«Жетісу тарландары» І орынды иеленді

Алматы облысы: «Жетісу тарландары» І орынды иеленді
Қарулы күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Айбын» жастар жиыны Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткен. Оған Алматы облысынан «Жетісу тарландары» командасы қатысып, бірінші орынды иеленді.
««Айбын» жастар жиыны 2015 жылдан бастап, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. 2015-2016 жыдары Республиканың деңгейінде өтсе, биылғы жарыс халықаралық дәрежеде болды. Қарағанды облысына жан-жақтан командалар өте үлкен дайындықпен келгені байқалып тұрды. Осыны болжай отыра біз «Жетісу тарландарына» мықты әрі талантты жастарды жинадық», — деді «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Жаналиев Жандос.
Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
«Команда капитаны ретінде үлкен жауапкершілікті арқалап бара жатқандықтан, осы уақытқа дейін қаншама тер төккенімізді ескере отырып, командамды жігерлендіруге тырыстым. Себебі, рухы күшті команда ғана жеңіске жетеді»,- деді «Жетісу тарландары» командасының капитаны ТЕН Владимир.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Елордалық баскетболшылар ҚР чемпионы атанды

Астана жаңалықтары: Елордалық баскетболшылар ҚР чемпионы атанды

Балқаш қаласында қыздар арасында өткен баскетболдан ҚР чемпионатында Астананың намысын №5 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиленушілері қорғады.

Жарысқа 2003-2004 және 2005-2006 жылдары туылған ойыншылар қатысты. 2005-2006 ж.т. баскетболшыларымыз ерекше ойын үлгісін көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Олармен бірге Астана атынан барған 2003-2005 ж.т. ойыншылар 7 команда ішінде 5-ші орыннан көрінді.

2003-2004 жылдары туылғандар категориясы бойынша Астана, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Батыс-Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шымкент қалаларының командалары қатысты.

Бұл жас категориясы бойынша қортынды мынадай:

1 орын – Қарағанды облысы

2 орын – ОҚО

3 орын – Ақмола облысы

4 орын – Ақтөбе облысы

5 орын – Астана қаласы

6 орын – БҚО

7 орын – Шымкент қаласы

2005-2006 жылдары туылғандар категориясы бойынша Астана, Қарағанды облысынан 1 және 2 команда, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Челябинск қалаларының командалары өзара мықтыны анықтады. Финалда Астана мен Қарағанды облсының 1 командасы кездесіп, 57-46 есебімен аяқталды. Осылайша, елорда командасы екінші рет осы жас категориясы бойынша Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды.

Бұл жас категориясы бойынша қортынды мынадай:

1 орын – Астана қаласы

2 орын – Қарағанды облысы – 1

3 орын – БҚО

4 орын – ОҚО

5 орын – Қарағанды облысы – 2

6 орын – Челябинск қаласы

Чемпионат қорытындысы бойынша әр жас категориясы бойынша жаттықтырушылардың дауыс беруі арқылы турнирдің ең үздік ойыншылары анықталады. Бұл жолы елорда командасы атынан 5 үздік спортшы қатарына №5 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің 3 оқушысы енді.

2003-2004 жылдары туылғандар категориясы бойынша Дарья Богданец үздік ойыншы атанды.

2005-2006 жылдары туылғандар категориясы бойынша үздік ойыншылар қатарынан Дарья Головина мен Тамила Солсанова көрінді.

Халық саны бойынша көшбасшылардың бірі – Шымкент – онлайнда сирек қатысады.

