Пышақталған бәтеңке

Бұл оқиға бұрынырақта біздің өңірде болыпты. Оқиға кейіпкерлерінің атын өзгертейін десем толық біле қоймаймын.
Желіккен жастар себепсізден себепсіз бір бас қосу ұйымдастырмақ болады. Алдын-ала ауылдағы қыздар мен жігіттерден кім келетіні, кімдерге хабар айтылуы керектігі белгіленеді. Ауылда бәрі бір-бірімен жақсы араласатындықтан іріктеуге тек бір ғана жігіт ілікпей қалған екен. Не үшін екені өздеріне ғана мәлім, жақында ғана түрмеден шыққан жігіт екен шақырылмай қалған.
Хош, кеш тамаша өтіп жатады.Баянмен, гитарамен, домбырамен ән салынып, қыздар сылқылдай күле бастайды. Шағын ауылда бұндай шулы отырыстың ешкімге білінбей өте қоюы екіталай нәрсе. Әлгі түремшік жігітотырыс әбден қызған кезде жетіп келе қалады. Біреу арқылы отырыс өтіп жатқан үйдің жігітін шақырады. "Әй, әкеңнің аузына сиейін! Мен саған не істеп қойып ем? Мені неге шақырмайсыңдар?". Реніші орынды былай қарасаң, бірақ, шақырылмауының да бір себебі бар шығар. анау жауап қата алмайды. "Әкеңнің аузын ұрайын! Мен қазір сені өлтіремін" деп қолына пышағын алып тұра қуады. Анау қашып кеп береді.
Әрі қарай

Қарқыраған аяз салдары – бұл ақыр заман болмаса, онда не?!

2012 жылдың 11-12 желтоқсан күндері еліміздің солтүстік пен шығыс өңірлерін жаппай 35-48 градус шамасындағы аяусыз аяздар кеңеттен басып алды. Көптеген адамдар үсік алып, ауруханаларға жеткізіле бастады. Ауылдық типтес қалашықтар мен кішігірм қалалар соғыс кезіндегі блокада секілді сырттағы өмірден тыс қалды. Трассалар мен қалаға баратын жолдар жабылып, көліктер мұз сияқты қатып, оталу қиындықа түсіп халық алғашқы қауіп қатерліктерге ұшыра бастады. Кейінгі кезекті үлкен қалалар да өз меңшігіне иемденді. ШҚО бойынша Семей мен оның қасындағы кішігірім қалашықтардың әкімшіліктері былтырғы жылдың жіберген қателіктерінен сабақ ала алмай, биыл тағы да халықты тондырып, әлеуметтік қажетіліктерден сырт қалдырды. Канализация, су құбырлары белгілі бір сценарий секілді кезек-кезек жарылып, халықтың жағдайын қиындатып жіберген секілді. Осы уақытта әрбір минут, әрбір сағат өте бағалы болып, жауапты органдар бұл апатарды дереу шешу керек еді. Бірақ өкінішке орай, үйлердің іші мұз басып, кейбір бала-бақшалар мен мектептер, ауруханалар мен халыққа әлеуметтік кызмет көрсететін орындар жұмыстарын тоқтата бастады. Көшелерде адам саны өте санаулы… Қарапайым халық үлкен ойға бөленді. Бұл қиындықтар, өкінішке орай әлі де кейбір жерлерде жалғасын тапты.
Әрі қарай

Г.Головкиннің қанды моншасы немесе алпауыт жұдырықтары

Алдымен Геннадий Головкиннің бокстағы қысқа тарихы, атап айтқанда өмірбаяны жайлы баяндағым келіп тұр.
1982 жылы, еліміздің көмірлі, кеңді астанасы – Қарағанды қаласында дүниеге келген. Жалпы бұл қаланың бокс мектебі сонау советттер кезеңінен бастап, мықты болып саналады. Елімізге талай мықты боксшыларды тәрбиелеп, қазақ батырларын әлемге паш етті. Соның бірі – Геннадий Головкин.
2003 жыл Әлем Чемпионы, 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген бокс шебері, 7-дүркін ел Чемпионы. Сонымен қатар, өзге де халықаралық сайыстардың жеңімпазы мен чемпионы. Атап айтқанда, жастар арасындағы 2000 жылы Әлем Чемпионы, Қ.Р-ғы алғашқы І Спартакиаданың чемпионы, 2001 жылы мұңайлы мемлекеттер арасындағы Әлем Кубогының иегері, ІІІ Шығыс-Азиялық ойындардың чемпионы. Сонымен қатар, тізімдеп жетістіктерін жаза берсем, өте көп. Бұл менің ойымша ең негізгілері деп санаймын. 2006 жылдан бастап кәсіпқой боксқа өтеді.
Әрі қарай

Өлімге билет не, замаң талабы?!


