Бірыңғай мектеп формасы турасында 2 мәселеге 2 шешім

Білім және ғылым: Бірыңғай мектеп формасы турасында 2 мәселеге 2 шешім

Биыл бірыңғай мектеп формасы біраз шу болды. Формалардың бағасы мен сапасы және діни мотивтегі киімдерге тыйым салынуы турасында әсіресе. Мұндай даулар алдағы уақытта да болмауы үшін Білім және Ғылым Министрлігі нақты шаралар қолдануы тиіс деп ойлаймын. Бұл тұрғыда өз ұсыныстарымды жазбастан бұрын мамандардың пікірлерін қарап шығайық.

БҒМ былай дейді:

Форма білім берудің зайырлы сипатына сәйкес болуы тиіс, сондықтан «мектеп формасының үлгісі мен түсі классикалық стиль талабына сай болуы, біркелкі әрі ашық емес, ұстамды реңкте және үш түстен артық түсті араластырмай тігілуі тиіс».
Қыс мезгілінде ұлдар мен қыздарға «водолазка» мен тоқыма бешпет, ал қыздарға бұған қоса, сарафан киюге рұқсат етіледі. Ал жылдың өзге мезгілінде ұлдар – пенжек (пиджак), бешпет (жилет), шалбар, жейде, қыздар — классикалық үлгіде тігілген көйлек, шалбар немесе юбка, бешпет пен пенжек киюі тиіс.
Хиджаб, ниқаб, бурка (киiзден я терiден жүнiн сыртына қаратып тiккен жеңсiз шапан), пәренжі, сикх сәлдесі мен иудей тақиясы («кит» деп аталады) сияқты белгілі бір діни конфессияға қатысты белгілері бар киім киюге тыйым салынады.

Евгений Цай — «Қамқорлық» ұйымының жетекшісі
Мен бірыңғай форма болғанын құптаймын, бірақ бұл мәселені азды-көпті болсын, дұрыстап шешу керек қой. Мүмкін оны алуан түрлі үлгіде және сапалырақ етіп тігу керек шығар әрі мұндай қатаң шектеу қойылмауы тиіс деп ойлаймын. Мүмкін жұрттың шамасы жететіндей қара костюм-шалбар болғаны жөн шығар, әйтпесе бұл шаруа біреулер үшін ақша жасау көзіне, бизнеске айналып кетеді. Шенеуніктер «балалардың қамын ойлап жатырмыз» деп жар салады, ал іс жүзінде өз қалтасының ғана қамын ойлайды, балалардың есебінен пайда табуға тырысады.

Айнұр Әбдірәсілқызы — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры
Мектеп формасының да көтеріп отырған өзіндік әлеуметтік-тұлғалық жүгі бар. Біріншіден, кез келген форма белгілі бір мекемеге қатыстылықты білдіретіндіктен, тұлғаға сол мекеме алдындағы жауапкершілікті жүктейді. Екіншіден, форма – құқықтық қатынастар шегін айқындайтын бақылау құралы. Қарапайым мысалмен өрнектесек, мектеп формасындағы бала сабақ уақытында көше кезіп жүрсе немесе компьютер клубында ойын ойнап отырса, кез келген учаскелік полиция қызметкерінің оның мән-жайын сұрап, қадағалауға құқығы бар. Үшіншіден, біртекті форма мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік тұрғыдан жіктелуіне, психологиялық қысымдардың орын алуына жол бермейді, яғни «бұлақ бастан бұлғанбас» үшін форманың сақталуы қажет-ақ.

Досай Кенжетай — философия және теология ғылымдарының докторы, профессор
Ислам дінінде адамдар жынысына қарамастан жаратылысынан тең болғандықтан әйел мен ер адамдарға білім алу бірдей парыз етілген. Бүгінгі жаһанданған дүниеде, зайырлы білім сапасы тұрғысынан еліміз басқалармен терезесі тең болу мақсатын ұстанады. Сондықтан, орта мектепте оқитын кез келген оқушыны дін атрибуттарын желеу етіп, мемлекеттік мекемеде оқшаулануына, даралануына, ерекшеленуіне жол берілмейді. Мектеп жасына жеткен барлық балалар мектептен білім алуы шарт дейтін болсақ, мектеп киіміне қатысты жаңадан бекітілген талаптардан ешкім аттап кете алмайды.

