Көңіл айту

Қазақта «Көрген жерде көңіл айт, көңілі қалмасын» деген сөз бар. Біреудің қазасына бара алмасаңыз, кейін кездескенде мейлі ол оқиғаға 1 жыл өтсе де көңіл айтудың еш сөлекеттігі болмаған. Әбден орыстанып кеткен бір қазақтың ағайындары қайтыс болғанда «Бақытты болсын» дегенін айтып еді бір кластасым.

Ақселеу Сейдімбек қайтыс болғанда ол кісімен аталас болып келетін Қр еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жақсыгелді Кемаловқа біраз адамдар көңіл айтса керек. Моңғолиядан елімізге көшіп келген сазгер Ысқақ Тәукейұлы (жасы үлкен кісі) денсаулығына байланысты кіріп шыға алмаса керекті. Ысқақ ағамызда Ақселеу марқұммен тығыз шығармашылық байланыста болған адам. Уақыт өте Қарағандыдағы бір концертте Жақсыгелді ағамыз Ысқақ Тәукейді алыстан байқап қалыпты. Ысқақ ағамыздың да өзін көргенін сезіпті. Арада біраз уақыт өтіп кеткендіктен көңіл айтудың ретін таба алмай отырған Ысқақ Тәукейұлы концерт соңында Жақсыгелдігі тақалып«Сен неге маған Ақселеудің өлгеніне байланысты көңіл айтпайсың?» деп, өзінің де онымен қатты араласқанын тілге тиек ете отырып, әдемі түрде көңіл айтқан деседі.
Әрі қарай

Құрманғазынікі кішкентай...

Ютубты қарап отырсаңыз тікелей эфирдегі жүргізушілердің, тілшіліердің күлкілі жәйттарға ұрынып қалу сәттері көп. Солардың тым болмаса бірін көріп қолтықтан кете күлген кездеріңіз болған шығар.
Біздің елімізде де ондай оқиғалардың орын алуы заңдылық. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрінің бір концертінде (қай жылғы концерт екенін біле алмадым) жүргізуші жігіт (аты-жөнін білмедім) сахнаға шығып, Құрманғазының «Кішкентай» атты күйінің орындалуынын хабарлауы тиіс болыпты.
Не шайтан түрткенін кім білсін әлгі жүргізуші сахнаға шығып "Құрманғазынікі кішкентай..." депті де жоқ болыпты. Отырған жұртшылық бір сәтке тым-тырыс қалып, артынша ду ете қалыпты дейді көргендер…
Әрі қарай

Болашаққа прикол ұстау

-Жаз!-деді хан жылнамашысына.
-Нені, хан ием?-жылнамашының дауысынан сұрақтан көрі жалыныш басым естілді.
«Не жазғызсам екен?» деп ойлады бір кездері Темуджин, бұл күндері Шыңғысхан атанған қысық көз хан.
-Былай жаз,«Шыңғысханның түп тамыры — қазақ! Оның ішінде Төре деп жаз.-қолын артына қайырып 12 қанат моңғол киіз үйінің ішін кезіп жүрген хан-Жаздың ба?-деп сұрағанда жылнамашының жүрегі жарылып кете жаздады.
-Жаздым…
-Боссың, апарда бүкіл жазбалардың арасына қосып қой. Қосылмаса бассыз иықпен жүргеніңді елестете бер,- Шыңғысхан есікті ашып, босаға сыртында тұрған қарауылдарының біріне ым қағып қалды.ол да бұндай шаруаларға ысылып қалған неме болатын.Жазбаны мұрағатқа қосқан жылнамашының жанын жаһанамға аттандыруға жөнеле берді.
-Жаз, былай жаз»Темучиннің арғы атасы қазақ, оның ішінде Адай" де, саусақтары үрейден дірілдеп отырған жылнамашы ақ қағазды сиямен ғана емес тарихты да бүлдіріп отырғанын сезіп отырды…
Әрі қарай

Қысқа қысқа есеп

Бұл ешкімнің жазбасына пародия немесе ремейк емес.

2011-дің қысы маған не сыйлады? Бұл қыс маған сүп-сүйкімді(өзіме солай көрінеді енді) қыз сыйлады! Бұны ең басына жазып қояйын, себебі өзімнің ең үлкен қуанышым ғой, осы қыстағы.

Бұл қыс маған қыста жол жүрудің қауіптілігін ескертті( желтоқсанның 16-сы кезінде Жезқазғанға барған сапарым).
Көптен басымыз қосылмай жүрген ағайынның басын ауылдағы өрт қосып берді.Бұл да осы қыстың еншісінде.
Бұл қыста коньки тебуге бір-ақ рет барыппын.
Бұл қыста үй былтырғыдан жылы болды десең ә))))

Бұл қыс маған ең көңілсіз туған күн сыйлады.көңілім туған күнне бұрын түскен, туған күнім сол келеңсіз жайттардың (себебін сұрамаңдар) көлеңкесінде қалып қойды.«Мұсылмандар туған күнін тойламайды» деп жұбатып қояйыншы өзімді өзім.

