Сіздің ойыңызша мына қыз нешеде?
Поштаға келген сурет.
Суреттің ғаламторға шыққанына да біраз болыпты. Бірақ мына түскен суретінде оның жасы 11 де деп көрсетілген екен.
Ал, мына жердегі суретте де сол қыз делінген.
ПыСы: Бұл суретті ілгеніме кешірім сұраймын. «Бірақ не үшін?» деген арам ойым да жоқ емес
Әрі қарай
Суреттің ғаламторға шыққанына да біраз болыпты. Бірақ мына түскен суретінде оның жасы 11 де деп көрсетілген екен. Ал, мына жердегі суретте де сол қыз делінген.

ПыСы: Бұл суретті ілгеніме кешірім сұраймын. «Бірақ не үшін?» деген арам ойым да жоқ емес

Ол кездің «Балдырғандары» (белесепет) бала түгілі 70 келілік жігіттерді де көтеретін. Артқы тепкішекке көрші баланы тұрғызтып алып айдап келе жатқанмын. рөлге ие бола алмай қалдым ба, жоқ әлде алдыңғы дөңгелек бірдеңеге тірелді ме есімде жоқ.Есімде қалғаны қатты құлағанымыз.Құлағанда да жаман құладық.менің басым тасқа тиіп жарылды.Қан бұрқырап ағып жатыр шекемнен.Жарты бетімнің терісі сыдырылып қалған. Бақырып үйге қарай жүгірдім.Алдымнан тәтем шықты.Ата-әженің қолындағы немере болғандықтан анамызды тәте дейтінмін.сол жанталасып орап берді. Кешке әжем келді бір жақтан.Дәлізде басым ораулы отырған мені көріп «не болды?» деп сұрады. Тәтем «мен ғой көсеумен (пешті шұқылайтын істік темір)ұрып басын жарған»деп менен бұрын айтып қалды.Сол кездегі әжемнің ашуланғаны сонша, сол көсеумен ананың өзінің басын жара жаздады.Қайта тәтем,«Ойнап айтам, белсебеттен құлады» деп үлгерді.

Қысқы Азия ойындарындағы шайбалы хоккейден жоғары дивизиондағы ерлер командаларының тартысы басталып та кетті. Кеше біздің құрама командамызбен Қытай елінің құрама командасы өзара бақ сынасты. Ойынның қалай өрбігінін өздеріңізде байқаған боларсыздар.Есеп 14-1, Қазақстан құрамасының пайдасына.