Жалпы әлемде әуе көліктерін ойлап табуы, үлкен ғылыми прогресстің нәтижесі деп сөзсіз есептеуге болады. Адамның бір жерден екінші жерге тез мезетте жетуі өте ыңғайлы. Егер шұғыл шаруалар бола қойған жағдайда немесе алыс қашықтықты, уақытты үнемдеу үшін адам баласы осы көлік түріне жүгінеді екен. Оның әлемдегі түрлерінің сан алуандығы басты айналдыратыны түсінкті. Тік ұшақ та, ұшақтың көптеген басқа да түрлері баршылық… Адам баласы оны ойлап тауып қана қоймай, қауіпсіздігі жайлы да біраз ойланып жылдан-жылға жетілдіру әрекеттерін ендіруде. Дегенмен апта, ай сайын, кейде үлкен өкінішке орай күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен әуе көліктің апатқа ұшырауы туралы қайғылы хабарлар келуде. Біздің еліміз бұл қайғылы оқиғалардан шетте қалған жоқ.

Енді құрметті оқырмандар сіздердің назарларыңызға қазақстандық әуе көліктермен, не Қазақстан жерінде болған апаттарға қысқаша шолу өткізсем.
Әрі қарай

Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтарға сұраныс

ХХI — ғасыр адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.

Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда, ол маман немен шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде «орын әзірлеп» жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:
Әрі қарай

Бір сәттік оқиғалар...

Ойын баласы кезіміз. Мектептен қайтқанымыздың өзі ойын. Жолай үйіне жеткен кластастарымыздың үйінен су ішеміз. Сонда байқағаным су толы ожауды тұтқасымен ұсынса да бес саусағын тарбитып түбінен ұстап сіміріп салатындар болушы еді.Ойын баласы болған соң не бір заттарды ұстайсың,өзіңнен кейін су ішетіндердің де жағдайын ойлау керек қой. Ержетіп оң-солымызды танығанда байқағаным: баяғы ожауды түбінен ұстап су ішетіндер әлі солай ұстайды екен.Бала кезден қалыптаспағансоң қиын шығар. Ата-ананың жіберіп алған қателігі.
Тағы бір осы тектес мысал. Бір үйде шай ішіп отырасың. Бәрі тамаша. Бір кезде сол үйдің мысығы құрығыр келіп мияулайды. Шай құйып отырған жеңгей сүт құйып отырған қасығымен (ауылда кей үйлер сүтті литр кесеге құйып, қасықпен шай кешеге құйып отырады) мысықты басынан бір ұрып, әрі қарай қасығын шаймастан сен ұсынған кесеге шайын құйып беріп отыра береді.
Басқа бір үйден ет жеп отырасың. Ет бабына келіп піскен. Бір кезде бөлмеге сол үйдің 3-4 жасар баласы кіреді. мұрнынан ақ боз аты мен көк боз аты қоса ағып тұр. Жеңгей жалаң қолымен әлгінің мұрнын бір қорс еткізіп сіңбіртіп алады. Қолын етегіне шала-шарпы сүрте салып «Жеңіздер, жеңіздер» деп табақтағы етті жұртарға ысыра бастайды.
Енді бір кісілер қонаққа барған үйін расымен де "өз үйі" екен деп қалады. Ет желінген соң, карта ойналған соң, сорпа бойына тарағанның әсері ме тершең қонақ терлей бастайды. Ваннаға кіріп, қонақтар беті-қолын сүртсін деп қойған таза орамалға қолтығына шейін сүртіп кетеді…
Суреткесілтеме
Әрі қарай

Бұлар Шәмші мен Мұқағали емес...

Ия, бұл жігіттер қаншама туындыны өмірге бірлесіп әкелген Шәмші мен Мұқағали емес. Бірақ, бірер жыл бұрын жастардың ұялы телефондарынан түспеген, түнгі клубтар мен би алаңдарын армансыз «жыртқан» Alors on danse әнінің қалай жазылғанын көздеріңізбен көріңіздер.

Орыс тіліндегі нұсқасы
Әрі қарай

Қарашаның қары жатса...

Біздің ата-бабаларымыздың басты күн көрісі мал шаруашылығы болғандығы белгілі. Бұл тіпті өмір сүру салттарына терең еніп, уақыт өлшемдерін, қашықтық өлшемдерін де сол арқылы көрсете білген. Мысалы, "Қозы көш жер", «Сүт пісірім уақыт». Біздердің «Тұман қалың екен ә» немесе «Боран күшейіп кетті» деген тіркестерімізді «Ат құлағы көрінбес» деп үш сөзбен жеткізе салған.
Жаз жайлауда, қыс қыстауда күн кешкен бабаларымыз ауа райын да өзінше болжап отырғын. Мысалы, күздің кезінде қотанға(қораға) кірген қой аузына шөп тістей кірсе қыс қаты болатынын болжаған. Ескіше жыл басы, яғни, наурыздың 14-і күні таңертеңгілің қар бетіне қойған қойдың құмалағы түс ауа қарға түсіп кетсе, көктемнің шығуына аз қалғанын, қыс аяғы созылмайтынын болжаған.
Енді, тақырып атауына тоқтала кетсек. Биылғы жылы Арқада қыс ерте орнады. Қараша айында түскен қар еріместен жатып қалды. Бабаларымыз "Қарашаның қары жатса бір тоқтылық қыс болар" деп айтып кеткен екен. «Бір тоқтылық» сөзіне тоқтала кетсек. Тоқты- алты айлық қой. «Перехадной возрост» кезеңіне жеткен қой малы. Бабаларымыздың болжамына сүйенсек биыл арқа өңірінде алты ай қыс болуы тиіс.
Әрі қарай