Бұл қыс біреулерден көңілім әбден қалды.
Әрі қарай

Жоғалған бұзау

Мал болған соң жоғалады,өледі,ұры-қарының қолында кетеді дерсіздер. Бірақ, бұл бұзаудың жоғалу мәнісі басқаша.
Ол кезде 5-6 класс оқитын кезім болу керек.Сол жылы шөбімізі аздау болды ма,әлде қыс ерте түсті ме білмеймін.Әйтеуір шамалы қар бар уақытта тағы да шөп түсіргеніміз анық.Қораның жанында ағаш шарбақтан салынған аранды шөпке толтырып қойдық.Кешкілік малды түгендеп кіргізсек бір бұзау жоқ.Бұзау болғанда да торпақ қой енді.іздемеген жерім(із( жоқ.көршілерден сұрадық, жаздай жайылған жерлерін шолып келдік дегендей.ізін шиырлап тауып алайын десекте қар соншалықты із кесетіндей емес.Обшым, жоғалған мал жоғалды.
Малға шөпті бірде төбедегі шөптен, бірде араннан алып беріп жүрген кезіміз.Бір күні шөп суырғышпен (жұтқын деп те айтады, ұзын істік темір, етік тігетін біз тәрізді формасы, шөпке қадап суырып алсаң әжептеуір шөпті жұлып алады)шөп алып жатсам шөп арасынан малдың жас тезегі шықты. аранға мал кірмегені өзіме аян.«Бұл не болды екен?» дедім де қойдым.ертеңіне әлгі жерден тағы шөп суырдым, басқа жердікіндей емес, шөп айырмен де оңай суырылады.Бос. Ар жағы қуыс тәрізді.Не де болса деп шөпті айырмен жұлмалап жүріп түлкінің ініндей қуысқа кез келдім.одан әрі қопарып ем қуысым үлкейе берді.БҚызық көріп қуысқа кіріп кеттім.Өзім кірген қуыстан жарық түсіп тұр.Әр жақта бірдеңе қараңдайды.сөйтсем мал.Мал болғанда да торпақ тұр күйіс қайырып.Шөп түсірген күнгі торпағымыз шөптің арасында тірі тұр.«Бөседі екен мынау, жәрәйді, шөп жеді делік, суды қайдан ішкен?»дерсіздер. Ағашпен қоршалған аранның ең шетіне қарай тұрып қалған торпақтың үстіне шөп төгілген.ол да дыбыс шығармай тұра берсе керек, не керек жауған қар ағаш арасынан түсіп тұрған, бұл соны су орнына пайдаланып жүрген.содан кейін мойны жеткен жерлердің шөбін жей берген, сөйтіп әжептеуір қуыс жасап алған екен.Жып-жылы әлгі жер.
Әрі қарай

Жігерлендіру

Мұң мен Шаттық алмасады дегенмен
Бақыт құсы ұшпапты-ау төбеңнен
Мұңды суын ішіп мынау Тағдырдың
Еріндерің… тістей-тістей көгерген

Еріндерің… ащы жастан кезерген
Мұңың ауыр… жанарыңнан сезем мен
Мұң мен Шаттық алмасады деуші еді
Бір өтерсің алмағайып кезеңнен

Суланып ед талай түндер жастығың
Көргеннен соң бұл өмірдің ЛАСТЫҒЫН
Мұң соңынан Шаттық келе жатушы ед
Мен бармын ғой,қабағыңды аш күнім!
Әрі қарай