Мұхитдин Исаұлы — теология ғылымының докторы, исламтанушы
Мектеп – киелі орын. Бүгінгі таңда мектептің киім формасы «хиджабқа» сәйкес келмейді деп, бүлдіршін сәби баланы Алланың ең маңызды парыз еткен ілімінен айыруға болмайды. Баланы мектепке жібермей «жаһил» ету, яғни қараңғы, надан ету – ең үлкен күнә. Ілім алмаған ұрпақтан күні ертең «жаһил», қараңғы қоғам шығады. Біз осыны мықтап түсініп алуымыз қажет.

Ершат Оңғаров — философия және мәдени антропология ғылымдарының Ph.D докторы, исламтанушы
Біріншіден, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жинақы киінуге кеңес береді.
Біз діндар азаматтарды оқу орындарының мектеп оқушыларының киім үлгісіне қатысты қойылатын талаптарына түсіністікпен және сабырлықпен қарауға шақырамыз, өйткені бұл қадам орта мектептердегі киім үлгісін бірізділікке түсіру мақсатында қабылданған шешім болып табылады.
Екіншіден, жалпы орта мектеп оқушыларына қатысты ортақ киім формасы туралы жаңадан шығарылған бұйрықты бұра түсіндіріп, қолдан дау жасап, елді дүрліктірудің қажеті жоқ. Елімізде берік орныққан тұрақтылық пен тыныштыққа қызғанышпен қарайтын белгісіз топтар осы бір сәтті пайдаланып, ақпараттық құралдар мен түрлі әлеуметтік желілер арқылы ел арасына бүлік салуға тырысуда. Сондықтан, әрбір іске сабырмен, байыппен қарау керек.
Үшіншіден, ҚМДБ заң бойынша діни бірлестік болып есептеледі. Ал діни бірлестіктер мемлекеттік мекемелердің саясатына араласа алмайды. Бұл – заң талабы. Діни басқарма қоғамнан бөлек өмір сүріп жатқан жоқ. Сондықтан мемлекеттің шығарған әрбір заңына дін қызметкерлері қашанда құрметпен қарайды.
Төртіншіден, ҚР Білім және ғылым министрлігі шығарған бұйрықта мектеп формасының үлгісін қоғамдық кеңестер, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі бірлесе қарап, өз ұсыныстарын айтуларына болатындығы көрсетілген. Яғни қыздарының ұзын етек-жеңі бар, мектептің талаптарына сай киім киюін қалайтын ата-аналарға өз ұсыныстарын айтуларына мүмкіндік қарастырылған. Мен осы орайда жергілікті мектептерде киім үлгісін қабылдауда мұсылман жамағатының да тілегі ескерусіз қалмайды деп сенемін.

Айдар Әбуов — философия ғылымың докторы, профессор
Бұл, ең біріншіден, мемлекеттің әртүрлі этникалық және конфессиялық ерекшеліктерге ие азаматтардың ортақ білім алуына жағдай жасау қажеттілігінен туындайды. Егер мемлекет белгілі бір діннің мүддесіне басымдық берер болса мұндай жағдай басқа конфессияларды ұстанушыларға әділетсіздік болар еді. Ал екінші жағдайда, яғни барлық конфессия өкілдеріне білім беру мекемелерінде киімге қатысты толық таңдау беріліп, еркін форма ұсынылатын жағдайда әрбір конфессия өкілдері өздерінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетуге тырысып, оқушылар арасында қайшылықтықты қарым-қатынас орын алған болар еді. Мектеп формасына қатысты бекітілген жаңа талаптарға жекелеген діндар азаматтардың біржақты сыни пікір танытуы көрініс беруде. Мұндай сыңаржақ көзқарас ұстануды қате деп санаймын, өйткені әрбір діндар азамат өзінің діни сеніміне барынша құрметпен қарайтын мемлекеттік органның ұстанымдарына түсіністік танытып, өз бойындағы рухани-адамгершілік қағидаттарды жетілдіруге және толық білім алуға талпынуы тиіс. Ең бастысы, бұл талаптар мектеп оқушыларына ғана қойылып отырғанын ескеруіміз қажет.

Әлбетте, бірыңғай форма қазіргі заман талабы. Бірақ, осындай мәселелерді қазірден шешіп алмаса болмайды деген ойдамын. Сондықтан бұл 2 мәселеге менің ұсынарым мыналар:

1. Форма дизайнын, түстерін БҒМ өзі бекітіп, нақты бір пішінмен кәсіпкерлер палатасында реестрде тұрған мекемелерге тапсыруы керек. Бір пішін, бір сапа, бір баға. Ал жеке мектептер ғана өз эмблемаларымен өз формаларын шығара алатын болады. Формалар 3 типте болуы тиіс деп ойлаймын: бастауыш, орта және жоғары сыныптар. Әр қайсысының түстерінде және дизайнында аздап ерекшелік болса — оқушының қай сыныптарда оқитыны белгілі болады.