“Робот Займер” сервисінің аналитикалық орталығының зерттеуіне сүйенсек, Шымкенттіктер Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындарына қарағанда, Интернетте қарызды 4 есе сирек алады екен.
Онлайн-кредит берудегі белсенділіктің төмендігіне қарай бетбұрысты сарапшылар ОҚО-да, тұтас алғанда, Шымкентте де, жеке алғанда, шағын қарыз берумен айналысатын оффлайн кеңселердің желісі көбірек дамығанымен түсіндіреді. Еңбекақыға дейін берілетін қарыздардың нарығы бойынша бүтіндей алғанда оффлайн қарыз берудің үлесі мұнда едәуір жоғары — 6,5%, ал онлайндікі, керісінше, — ең төмен (0,3%).
Бұл ретте ең белсенді онлайн қарыз алушылар Алматыда (25,98%), Астанада (15,47%) және Қарағанды облысында (8,77%) тұрады. Бұл жайт инфрақұрылымның өте жоғары дамуымен (банкоматтардың, Wi-Fi мен 4G-интернеттің болуымен) және мегаполис тұрғындарының әлеуметтік-тұтынушылық белсенділік дәрежесінің жоғарылығымен байланысты.
Батыс өңір тұрғындарының онлайн кредит алудағы белсенділігі төмендеу – мұнда интернетте қарыз алушылар ел бойынша орташа алғанда (16,7%), екі есе сирек (8,62%) кездеседі. Мамандар бұл жайтты өңірде ірі қалалардың жоқтығымен және Қазақстан бойынша халық тығыздығының ең төмендігімен байланыстырады. Нәтижесінде – қаржылық онлайн-сервистердің әлеуетті пайдаланушылары арасында ақпарат алмасу дәрежесі төмен болуда және геолокациялық жарнамалық интернет-науқандар өткізуге аз көңіл бөлінуде.
«Онлайн қарыздар нарығы қаржылық инклюзияға және халық проблемасының шешілуіне ықпал етеді. Нәтижесінде, ол қарқынмен өсуде. Біз қарыз алушылар саны бойынша мегаполистер мен халқы тығыз облыстардың тұрғындарының көш бастап тұрғанын көріп отырмыз, бірақ өсім уақыт өте келе қазір онлайн кредит беру үлесі едәуір төмен өңірлерде де орын алады деп пайымдауға негіз баршылық», — деп атап өтті Индира Кенесарықызы, «Робот Займер» ЖШС бас директоры.

"Жетісу тарландары" "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында бақ сынамақ

Алматы облысы: Жетісу тарландары Айбын халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында бақ сынамақ
Биыл қарулы күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Айбын» жастар жиыны 12-17 маусым аралығында Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өтеді. Жыл сайын өткізілетін әскери-патриоттық жастар жиынының мақсаты — әскери қызметті насихаттау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру, әртүрлі елдердің жас армияшылары бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Осы бағытта Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастыру мен өткізу бойынша үлкен жұмыс атқаруы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.
«Халықаралық деңгейде өтетін жастар жиынына Алматы облысының ең үздік жігіттері таңдалынып алынды. Осы уақыт ішінде, қатысушылар күнделікті дайындықтың арқасында өз шеберліктерін машықтай түсті. Біздің командада физикалық күшті, рухы биік, білікті жастардан құралған. Біз жеңіске абыроймен жетеміз деген сенімдемін!», — деді «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Жаналиев Жандос Жұманұлы.
«Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында «Эрудит» зияткерлік сайысы бар. Бұл сайыс облысымыздың спорт және білім саласында жеткен жетістіктерін таныстырады.
Баспасөз мәслихатына қатысқан БАҚ өкілдері «Жетісу тарландарына» сайыстан жүлделі оралсын деп тілектестіктерін білдірді.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстандық рэп-орындаушылар танымал спортшыға арнап, бейнебаян түсірді

