You'll Never Walk Alone(қазақша аударма)


You'll Never Walk Alone! Бұл әнді 45 мыңдық Энфилд жылына кем дегенде 19 рет шырқайды. Себебі ол Ливерпуль ФК жанкүйерлерінің әнұраны. Одан бөлек, Боруссия Дортмунд, Селтик сияқты басқа да көптеген командалардың ареналары өздерінше айтып жатады. Бірақ Энфилдтің шырқағанына ештеңе жетпейді. Оған бүгін Ливерпуль vs Боруссия Дортмунд мачы кезінде, қысқаша айтқанда Эль, Клоппикода куә бола аласыздар.

Ал әзірше осы әннің мағынасына үңіліп көрейік. Шамамша аударып бақтым.

Дауылға қарсы жүргенде,
Басыңды ұста биік.
Қорықпағайсың түнектен.
Сол дауыл бітер жерде,
Алтын аспан тұрады сүйіп.
Бозторғай үні шырқап жүректе.

Дауылға да,
Жауынға да қарамай.
Арманың алдамшы болса да,
Тек тосылып қалма.
Самға. Самға.

Дауылға қарсы жүргенде,
Басыңды ұста биік.
Қорықпағайсың түнектен.
Сол дауыл бітер жерде,
Алтын аспан тұрады сүйіп.
Бозторғай үні шырқап жүректе.

Дауылға да,
Жауынға да қарамай.
Арманың алдамшы болса да,
Тек тосылып қалма.
Самға. Самға үмітпен.
Үмітің өшпесе жүректе,
Жалғызсырай қоймассың тірлікте.
Ешқашан жалғыз болмайсың,
Ешқашан жалғыз қалмайсың!

Ағылшынша нұсқасы:

Теги: Гимны
You'll never walk alone
Увеличить шрифт Уменьшить шрифт
Ты никогда не будешь одинок на своем пути
When you walk through a storm
Hold your head up high
And don't be afraid of the dark
At the end of the storm
Is a golden sky
And the sweet silver song of a lark
Walk on through the wind
Walk on through the rain
Though your dreams be tossed
And blown
Walk on
Walk on
With hope in your heart
And you'll never walk alone
You'll never walk alone

Блог - FaraOn1: You'll Never Walk Alone(қазақша аударма)

ПыСы:
Бөлісу:

6 пікір

FaraOn1
айтпақшы ана видеодан кейін камбэктің королі Реал деп қалай ғана айтасыңдар?
Sebastian
Камбэк бола ма енді? 30-минут, есеп 0:2
FaraOn1
Басқа не болушы еді!)
shota2030
Видеосын қазақша субтитрлап таста!
Sebastian
1:1 тең болады дегенге соңғы 856 долларымды тіктім. Пенальтидан кім ұтса да бәрібір. Ливерпуль ұтсын осы посттың авторы үшін
FaraOn1
Көршіңізден қарыз алып Ливерпуль 1.5 большеге тігіңіз. Ақшаңызды қайтарып аласыз. Камбэк!