Кәрі қыз: ол кім?

Блог - kozildirik: Кәрі қыз: ол кім?

— Әйелсіз еркек өмір сүре алмайды!
— Қойшы, әйел болмаса қыздармен өмір сүре беруге болады…
(Құрдастар қалжыңынан)

— Еркексіз әйел сусыз балық сияқты!
-Қой, қарағым, алпысқа келгенше еркекке сүйеніп көрген жоқпын!
— Апа, кепкен балыққа сөз берген жоқпыз…
(Тойдағы арзан тамаданың анекдоты)


Астанаға алғаш келгенде екі көзқарас пайда болды. Біріншісі, Астана ол ұшатын пакеттер қаласы. Екіншісі, Астана кәрі қыздар Отаны. Басын тік көтеріп, «Еркекке сенгенше екі босағаңа сен!» деген ұранды ұстанып үйінде он мысық асырап отырған замандастар ренжімесін (ренжісе бай тауып алсын), бірақ қатын-балаңды ертіп қыдыруға барсаң да, құрдастарыңмен бір екі шөлмек сыра ішуге кірсең де барлық жерде толып отырған кәрі қыздар. Басында күле қарап едім, "Әйел бақытында" жұмыс істеген тәжірибе босқа кетпей, олардың көзқарасын оқи алатын сияқты болып көріндім. Кім ол кәрі қыз деген? Меніңше олар келесі категориядан құралады:

Блог - kozildirik: Кәрі қыз: ол кім?1. Карьера қуғандар.

Мектеп, институт, магистратура, докторантура, жұмыс, пәтер, көлік… «Опа, лібә жасым отыздан асып кетіпті ғой!», «Не маған кішкене балалар ғашық болады?». Олардың сылтауы «Нормально еркек жоқ!». Негізі кешігіп қалған өздері, нормально еркектер бар, бірақ олар бос емес. Олар қатындарын базарға жіберіп, өздері үйде бала бағып отыр. Енді не істеу керек? Құрбылары таныстыру операцияларын ұйымдастыра бастайды, бірақ ешқайсы оның интеллектуалдық һәм әлеуметтік статусына сәйкес келмегендіктен ұнамайды. Амал жоқ жасы кіші бойдақтардың отырыстарында алғашқы тост айтып, соңынан бата беріп жақсы күнді асыға күтеді. Тұрмысқа шығу мүмкіндігі өте төмен. Оны жоғарылату үшін болашақ күйеуіне қойылатын талаптарды төмендету керек.

Блог - kozildirik: Кәрі қыз: ол кім?2. Үйкүшіктер.

Олар ұялшақ. Негізі жас кезінде ғашық жігіттер болды, бірақ олар кездесуге ұялды, кездессе қолынан ұстауға ұялды, қолынан ұстаса сүйісуге ұялды. Сүйісуден де ары қарай жанға жағымды процестер болатын ойлауға тіптен ұялды. Сосын қазір жасын айтуға ұялады. Енді үйде отырып қазір алтыншы қабаттың терезесінен ақбозат мінген ханзада сығалайтындай күтіп отыр. Әдетте олар таныстыру операциясының нәтижесінде өз сияқты «отырып қалған» ұялшақ жігіттерге тұрмысқа шығады. Байға тию мүмкіндігі орташа. Барлығы құрбыларының пысықтығына байланысты.

Блог - kozildirik: Кәрі қыз: ол кім?3. Іскер әйел.

Оның ойынша барлық еркек арамтамақ, барлық шешімді тек әйел қабылдау керек. Былайша айтқанда альфа-самка. Олар бірінші кездесуде қай кафеге бару мен қай столға отырудан бастап, алғаш рет көріп отырған жігіттің киімін талдап, ертеңнен бастап қалай киіну туралы кеңес, а, жоқ, кеңес емес, талап қояды. Өзін жас санайды, сондықтан тұрмысқа шығуға асықпайды. Бұл идейный кәрі қыздар. Түбінде айтқанына көнетін подкаблучникке тұрмысқа шығ..., жоқ үйленеді.

4. Қиялилар.
Блог - kozildirik: Кәрі қыз: ол кім?
Ия, ия, фантазиясы өте қатты дамыған қыздардың қиялында өзі образын жасап алған жігіттері болады. Олар соны күтеді. Армандайды. Барлық қызығын солар үшін сақтайды. Ең арзан сыраханада екідүзтеңгелік шымкент сырасын сораптап отырып шығу тегі күмәнді жігіттердің арасынан көзін сүзе қиялдағы ханзада іздеп отыратын солар. Екі ұрттам қоймалжыңыны екімың тұратын кофейняда отырып сұқтана қраған жанарды сезсеңіз де сондай қиялилардың бірі болуы мүмкін. Тұрмысқа шығу мүмкіндігі өте төмен. Шықса да бір сөзі майда, душевно әңгімелесетін алқашқа тиіп кетеді.