Ең тартысты спорттық жарыстардың бірі – аралас жекпе жектен M-1 Challenge 76 халықаралық турнирі 22 сәуір Назрани (Ингушетия) қаласында өтеді. Аталмыш халықаралық аралас жекпе жекте ел намысын аралас жекпе жектер бойынша Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, аралас жекпе жек бойынша әлем біріншілігінің вице-чемпионы Сергей Морозов қорғайтын болады.
Талантты спортшының жанкүйерлері қарағандылық рэп-орындаушылар Әкежан Лұқпанов пен Антон Зенин спортшыны қолдап, ән жазып, бейнебаян түсірді. Ондағы мақсаттары – қазақстандықтарды отандасымызға жанкүйер болуға шақыру. www.youtube.com/watch?v=gVXfd_CazbU&feature=youtu.be
— Барлығы ойламаған жерден болды. Досым Әкежан Сергейдің мықты жігіт екенін, керемет күресетінін айтты. Осылайша біз өз спортшымызды қолдап, бейнебаян түсіруге бел будық. Бұл – қанаттандыратын ән. Онда тек спортшымызға деген қолдауымыз ғана емес, Отанымыз – Қазақстанға деген ыстық ықыласымызды жеткіздік, — деді B.u.ll.d.o.G деген лақап атты рэпер Антон.
Рэп-орындаушы Әкежан DIEZO Лұқпанов:
— Мен өзім екі жыл жекпе жек өнерімен айналысқанмын. Және Сергей Морозовты көптен байқап жүрмін. Оның күресу мәнері, адамгершілігі ұнайды. М1 Global халықаралық компаниясымен келісімшарт жасасқан алғашқы қазсқтандық спортшы болғанына қарамастан, қарапайымдылығын жоғалтпаған жан. Сондықтан оны қолдағымыз келді.
Халықаралық турнирде қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық чемпион Фабрицио Сарраф болмақ. Сергей Морозов турнирге дайындықтың негізгі кезеңін аяқтады. Қазіргі таңда ол тәжірибелі бапкерлерімен туған қаласы Ақтөбеде жаттығуда.
— Әрине, алға түспей-ақ қояйын. Алайда, тек жеңіске деген ұмтылыс бар. Мен онда жеңу үшін барам. Бұл жекпе жектің мен үшін маңызы үлкен. Өткен жолы Ингушетияда жеңіліс тапқан едім… Маған бойымды тіктеп, қарымта қайтаруға мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Мені ондағылар жақсы біледі, маған жанкүйер болып, қолдау көрсетуде. Жеңіс не жеңіліс болатынын тек ринг шешеді. Тек шаршы алаңда ғана қарсыластың қандай артықшылықтары бар екені түсінікті болады. Алайда мен жеңіс үшін бара жатырмын», — дейді спортшы.
Айта кетейік, M-1 Challenge – 2008 жылдан бастап өткізіле бастаған аралас жекпе жектер бойынша турнирлердің тұтас топтамасы. Содан бері әлемнің түрлі елдерінде 75 турнир өтіп үлгерді. 2010 жылы командалық жарыстан алшақтап, чемпиондар белдігін бес салмақ дәрежесінде ойнату туралы шешім қабылданды.
Халықаралық аралас жекпе жекті қазақстандықтар Еуразия бірінші арнасынан 22 сәуір күні 23:00-де тамашалай алады.

ФОРСАЖ 8

2015 жылдың 13 сәуірінде кинодан шыққаннан кейінгі жазған постымда «режиссер фанаттарын, қаншама доллар ақша салуға дайын аудиториясын жайдан-жай жібере салмас. „8“-шісі шығу керек» деген сияқты пікір қалдырғанмын. Енді міне, 2017 жылдың 15 сәуірінде 250 миллион долларға түсірілген «Форсаж 8» -ді бір демде көріп шықтым. 2 сағаттың қалай өткенін де байқамай қалыппын. Бір демалыстың ішінде әлем бойынша касса жинаудан жаңа рекорд орнатып тастады (әлем бойынша «Форсажа-7»-нің жалпы қоры 1.5 миллиард $ құраған болатын.)

Ертегі болып кетті деудің қажеті жоқ. Бұл киноның әлемі бөлек. Франшизаның барлық бөлімдеріндегідей мұнда да отбасы құндылығын жақсы насихаттаған. Қандай жағдай болмасын достардың бір-біріне деген сенімдерінің өшпеуі қызықтырады. Кинода О`Коннордың орны ойсырап тұр. Айтпақшы, «Форсаж 9»-да Брайан (Пол Уокер) қайта оралуы мүмкін. Себебі, Доминиктің (Вин Дизель) ойда жоқта пайда болған ұлының атын Брайан деп атады. Кинода қымбат көлік пен тоқтаусыз атыс-шабыстан бөлек әдемі әзіл де орнын тапқан. Роман Пирс (Тайриз Гибсон) еріксіз езу тарттырады.