2. Діни атрибутикамен мектепке келуге болмайтыны белгілі. Бірақ діни дәрістерді тереңдетіп оқытатын арнайы мектептер ашып, бұл мәселені шешуге болады. Ондай мектептерге оқушы қыздар орамалмен барар еді. Дінмен қатар басқа қатарластары сияқты өзге пәндерді де бірге оқып шығады. Түркиядағы «Имам хатип» мектептерін мысалға алуға болады бұл тұрғыда.
Бөлісу:

3 пікір

sigma
Екінші ұсынысыңа келісе алмаймын
AyazhanMuhatai
Екі ұсынысқа да келісемін. Діни киімдерді мектепке араластырмай, мектеп бітіріп шыққаннан кейін ЖОО түскеннен кейін де киюге болады. Ал, мектеп ол-мектеп. Біркелкі форма болу керек. Жəне қол жетімді бағамен болса тіпті жақсы. Себебі, бір үйде 3-4 баласы барлар болады. Жағдайы төмендер болады, соларға да қарайласа алу керек деп есептеймін.
ken
БҒМ
Форма білім берудің зайырлы сипатына сәйкес болуы тиіс, сондықтан «мектеп формасының үлгісі мен түсі классикалық стиль талабына сай болуы, біркелкі әрі ашық емес, ұстамды реңкте және үш түстен артық түсті араластырмай тігілуі тиіс

Ешбір заңда білуімше «Форма білім берудің зайырлы сипатына сәйкес болуы тиіс» деп жазылмаған. Бұны БҒМ неге сүйеніп мәлімдегені маған қызық болып тұр. «Үлгісі мен түсі классикалық стиль талабына сай болуы керек» дегенге қатысты. Орамал мен юбка етегінің ұзындығы осыған қайшы келмейді. Үйімнің жанында мектеп бар. Қыздардың юбкаларының ұзындығы әркімде әртүрлі болғанымен (біреуде тізеден жоғары, енді біреуде тізеден төмен), бірақ бәрінің формасы ортақ бір үлгідегі киім – клетка юбка, ақ жейде. Сондай-ақ сондай үлгіде киінген басында орамалы бар қызды да көремін – яғни етегі ұзын клетка юбка, ақ жейде. Орамалға бола сол оқушының киімін мектеп формасына сай емес деген пәтуа шығару дұрыс па?

Анти-орамалшылар «діни атрибутика» деген сөзді жаттап алыпты. Православтардың мойынға тағатын крестиктері діни атрибутикаға жатады. Ендеше «діни атрибутика» деп қақылдап қалғандар неге сол (көзге айқын көрініп тұратын) крестерді байқамайды? «Біз зайырлы мемлекетпіз» деп әлдекімдер оқушының мойнындағы православ крестигіне қарсы шығып жатса, мұнысы сөзсіз Конституцияда бекітілген демократия мен діни көзқарас бостандықтарына қол сұғу болып есептелер еді…

Хиджаб, ниқаб, бурка (киiзден я терiден жүнiн сыртына қаратып тiккен жеңсiз шапан), пәренжі, сикх сәлдесі мен иудей тақиясы («кит» деп аталады) сияқты белгілі бір діни конфессияға қатысты белгілері бар киім киюге тыйым салынады

— дей отырып, БҒМ өкілі хиджаб, ниқаб және т.б. киімдерге емес, шын мәнінде орамал менн ұзын етекке қарсы шығып отыр. Егер оқушылар шынымен де хиджаб, ниқаб, бурка, паранжа киіп келіп жатса, онда әңгіме басқаша болар еді. Бірақ, шындығы сол, хиджабпен күресушілер негізінен мектеп формасына сай киініп орамал таққан оқушылармен күресіп жатыр емес пе?

