткенсіп ақырын артыма бұрылып тұра қалатынмын. Ағам « кешігіп қалмай тез сабағыңа кір» ,-деп қасымнан өте шығатын. Артынан екі езуім екі құлағыма жетіп, істеген әр қимылын бағып, жүрген сайын бірге қозғалып бара жатқан толқын шаштарына қызыға қарап мен тұратынмын. Менен сәл алыстағаннан кейін бар батылдығын жиғандай артына жалт бұрылатын. Өзімді қоярға жер таппай кірпіктерімді тез-тез қағып жерге қадала қарап тұрып қалатынмын. Қос жанарын менен тайдырды ау дегенде артынан қайта қарап, неге менде қарамадым екен, неге жымиып күлмедім екен күткенім сол емеспе еді деп өзімді жегідей жеп тұрып қасыма дос қызымның келгенінде байқамай қалатынмын. Екеуміз амандасып мектепке беттеймін дегенше қоңырау да соғылатын. Менің махаббатым болса ол кезде мектепке кіріп кеткен де екен.

Ауылыма барып келдім



Кешегі өткен үш күндік демалысты пайдаланып ауылыма барып келген едім. Кеше суреттерін ұмытып кетіппін, бүгін соны көрсетейін. Ауылға барып балалық шаққа оралғандай тамаша әсер алып демалып қайттым. Әрі отбасыма оқыған мектебімді, класымды
Әрі қарай

Біздің ауыл - Жекенді (Сарбие)

Ауылдық жердегі өміріміз: Біздің ауыл - Жекенді (Сарбие)

Біздің ауыл талантты адамдарға бай ауыл. Солардың бірі Бекен ағай. Біздерге Сейіттерге жиен болып келетін Бекен ағай тұла бойына өнер сіңген адам, тек қана музыкант емес, ол суретші де. Сондай-ақ видео өнерімен де айналысып жүр. Біздің ауыл
Әрі қарай

Көрші ауылдар...

Жол бойында қатар тұрған екі ауыл…
Екі түрлі болмыс, екі түрлі түршілік.

Біреусінің үйлері еңселі, шарбақтары көз қуантардай әсемдікпен орналасып көшелері жасыл желегімен сүйсіндіреді. Қора қопсысы жинақы. Ауыл адамдарының да жүзінен заманына сай ұсыныс пен сұраныстың тоқайласатын жерінен нәпақасын тауып жағдайлары тым жақсы екені алыстан айқайлап тұр.
Әрі қарай

Ауылым менің жүрегім және бесігім

Төлеби ауданында «Ауылым қазынам» бағдарламасы аясында өз қолымен жасалған өнерпаздық байқауы өз мәресіне жетуде. Төрт ауыл округы өзінің өнерпаздық шығармашылығын әділ қазылар алқасына бағалауға ұсынған болатын, әр байқаудың соңы жергілікті халықтар үшін мейраммен бітетін болды. «Ауылым — қазнам» бағдарламасы бұл тек қана таланттарды тауып қана қоймай, тұрғындардың басын салт дәстүрлерді қайта жаңғарту арқылы басын қосу болып табылады. Төлебиліктер мұндай жаналықты қуана қарсы алды, бұрын соңды ауыл клубы атанып жүрген ғиамараттарымызға жаппай жөндеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар, байқауға қатысатындар арасында тек қана жастарды немесе студенттерді ғана емес зейнеткерлерді, үй шаруасындағы әйелдерді де көруге болады. Ақпарат көзі: Южный Казахстан
Әрі қарай

МЕНІҢ АУЫЛЫМ

Авторы: Мадина Омарова
Тоқал тамның алдында тұрған кейуана әжім көмкеріп, тілім-тілімі шыққан алақанымен күннен көзін қалқалады. Саусақтары жуан, икемге көнбейтін тарамыс. Өмір бойы қара жұмыс істегені, аянбай істегені көрініп тұр. Суалған жанарымен қара жолға демін ішіне тартып телміреді. Бір нәрсе қараятын тәрізді. Мал ма, адам ба? Ажырата алар емес. Ернін жалады. Кезеріп тұр жарымағыр. Таң атқалы шайдан өзге нәр сызбағаны түсті есіне. Аяғы қақсап, орнынан тұра алмай қалды емес пе? Автобус келетін уақыт болғанда дәті шыдамады. Тұрды. Күн батып бара жатыр. Ол орамалын түзеп жол жаққа аяңдады. Қытайдың арзанқол орамалы құрғырда жылу да жоқ, сусылдап түсе де береді. Ол жолдың шетіне шығып көзін қайта көлегейледі.
Әрі қарай

Ауылдық жердегі өміріміз.

Айтыңдаршы керекшіл қауым — талқыға салайықшы, осындай пост керекпе бізге? (ашпақшы едім, атын тақырыптың атына сәйкестендіріп)
Осы сайтымызға көптеген(аллам көп көрмесін) блоггерлердің кіріп-шығып жүретінін байқадыққой бәріміз.
Енді бір сәт кіндік қанымыз тамған жерлер жайлы ойланайықшы. Ол жердегі ауылдастарымыздың тұрмыс-тіршілігінің қаншалықты оңалып, заман ағымына сай көркейіп келе жатқанына ерінбесек барып көз жүгіртіп, білсек білетінімізді жазып отырайықшы. Иә сайтқа кіріп ой пікір білдіре алатын, құрылтайға қатысып өзін өзі көрсете алатын әрбір жанның, қандайда болмасын бір саланың маманы екеніне, айтары бар екеніне сенімім мол. Бұл постта мына нәрселер жайлы айғақты да тұжырымды тек қана позитив емес(бәріміз ауылымзды сүйеміз) негативтер жайлы мақалалар қойсақ деген ұсыныс бар.
1. Ғылым ауылға жете алама жоқ қашықтап барама?(Жаңа технологияларды алып барайық)
2. Ақпараттық технологияның ауылдағы күйі(Барлық ауылға дерлік телефон және интернет жеттіме, не кедергі?)
3. Мемелекет тарапынан ауылдарға бөлінген қаржылардың сиқы мен игерілген күйі.(Өсекке, өтірік ақпаратқа, мақтаншақтыққа сенбейік)
4. Ауыл жастарының армандары мен кейістері(кейс емес)
5. Ауыл ақсақалдарының үміті мен арызы(Кәрісі бардың ырысы бар)
6.
7.
8.
деп жалғасып кете берсін
Әрі қарай