Жылқы кісінескенше...
«Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деген екен бізден бұрынғы қазақтар. Ия, жан-жануарларда сөйлейді. Бір-бірімен қалжыңдаса да алатын шығар бәлкім.
Ауылда өскен бала болған соң әр малдың жүріс-тұрысын аңдап өскенбіз. Жүні қалың қойларға қарап «Осылар ыстықтамай ма екен?» деп бала кезімде талай ойланушы едім. «Денелері қышымайды ма?» деген сауалда миымның бір бөлшегінде жатушы еді. Біз, адамдар бір жауырынымыз не болмаса басқа да қол жетпейтін жерлеріміз қышыса бауырымызға, баламызға, келіншегімізге айта аламыз. «Жауырынымды қасып жіберші. Е, е, осылай, сәл төменірек» дегендей.
Әрі қарай

Сейсенбі күні жұмысқа келсем кабинетімде су тобықтан. 5-ші "ұрпақтық" компым жылап тұр. Монитор мониторға емес аквариумға айналып кетіпті. Тағы басқа 3 кабинет осы күйді кешіпті. Бас инженер себептің бәрін күннің жылып кетуінен көріп отыр. Бірақ, біз де ақымақ емеспіз. Пәленің ұшының қайда екенін білеміз. Қар аршуға ерінген жұмысшылар ұзын әрі жуан шлангылар арқылы шатырдан жоғарыдан төмен қарай ыстық су ағызады екен. Ыстық судың күшімен ерігені бар ерімегені бар барлық қар төмен қарай аға береді, құлай береді. Жаңбыр жаумай су болдық, обшым…
Әр күні әр түрлі өрнек салып кететін Аяз шалдың суретшілігіне бас шайқаушы едім. Аязды Аяз ата кейіпінде елестетуші едім. Бес жасыма дейін әрине. Қазір қала тұрмақ ауылдағы жұртшылық терезелерін пластиктеуге көшіп жатыр. Бұны заманның талабы дейміз бе әлде басқаша жоримыз ба, ол өз еркіміздегі дүние. Әйткенмен, осы пластик терезелерге Аужекең өз өрнегін сала алмайды. Ендеше, боранды я болмаса шаңылтыр аязды күндері терезеге телмірген балалар аяз салған өрнектерге қарап түрлі қиялдарға берілмесі де анық. 

Киіп, жүріп көргендей болғанмын алар кезде. ертесіне жұмысқа киіп барғанымды қайтейін, бір жақ аяғымды қысатын кекілді ме бірдеңе. Осындай оқиғаларға басқалар ұрына ма? адамдардың екі аяғы екі түрлі болады ма? Әлде етік екі түрлі ме? Бір бұл емес, бұрындары да осылай болған секілді ұмытпасам. Барлық жағдайда оң аяғымды сәл қысатын секілді болады. Бір апта жүрген соң барып көзім ашылушы еді. Бір аяғыма 41, бір аяғыма 42 киіп жүрер болсам сырт көзге білінеді ме? Қалай ойлайсыздар?