Айнұр Әбдірәсілқызы — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры
Мектеп формасының да көтеріп отырған өзіндік әлеуметтік-тұлғалық жүгі бар. Біріншіден, кез келген форма белгілі бір мекемеге қатыстылықты білдіретіндіктен, тұлғаға сол мекеме алдындағы жауапкершілікті жүктейді. Екіншіден, форма – құқықтық қатынастар шегін айқындайтын бақылау құралы. Қарапайым мысалмен өрнектесек, мектеп формасындағы бала сабақ уақытында көше кезіп жүрсе немесе компьютер клубында ойын ойнап отырса, кез келген учаскелік полиция қызметкерінің оның мән-жайын сұрап, қадағалауға құқығы бар. Үшіншіден, біртекті форма мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік тұрғыдан жіктелуіне, психологиялық қысымдардың орын алуына жол бермейді, яғни «бұлақ бастан бұлғанбас» үшін форманың сақталуы қажет-ақ.

Осы айтылған үш пунктіні де өте орынды айтылған деп, қол соғуға болар еді, егер оқушылар паранжа киіп, бастан-аяқ ислам мемлекеттеріндегідей киім киіп жатса. Алайда шындығында солай ма екен? Өзім көрген орамал таққан оқушы қыздардың да киімі мектеп үлгісіне сай екенін жоғарыда айтып өттім. Яғни орамалға бола сол өзім көрген оқушының киімінен оның мектеп оқушысы екені білінбей қалды десем бұным қып-қызыл өтірік болар еді…

Досай Кенжетай — философия және теология ғылымдарының докторы, профессор
Ислам дінінде адамдар жынысына қарамастан жаратылысынан тең болғандықтан әйел мен ер адамдарға білім алу бірдей парыз етілген. Бүгінгі жаһанданған дүниеде, зайырлы білім сапасы тұрғысынан еліміз басқалармен терезесі тең болу мақсатын ұстанады. Сондықтан, орта мектепте оқитын кез келген оқушыны дін атрибуттарын желеу етіп, мемлекеттік мекемеде оқшаулануына, даралануына, ерекшеленуіне жол берілмейді. Мектеп жасына жеткен барлық балалар мектептен білім алуы шарт дейтін болсақ, мектеп киіміне қатысты жаңадан бекітілген талаптардан ешкім аттап кете алмайды.

«Бүгінгі жаһанданған дүниеде, зайырлы білім сапасы тұрғысынан еліміз басқалармен терезесі тең болу мақсатын ұстанады» деп не айтқысы келгені қызық болып тұр. Өйткені «зайырлы» деген ұғымды тудырған батыс өркениетінің бірқатар алдыңғы қатарлы елдерінде мектепке орамалмен келуге тыйым салынбаған – Британия, АҚШ, Швеция елдерінде. Діни атрибутика дегеніне қатысты жоғарыда жазып кеттім. Енді соңғы сөйлеміндегі ойына көз жгіртейік. «Мектеп киіміне қатысты жаңадан бекітілген талап» деп не айтқысы келіп отырғанын өзі де түсінбеген болса керек. Өйткені ешбір заңда ол жөнінде нақты жазылмаған. Мемлекет мектеп киімі мәслесін шешу міндетін мектептердің өзіне ақырын ғана ысырып жібере салды. Форма түрін әр мектеп өзі бекітеді. Осы орайда, діни атрибутика жөінде айтып, оқушы киімі мектеп талабына сай болуы керек деп отырған профессорымыз егер кейбір мектептер орамалға рұқсат беріп жатса, не дер еді?

Енді орамалға рұқсат етпеген мектептердің уставтарына келсек. Заң бойынша оқушы мектеп бекіткен киімге сай киінуі тиіс екен. Мектептер Қазақстан Республикасындағы оқу орындары болғандықтан және онда Қазақстан азаматтары білім алатын болғандықтан, мектептер өз уставтарын ҚР Конституциясына қайшы келмейтін жолмен жазуы міндетті. Егер мектептің ішкі уставы (немесе тіпті қандай да бір заң) Конституцияда бекітілген нормалар мен принциптерге қайшы келіп жатса, онда мәселені шешу барысында Конституция талаптаы жоғары саналады. Мектеп уставы Атазаңнан биік емес. Атазаңға қайшы ережелер қайта қарастыруды талап етеді.