Жалпы, FastFurious8-ді көріңіздер! Сол баяғыша қызықты, мықты және әсерлі!

Қарағандылықтарға ескертпе: Біздің Сарыарқа деген кинотеатрдан 3D көрмей-ақ қойыңыздар)
Блог - ErzhanKhamitov: ФОРСАЖ 8

Шырқа, гитара! ән кеші

16 ақпан күні, сағат 17.00. «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Шырқа, гитара!» атты ән кеші өтті. Қарағанды қаласының кәсіби және әуесқой гитаршыларының басын біріктіріп, ән салып, өнерпаз жастардың уақытын тиімді пайдалана отырып, олардан түрлі ұсыныстар алып, сұхбат құрып, көңілді кеш ұйымдастырылды.

Қатысқан гитаршылар:
Шакенов Владимир Жунусович – Қарағанды қаласының №1 балалар музыкалық мектебінің ұстазы. Свердлов қаласының, Чайковский атындағы музыкалық училишесінің гитара класын тәмәмдаған. Көп жылдық тәжірибелі гитаршы.

Айнаш Сәдуақас – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 7 курс студенті;

Әнші, сазгер Жансерік Нишанбеков;

Рауан Қабидолдин – ақын, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі;

Асыл Баянова – Қарағанды мемлекеттік университетінің шет тілдер факультетінің студенті;

Марғұлан Уәли – әнші, сазгер. Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының маманы.

Сонымен қатар Алмас Мырзахмет, Айзада Рахимжанова, Еркін Нарынов т.б. ақындар өлеңдерін оқыды.

Кеш еркін форматта өтті. Елімізге танымал сонау 70 жылдардан бастап, кейінгі жылдарға дейінгі сазгерлердің әндерін айтып, және жаңа авторлық әндер орындалды.

Ән қалықтап, көңіліміз шарықтай берсін!

Блог - ZhastarTynysy: Шырқа, гитара! ән кеші

«Шырқа, гитара!»

Құрметті достар!

«Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өтетін «Шырқа, гитара!» ән кешіне шақырамыз!
Блог - ZhastarTynysy: «Шырқа, гитара!»

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

2017 жылдың 07 ақпанында "Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы" КММ Ақпараттық қамтамасыз ету және әлеуметтік технологиялар бөлімімен "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің офицерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы мен Үндеуін түсіндіру бойынша кездесу өтті. Сондай-ақ, аталмыш кездесуге Қарағанды облысы Конфессияаралық қарым-қатынастарының проблемаларын зерттеу орталығының маманы қатысып, офицерлерге діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.



Сегодня, 07 февраля 2017 года сотрудники КГУ «Молодежный ресурсный центр Карагандинской области» отдела информационного обеспечения и социальных технологий осуществили выезд в воинскую часть № 6505 Национальной гвардии МВД РК Карагандинского гарнизона, с целью разъяснения Послания Главы государства «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность» и обращения Президента Н.А. Назарбаева о перераспределении полномочий между ветвями государственной власти.

Блог - ZhastarTynysy: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Қарағанды облысының жастары «Біз жарқын болашақ үшін» атты флеш-моб ұйымдастырды

2017 жылдың 28 қаңтары сағ.: 11.30-да «Сарыарқа» кинотеатрының алдындағы алаңында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін қолдау және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жастардың санасына сіңіру мақсатында Қарағанды облысының жастары «Біз жарқын болашақ үшін» атты флеш-моб ұйымдастырды.

28 января 2017 года 11.30 ч. В целях поддержки обращение Президента Республики Казахстан по вопросам перераспределения полномочий между ветвями власти и внедрить идею «Мәңгілі Ел» в сознание молодых людей в Карагандинской области с призывом «Мы за светлое будущее» состоялся флеш-моб.
Блог - ZhastarTynysy: Қарағанды облысының жастары «Біз жарқын болашақ үшін» атты флеш-моб ұйымдастырды