Блог - kozildirik: Кәрі қыз: ол кім?5. Пессимистер.

Оларға өмірі ештеңе ұнамайды. Жігіттер соның ішінде. Егер дүкенде кір жуатын поршокты барлығын иіскеп көріп ең арзанын алатын, сатушы сылбыр сияқты көрініп барлығымен ұрыс шығаратын қызды көрсеңіз кәрі қыз екеніне 90 пайыз сенімді бола беріңіз. Оларға тіпті өздері де ұнамайды. Бір жігітпен танысып, оның көзге ұрып тұрған қораштығы жоқ екендігіне көздері жеткен кезде өзін уродка санап комплексі ояна бастайды. Тұрмысқа шығу мүмкіндігі төмен. Ата анасы таныстырып, солардың бағыт беруімен бағы ашылып кетуі мүмкін.

Блог - kozildirik: Кәрі қыз: ол кім?6. Қорқақтар.

Атына заты сай. Қорқады. Еркек атаулы маньяк сияқты көрініп қорқады. Алғашқы неке түнінен қорқады. Бала табудан қорқады. Жауапкершілікті алудан қорқады. Алданып басқа біреуге тиіп кетуден қорқады. Бірақ олар отыздаың ар жақ, бер жағында аяқ астынан ойламаған адамға күйеуге тиіп кетеді. Себебі кәрі қыз деген атақтан да қорқады.

Блог - kozildirik: Кәрі қыз: ол кім?7. Пофигистер.

Уот, оларға бәрібір. Күйеуі бар ма, жоқ па. Кәрі қыз болып қалды ма, жоқ па. Біреулер сыртынан өсектеп жатыр ма. Пофиг. Олар өзінен бес жас кіші немесе он жас үлкен жігітке тие салуы мүмкін. Себебі оларға пофиг.

Және де барлық кәрі қыздарға тән нәрсе, олар әлеуметтік желіде отырып күйеуге кеш тиюдің пайдасы, жалпы әйел адамға карьера да керек екендігі, егндерлік саясат туралы әңгімені жасырын, ашық қолдап жазып отырады. Бірақ феминизм алғашқы нормально еркекке дейін ғана емес пе…
Бөлісу:

23 пікір

DinaAbdigalieva
Жалпы, kozildirik, дұрыс диагноздар қойды))
MERmukhanov
щеглихамын деп көсіле беруцге болад дә саған? :D :D
ken
Кейбір фотоларды әлеуметтік желілердегі парақшалардан алғансың ба? Өздерін көріп қап шағымданып жүрмесін.
nazamat
Енді үйленбей жүрген жігіттер туралы жазылса дейсің.
solnce
адамдардың неше түрлі тағдырын 7-ақ типке бөліп тастадыңыз ба сонда? :% ана 7 қыз келіп быт-шытыңызды шығарғанын тілеп отырмын, если честно)
nazamat
Демек, Күнсұлу ханым болдыңыз ғой? ;)
solnce
ол кім? кәрі қыз ба?
kozildirik
Неге ашуландың? Сен де кәрі қыздардың бірісің бе?
solnce
сен? переход на личность? хмм. культур-мультурды басқа жерден іздеу керек сияқты( :Y
kozildirik
Хм… Осы жерден культур іздеп? Пхахаха)))
patick
Екінші пунктке сәйкес келетін қызды танимын. Күйеуге тигісі келеді, қатты-қатты. Бірақ үйінен шықпайды. Жас болса 35-тен асып кетті. Mamba.ru-дың тұрақты қолданушысы, бірақ нәтиже жоқ.
Adiletshu
Отырған қыз орнын табады деген рас екен. 76 жылғы қыздың тойында болғанмын
Basic
Суреттері өрт. Мәтіні су. Афтор өзін әйел психологиясын жақсы білетін еркек екеніне сендіргісі келеді. Тіпті жақсы-ақ тырысып жүр. Но увы и ах…
kozildirik
Апа, кепкен балыққа сөз берген жоқпыз…
*lol**lol**lol*
merekeee
«Ең болмаса әтештің раскраскасын бояп көрсеңдер нетті» депті :)
Sashok
Мынаны жазыб отқанның қыз-қатынға өкпесі зор екен. Жалпы бұтағы бар адамға бұндай нәрсені жазу — западло.
bazuka
Пофигистпін *lol**lol**lol*
Daniar-Alan
Тақырып тауып берейін ба?
«Кәрі қыз тұрмысқа шыққаннан кейін»
rauka
попигис болу керек екен бәрінен де))))))))