Сені үздік адам ететін 6 шындық (4)

1-бөлім, 2-бөлім, 3-бөлім
№3. Сен өзіңді жек көресің, өйткені ештеңе істемейсің

Сонымен, не істейсің? Қыздармен сөйлесуді үйрететін кітап оқисың ба? Егер оның бірінші ережесі «Қыздарға ұнайтын адамға айнал», десе, — баста!
Тәәәк, мында арақ тығып қойып едім
Өйткені, осы ереже үнемі ұмыт қалады. «Мен қалай жұмыс табам» деп емес, «Жұмыс беруші қалайтын маманға қалай айналам» деп ойлану керек. «Қыздарға қалай ұнаймын» емес, «Қыздар ұнататын жігітке қалай айналам» деуге тиіссің. Байқадың ба, екінші мәселе қиындау. Оған көнсең көптеген әдеттеріңнен бас тартып, сыр келбетіңе мән беріп, қиын әрекеттер істеуің керек. Мүмкін, тіпті, тұлға ретінде өзгеруге тура келетін шығар.
«Неге адамдар мені осы күйімде жақсы көрмейді?», — деп сұрап отырған шығарсың. Өйткені, әр адамның қажеттіліктері бар. Әне, атыс құрбаны қансырап өлгелі жатыр. Сенен қайыр жоқ. Бар қолыңнан келетіні жарақаттың өз-өзінен жазылып кетуін тілеп, қайғыру ғана.
Мә, тағы бір видео қара:

Сен осылай істей алар ма едің? Жоқ па? Иығыңда плащ, бұтыңда бір жапырақ лыпа, сахнаға шығып, абыройыңды сілкілеп тұруға не кедергі? Ал, бұл жігіт жеңіске жетер жолды біледі. Ол әрекет ету… қалай болса да әлдебір әрекет жасау… әрекет әрекетсіздіктен мың есе артық.
Жаттықсаң кез-келген нәрсені жасай аласың. Жас кезімде мен әлемдегі ең құсық жазушы болды. 25-ке келгенде мәтіндерім жақсара бастады. Шимайларым үшін ақша алу үшін мен сегіз жыл бойы аптасына бір мақала жазып, жаттыға бердім. Он үш жыл дегенде туындым New York Times-тің бестселлерлер тізіміне енді. Қысқасы, құсық мәтіндерімді жұрт қызыға оқитындай дәрежеге жеткізу үшін мен 20 000 сағат жұмсадым.
Бар уақытыңды жаңа білік үйренуге жұмсағың келмей ме? Онда, мен саған бір жақсы, бір жаман жаңалық айтайын. Жақысы: Мұндай жанкештіліктің арқасында сен өзіңнің тар шеңберіңнен шығасың. Мен де офистің жалықтырар жұмысына шыдадым. Өйткені, жаңа нәрсені тыста үйрендім. Көпшілік шаруаны орта жолда тастап кетеді. Оларға нәтижені ұзақ күткен ұнамайды. Бірақ, есіңе мықтап сақта: Процесстің өзі нәтиже.
Ал, жаманы – сенде таңдау жоқ. Үздіктер қатарында болғың келе ме қимылда.
Мен эксперт емеспін. Бірақ, неге өзіңді жек көретініңді білем. Мұның себебі өзіңе деген құрметтің аздығы немесе өзгелердің саған қиыс қарағаны емес. Сен өзіңді жек көресің, өйткені ештеңе істемейсің. Басқаны былай қойғанда, өзіңді өзің осы күйіңде жақсы көре алмайсың. Бақытсыздығыңның басты себебі осы.
Бірінші қадам: Оян
Есептеп көр. Өзің бірдеңе жасаудың орнына өзгелер жасаған нәрселерге (ТВ, музыка, видео ойындар, сайттар) қанша уақыт жұмсайсың. Сенің өміріңнің құндылығы осы ғана.
Саған бұл да ұнамай қалды ма? Бала кезіңде естіген «Адамның ішкі қасиеттері ғана маңызды» деген сөзді қайталап, кекірейіп отырсың ба? Онда, әрі қарай оқы…

жалғасы
bk
Бөлісу:

12 пікір

Ereimen
Басқасын қайдам мынау жоғардағы бейнеролик надандықтың жоғарғы шыңы!!!
torgai
Атың шықпаса жер өртенің кері. Олай жетістікке жету керек болса, адамдықтан айрылу қалай болар екен?
Marco
Отвечаю, ана қораға жиналған адамдар осыны өнер деп бағалап отыр
Adiletshu
Орнына басқа видео жоқ па
Marco
Ортасына бейімделеді ғой адам. Ана жиналғандарда осындай өнерге деген қажеттілік бар шығар, орындаушының өзі де ырза шамасы. Әрине, біз жағамызды ұстаймыз, бірақ өзгелердің «мыналар жылқы етін жейді» деп ернін сылп еткізетінін де ұмытпау керек. )))
aza
Рас, өзгелер жасаған нәрселерге көп уақытым кетеді екен… Өзім де бірдеңе жасайын, болмас!
asaubota
ал мен осы қазақша неге жоқ екен деп осындай сайт жасап алдым
Aidakonya
Процесстің өзі нәтиже!!! Бір нәтижеге жету үшін, әсіресе, қазақтың қызы, қарындасы, сүйіктісі бола тұрып, тәуліктегі 24 сағаттың 15 сағатын спортқа арнағаның үшін жақындарынан қайрым жоқ болса да, таңдаған спорт түрің еліңде қолдау көрмесе де, жанкүйерің болмаса да, өзге ел спортшыларының нәтижелерін бақылап отырғанша (Есептеп көр. Өзің бірдеңе жасаудың орнына өзгелер жасаған нәрселерге (ТВ, музыка, видео ойындар, сайттар) қанша уақыт жұмсайсың) спорт залға барып әрекет еткен әлдеқайда дұрыс))
жалғасын күтудемін))
Marco
Дәл спортшыға лайықты тұсын тауыпсың)))
GALEKE
Бүгінгісі алдыңғы«лар»дан өзгешелігі бар екен. Алға жылжуды байқап келемін
zholantai
Қысқасы, құсық мәтіндерімді жұрт қызыға оқитындай дәрежеге жеткізу үшін мен 20 000 сағат жұмсадым.
, уақытын қайдам, мәтіндеріне берген өз бағасы рас екен)))))