Мұхитдин Исаұлы — теология ғылымының докторы, исламтанушы
Мектеп – киелі орын. Бүгінгі таңда мектептің киім формасы «хиджабқа» сәйкес келмейді деп, бүлдіршін сәби баланы Алланың ең маңызды парыз еткен ілімінен айыруға болмайды. Баланы мектепке жібермей «жаһил» ету, яғни қараңғы, надан ету – ең үлкен күнә. Ілім алмаған ұрпақтан күні ертең «жаһил», қараңғы қоғам шығады. Біз осыны мықтап түсініп алуымыз қажет

Дін бойынша керемет білгір емеспін. Сонда да ең маңызды бес парыз ішінен бұндай пунктіні естімеппін. Әрине, бұл жайт білім алуды қажетсіз нәрсе етеді демеймін. Бұл жерде исламтанушының ең маңызды парыз дегеніне таң болып отырмын. Ең үлкен күнә деп көрсеткен нәрсесі де біртүрлілеу екен. Ең үлкен күнә Құдайға серік қосу емес пе еді? Осы уақытқа шейін мен басқа ағымның жетегінде жүргендерді тыңдап, солардың материалдарын оқып келгенмін бе, әлде исламтанушы өртеп отыр ма? Егер біріншісі болса, онда ҚМДБ адасып жүр ме?

Айдар Әбуов — философия ғылымың докторы, профессор
Бұл, ең біріншіден, мемлекеттің әртүрлі этникалық және конфессиялық ерекшеліктерге ие азаматтардың ортақ білім алуына жағдай жасау қажеттілігінен туындайды. Егер мемлекет белгілі бір діннің мүддесіне басымдық берер болса мұндай жағдай басқа конфессияларды ұстанушыларға әділетсіздік болар еді. Ал екінші жағдайда, яғни барлық конфессия өкілдеріне білім беру мекемелерінде киімге қатысты толық таңдау беріліп, еркін форма ұсынылатын жағдайда әрбір конфессия өкілдері өздерінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетуге тырысып, оқушылар арасында қайшылықтықты қарым-қатынас орын алған болар еді. Мектеп формасына қатысты бекітілген жаңа талаптарға жекелеген діндар азаматтардың біржақты сыни пікір танытуы көрініс беруде. Мұндай сыңаржақ көзқарас ұстануды қате деп санаймын, өйткені әрбір діндар азамат өзінің діни сеніміне барынша құрметпен қарайтын мемлекеттік органның ұстанымдарына түсіністік танытып, өз бойындағы рухани-адамгершілік қағидаттарды жетілдіруге және толық білім алуға талпынуы тиіс. Ең бастысы, бұл талаптар мектеп оқушыларына ғана қойылып отырғанын ескеруіміз қажет

Мектеп үлгісіне сай киініп, тек орамл ғана тақса, оның паранжа, хиджаб, ниқаб емес екенін айтып кеттім. Келесі ойларын қарастырсақ.
Әртүрлі этностар мен конфессиялар туралы сөз қозғаған кезде, ең алдымен мынаны естен шығармаған абзал. Қазақстан Республикасы адам тұрмайтын иесіз елсіз территорияға әртүрлі ұлттардың келуі арқылы құрылған жоқ. Бұл жерді қазақтар иелік етті, мемлекет құраушы ұлт – қазақтар. Тарихи тұрғыда қазақтар батыс әлемінің емес, ислам әлемінің бөлігі болып келді. Күллі қазақ хандарының толық есімдерінің мұсылманша болғаны, тілімізде араб сөздерінің көптігі, жалпы мұсылман дінін ұстануымыз осының айғағы. Батыстың бірқатар зайырлы мемлекеттерінде мектептегі орамалға тыйым жоқ екнін жоғарыда айтып кеттім, дегенмен Франция сияқты кейбір елдер тыйым салды. Оның бұл әрекетін ұнатпағандар тек ислам әлемі өкілдері ғана емес, сол батыс әлемінің өкілдері де онысын құқықбұзушылық деп айыптады. Дегенмен француз билігі бұл әрекетін былай дәйектеді: Франция тарихи тұрғыдан европалық, христиан әлемінің бөлігі екнін айтып, өз құндылықтарын алға тартты. Көршілес Ресей де зайырлы мемлекет, бірақ тарихи тұрғыдан ислам әлеміне жататын Ресейдің Шешенстанында ешкім орамалмен күресіп жатқан жоқ. Өйткені сол өңірдің спецификасы ескерілген. Бұны не үшін айтып отырмын, әртүрлі конфессия мен ұлттар туралы айтқан кезде бұл елдің иесі қазақтар екенін естен шығармаған жөн. Мысалы, біздің мешіттерде азан дауыстап оқылады. Азанның үнін естігенде жыны қозатын кейбіреулер осы үшін шағымданды. Олардың шағымы неліктен қанағаттандырылмады деп ойлайсыз?