Із

Бұл өмірге адам болып жаралған соң артыңа қандай да бір із тастап кетуің керек секілді.Секілді емес керек. Ауылыңдағы ағыны қатты өзенге аспалы көпір салсаң, кейінгі жұрт оны сенің ізің деп біліп, бір-біріне айтып жүреді.артыңда қалатын бала-шағаң, жақсылы-жаманды іс-әрекетіңнің барлығы ізің болып қала бермек.Бірақ, бүгінгі әңгімем бұл іздердің ешқайсысы емес.
***
Тілші болған соң ел ішін көп кезесің.Бірде жеңіл көлікпен, бірде ұшақпен, бірде пойызбен дегендей. Сондай сапарымның бірінде пойызда ойлы көзді, ат жақты, екі иығына екі кісі мінетіндей бір жігітпен таныстым деп бастасам жасандылық болып кетер."Қызық газетке" оқиға жазып отырғаным жоқ қой. Сонымен…
***
Белгілі бір себептермен Балқашқа жол түсті.Қайтар жолда көп жүкпен қайтатын болғандықтан.Жүк тасуға қолайлы, шығыны да аздау деп «Газель» жалдадым.Жүргізушісі біздер қатарлы жігіт екен. рөлде отырғанда да сәл еңкейіп күжірейіп отырғаны көрген адамның езуіне жымиыс әкелері анық. Өзін «Сашка» деп таныстырған жолсерігім әңгімеге келгенде ешкімнен қалыспайды екен. Түрлі әңгімелердің тиегін ағыттық. Жүргізушінің оң жағында отырғандықтан оң қолының сұқ саусағының буын тұсындағы ойыққа көзім еріксіз түсіп кетті. Онымды сашка да сезгендей, сәл жөткірініп алып,«Мына ІЗдің себебін айтайын ба?» деп сұрады.Жауабымды күтпестен хикаясын бастай жөнелді. Енді мен мен емес Сашкамын.Оқиғамды баяндай отырсам…
«Бала жастан бұзық болдым.Осынымды сезді ме әке-шешем техникалық білім беретін колледжден соң әскерге баруыма үзілді-кесілді қарсы болды.Барсам шынымен бірдеңеге ұрынуым мүмкін еді.Бірақ, тынышталған мен жопын. Екі күннің бірінде төбелесіп, біреудің басын жарып, болмаса өзім қызыл-ала қан болып келіп жүрдім.Әкемнің кенже інісінің(ағамның) қолында тұрдым.Әке-шеше ауылда.Қалада әр ненің басын бір шалып ауылға қайтпадым.Бір күні әдеттегідей төбелесіп оралдым.Үйге ертеректеу келсем керек аға -жеңгем шай ішіп отыр.Жандарына жайғастым. „Қолыңа не болған?“ деген ағамның сұрағынан кейін оң қолыма қарасам саусақтың буын тұсының сүйегі шодырайып тұр. Саусағымның сынбағаны өзіме аян, бұл не болды екен деп пласкауыспен жұлып алсам күрек тіс екен.Міне, бұл содан қалған із» деп әңгімесін аяқтады Сашка. "Үйленген соң қойдық қой бәрін" деп рахаттана бір күліп алған жолсерігіме қарап,«Дұрыс екен» дегеннен басқа ештеңе айтпаппын.
Әрі қарай

Мәдени жаңалық

Ақпан айының бірінші жұлдызынан бастап Оман сұлтандығының астанасы Мускатта (Масқат) халықаралық шығармашылық фестивалі өтіп жатыр. Бұл фестиваль ақпанның 25-ші жұлдызына дейін жалғасын таппақ. Осы шара аясында Қазақстанның атынан Қарағанды облысының мәдениет басқармасына қарасты Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі және «Аққу» хореографиялық би ансамблі, дәстүрлі ән өнерін насихаттаушы ретінде ҚР мәдениет қайраткері Дәуренбек Аркеновтар барып қайтты. Шетелдіктердің біздің елдің киімі мен халық аспаптарына қызығушылықпен қарайтындығы осы фестиваль аясында тағы да белгілі болғандай.
Әрі қарай

14-ші ақпан.Мен.Келіншегім.

Бұл күнді сонааау артта қалған жас кезімнен аса тойлай қоймаушы едім.Дегенмен, бұл күннің менің өміріме тигізген әсері болды.Әсері дегеннен көрі өзгерістер енгізді десем де болады. ол кезде келісім-шарт бойынша әскери қызметтемін. Жезқазғандық бір жауынгер (шатаспасам) Спасск оқу-жаттығу алаңынан қашып кетті. Ресми және бейресми ақпараттар бойынша ол солдаттың Қарағандыдағы бір оқу орнында қызы барын және соны құттықтау үшін қашқанын білдік.Әр оқу орнына бөлінген біздер оны жарты күнге жеткізбей тауып алдық."Іс бітті,қу кетті" дегендей, осы мүмкіндікті пайдаланып бұрыннан бері телефон арқылы сөйлесіп жүрген, кездесіп көрмеген бір қызбен жолығып кетуді жөн санадым. Ақыры, кездестім де.Қазір ол қыз біздің үйде біреуге келін, біреуге жеңге, біреуге АНА болып отыр.
Әрі қарай

Классиктердің де нан жегісі келеді

Жегісі келгенде де нанға варенье жағып жегілері келеді ғой. «Жеме» деп айта алмаймыз.
Бұрындары эстрада әншілерінің бір күндік бағасы жайлы жазып кеткен екенмін. Енді классикалық бағыттағы әншілеріміздің бағасына тоқталсақ болатын шығар.Бұларды ешкім осы бағамен тойға шақыра қоймас.Шақырмайды деп кесіп те айта алмаймын.Дегенмен,қалаңыздағы бір іс-шарада, классикалық 5-6 ән айтып кету үшін жас және орта буындағы әншілерге шығаратын шығындарыңыз.
Азамат Жылтыркөзов
Медет Чотабаев- 1000 АҚШ доллары(148 000 теңге)
Хамзина Дина- 1500 АҚШ доллары (220 000теңге)
Азамат Жылтыркөзов- 1500 АҚШ доллары(220 000теңге)
Екатерина Медведева-1000 АҚШ доллары(148 000 теңге)

Суретке сілтеме
Әрі қарай