Сынықшы

Комедиялық бір киноға тамаша эпизод бола алатын әңгіме айтайын. Менің әкем жасында киік аулап, аңшылық құрған адам, оның әкесі де. Әңгімеге арқау болып отырған оқиға әкемнің бір досымен бірігіп киікке шығуы. Ол замандарда киіктер сайын далада жосып жүре беретін. Әкемнің «Планета» деген матасекілі болатын. Сол матасекілімен киік аулауға шығады. Артында Серғазы деген құрдасы әлде досы, опшым киік атушы. Киіктердің ипподромда жайылмайтыны белгілі. Екі аяқтылардың екі аяқты матасекілмен келе жатқанын көрген жануарлар ойлы-қырлы жерлермен, жыра-жыраның арасымен қашпай ды ма. Қанша жерден жер мұғдарын біліп жүрген адам болса да рөлде отырған әкемді қара басып, екі аяқты көліктері аударылып қалған екеудің төрт аяғы аспанна келіп тоңқалаң асады. Орындарынан атып тұрып, киіктерді қайта қумақшы болады. Бірақ, Секеңнің оң жақ қолы көтертпей қалса керек. Содан, қолы шығып кеткен Секеңді артына салып алып, ауылға, сынықшыға келеді әкем. Сынықшының әкесі де өз кезегінде аудан көлеміне аты мәлім сынықшы болған кісі екен.Баласының сынықшы болып жарытып жүргені шамалы екен сол уақытқа дейін. Дулат деген бір кісінің ойнамалы білегін 5-6 рет салып берген тәжірибесі бар, одан бөлек кесірткенің құйрығын жалғап көрмеген жан деседі. әлгі сынықшы, Секеңнің білегін олай қарап, былай қарап, әкеме: "Ұста мынаның қолын" депті. Әкем Секеңнің шығып кеткен қолын барынша созып тартып тұрыпты (созылған қолдың шамасында айтуларына қарағанда). Сынықшы иықтан тебетін көрінеді. секең жан дауысы шыға айқайлайты, анау екілене тепеді. Бір кезде бірдеңе шатыр ете қалады.«Болды, сүйек орнына түсті. сынықшы олай дегенмен, Секеңнің ауруы басыла қоймапты. Болмаған соң аудандық ауруханаға апарыпты. Сөйтіп, „тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты“ демекші, Секең екі жерден сынған қолын иықтан гипстетіп қайтса керекті…
Әрі қарай

Дала заңы

Мен әкеммен шешіліп сөйлесіп көргенім жоқ. өтірік айтамын. Екі-үш мәрте ғана ашық сөйлескен болармыз. себебі, мен әке-шешемнің емес ата-әжемнің қолында өстім. Бұрынырақта да жаздым ғой, қайталап айтын не қылайын. Айтпағым басқа.
Сол, атының артына мінгесіп өскен атам былтырдан бері қаты ауырып жүр. Былтыр қыстың аяғына қарай «Келмесстанға» кететін болар деп жүргенімізде саумал мен қымызға ілігіп, жілігіне май барып аман қалған болатын. Орнынан тұрып, қонаққа да өз аяғымен және таяғымен баратын дәрежеге жеткен еді. Сол, даланың қыңыр шалдарының тұяғы, менің атам, былайғы жұртқа «сары шал» биыл тағы да төсекке таңылды. Жұрт жаңа жылды қарсалып жүрген кездерде біз атамызды шығарып салармыз-ау деген уайыммен жанында отырдық. Ия, іштей дайын болғанымызбен, қимайсың. Сол сары шал, барлық ұл-қызын жинап алып, соңғы сөзін айтқандай болды. Бұдан кейін айта аламыфн ба жоқ па деп уайымдаған болкуы керек.
Өзінің үлкен ұлын, менің әкемді қасына шақырып үш рет басынан иіскеп «Айналайын» деп кеудесіне басты. «Сені, иіскей де алмап едім, басқаларын жақсы көрдім еркелеттім, сен „әкем мені неге жек көреді?“ деп ойларсың. Мен сені жек көрмеймін, жақсы көремін. Қу Нұрқанның көңілі үшін өмір бойы маңдайыңнан сүймедім» деп әкеме өзінің тәспісін табыстады. Әкемнің де көңілі босап, жылап жіберді. Мен де маңқам аққанша жыладым-ау деймін. Себебі, сол… Әкем екеуміздің арамыз қалай болар екен?! Ол менің басымнан қашан иіскейді, мен оның кеудесіне қашан басымды қоя аламын, қашан ол киген шапанды иығыма жамылып тұра аламын?! Менің баламның ішкі жан дүниесі ертең осы сезімдерді бастан өткерер ме екен?! Ол да менің жылы сөзімді күтіп, менің еміренуімді аңсар ма екен?!
Әрі қарай