«Жетісу тарландары» І орынды иеленді

Алматы облысы: «Жетісу тарландары» І орынды иеленді
Қарулы күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Айбын» жастар жиыны Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткен. Оған Алматы облысынан «Жетісу тарландары» командасы қатысып, бірінші орынды иеленді.
««Айбын» жастар жиыны 2015 жылдан бастап, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. 2015-2016 жыдары Республиканың деңгейінде өтсе, биылғы жарыс халықаралық дәрежеде болды. Қарағанды облысына жан-жақтан командалар өте үлкен дайындықпен келгені байқалып тұрды. Осыны болжай отыра біз «Жетісу тарландарына» мықты әрі талантты жастарды жинадық», — деді «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Жаналиев Жандос.
Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
«Команда капитаны ретінде үлкен жауапкершілікті арқалап бара жатқандықтан, осы уақытқа дейін қаншама тер төккенімізді ескере отырып, командамды жігерлендіруге тырыстым. Себебі, рухы күшті команда ғана жеңіске жетеді»,- деді «Жетісу тарландары» командасының капитаны ТЕН Владимир.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше